Тұйық заттардан болған жарақаттар

Тұйық және доғал заттардан жарақат

Тұйық жарақат дегеніміз — жарақаттаған жолы едәуір үлкен болғанымен, шыққан саңылауы жоқ жарақаттарды атайды.

Доғал заттармен салынатын жарақаттар. Сот медицина тәжірибесінде алуан түрлі доғал заттармен зақымдау жиі, ал доғал қарумен зақымдау сирегірек кездеседі. Қарусыз адам жасайтын жарақаттар көбінесе доғал заттармен салынатын жарақаттар сипатында болады. Жүріп келе жатқан көліктен, машиналардың жүріп немесе айналып тұрған бөлшектерінен болатын, сондай-ақ ауыр заттар немесе жазық жерде құлағанда болатын жарақаттар жатады. Өндіріс және спорт жарақаттарын да осы топқа жатқызуға болады.

Адам денесінде жара пайда болуына әкеп соғатын зақымдағыш заттардың әсерінен болатын процесс жарақат салу механизмі деп аталады. Жабық жарақат жағдайында оның негізінен төрт механизмі:
соғу, жаншу, созылу және қажау механизмдері болады.

Соғу. Қозғалып келе жатқан зат пен адам денесінің біршама қысқа уақытта соғылысатын кезінде кенеттен болатын қатты итеріліс соққы деп аталады. Зат пен дене жанасқан жерде алуан түрлі жарақат пайда болады, олардың сипаты соққы күшімен және оның бағытымен (тура немесе басқаша бір бұрыш жасап соғылу), соққы жасаған аумақтың пішінімен және көлемімен, киім-кешек пен басқа да жамылғының болуымен және олардың ерекшелігімен, дененің зақымдалған бөлігінің анатомиялық құрылысымен және т.б факторлармен анықталады. Соққы қатты болмаған жағдайда тырналу немесе қанталап кету орын алады. Ал қатты соғу жара, сүйектердің сынуына алып келеді.

Тұйық затпен соғылған жарақаттар. Қозғалып келе жатқан зат пен адам денесінің біршама қысқа уақытта соғылысатын кезінде кенеттен болатын қатты итеріліс соққы деп аталады. Зат пен дене жанасқан жерде алуан түрлі жарақат пайда болады, олардың сипаты соққы күшімен және оның бағытымен (тура немесе басқаша бір бұрыш жасап соғылу), соққы жасаған аумақтың пішінімен және көлемімен, киім-кешек пен басқа да жамылғының болуымен және олардың ерекшелігімен, дененің зақымдалған бөлігінің анатомиялық құрылысымен және т.б факторлармен анықталады. Соққы қатты болмаған жағдайда тырналу немесе қанталап кету орын алады. Ал қатты соғу жара, сүйектердің сынуына алып келеді.

Сырттан соғылатын доғал заттардың мынандай түрлері бар:

  • Үлкен жалпақ зат (тақтай, тақтатас)
  • Бетінің ерекше сипаты бар үлкен зат (кір тас, домалақ тас)
  • Цилиндр тәрізді зат (ұзын және көлденеңі енсіз заттар-таяқ, сүймен, жұмыр білік)
  • Бұдыр қырлары бар ұзын зат-ұзын және көлденең кескенде үш және төрт бұрышты бәлік, қайрақ тас
  • Қыры бар шағын көлемді зат-балға, балтаның желкесі, білік кесіндісі.
  • Қырлы зат-үтіктің , кірпіштің, қайрақтың

Доғал заттармен салынатын жарақаттардың ерекшеліктер

  • Беті жалпақ, ауқымды доғал затпен соққан жағдайда жара түсуі біршама сирек кездеседі. Әдетте қанталап кетуі мүмкін. Бастан қатты соққан кезде түрлі тік сызық, доға тәрізді, қисық, жұлдыз тәрізді кейде ағаш бұтақтары тәрізді жарақат салынады.
  • Бетінің ерекше сипаты бар улкен затпен соққы жасап түсірілген жарақаттар көбінесе 3, 4, 5 жарық саңылауы бар жұлдыз сияқты болады.
  • Цилиндр тәрізді затпен бастан қатты ұрғанда жігі әртүрлі тік және иілген жаралар салынуына әкеп соғады. Олардың жиектері тегіс болмайды.
  • Бұдырлы заттың қырымен жасалған соққы соғылған жара туғызады, оны шабылған немесе кесілген жарақатқа ұқсатады. Бұл жаралар түзу, ал үңірейіп тұрғанда ұршық тәрізді.
  • Бас сүйекке қырлы заттың қырынан көбінесе ішке қарай кіріп тұратын жарық салынады, ал соққы қатты болса жарық ойылып, үңірейіп қалады.
  • Доғал қырлы шағын заттардан-балғадан, балтаның желкесінен-түсетін жарақаттың пішіні заттың қандай бөлігімен және қаншалықты қисайта соғылып, жарақат салынатынына байланысты. Егер соққы тура жасалса дөңгелек, сопақ, төрт бұрышты, тік бұрышты жарақат тісуі және оның қанталап кетуі мумкін. Егер кисайта жасалса жұлдыз тәрізді жарақат болады.

Соққыдан шайқалу. Бет жағы жалпақ затпен едәуір қатты күшпен соққан жағдайда тікелей әсер етілген жерге зақым келтірілумен бірге бүкіл дене немесе оның бөліктері де шайқалып, орнынан лықсып кетеді. Бұл орайда негізінен ішкі мүшелер зақымдалады. Ішкі мүшелердің жеңіл дәрежеде шайқалып-лықсуы әдетте елеулі анатомиялық өзгерістер туғызбайды. Бірақ олардың қызыметі бұзылады.

Тұйық заттардан жарақат

Тұйық және доғал заттардан жарақаттар, соққылар күнделікті өмірде жиі кездеседі

Соққы әсерінен бас ми зақымдалуы: Бас ми зақымдалуын ашық және жабық жарақаттар деп бөлеміз.
Жабық бас ми зақымдалуы кезінде бас сүйегінің бүтіндігі бұзылмайды, жұмсақ тіндердің жарақаттары болуы мүмкін апоневроздың зақымдалуынсыз. Негізгі түрлері зақымдалу дәрежесіне байланысты:

  • Жеңіл
  • Орташа
  • Ауыр

Ми шайқалу. Зақымдалудың ерекше түрі, ол жарақаттың және ол туғызған барынша тежелудің салдарынан орталық нерв жүйесінің қызыметі бұзылуы кезінде болады. Тамыр соғуының бұзылуынан, қан тамырлардың парезіне, көк тамырдың тоқырауына, бас сүйек ішіндегі қысымның артуына мән береміз. Зақымдалуың жеңілдеу түрі. Сүйектердің сынуы байқалмады. Невралогиялық симптоматика 3-7 кунде жөнделеді, ал жалпы жағдайлары 2 аптада қалпына келеді.

Жаншылу. Соққыдан айырмашылығы жаншылу жағдайында адам денесінде қарама-қарсы екі жақтан әсер ететін екі күш түсу керек. Көбіне олардың бірі жаныштайтын бағытта қозғалып, екінші жағы қозғалмайды. Кейде жаншылу қозғалыс үстіндегі екі заттың арасында болады. Жаншылу көлік жарақаттары механизмдерінің бірі. Жалпақ та ауыр заттар жаныштаған кезде терінің бет жағында жарақат болмайды аздап қана зақымданады. Тек кейде терінің сүйек сынықтарымен жарақаттанғаны ,сондай ақ жанышқан зат тікелей әсер еткен жерде немесе аулақтау –сүйек шығыңқы тұратын жерде басқа бір механизм –созылу орын алады.

Созылу. Зақымданудың бұл механизмі мәні жөнінен жаныштауға қарама қарсы. Созылу жағдайында адам денесіне қатынасы жөнінен күш әсері орталықтан тарайды. Созылу кезінде ең сипатты зақымдар жырымдалған жаралар мен дене бөлімшелерінің жұлынуы болып табылады.

Үйкелу. Егер жарақаттайтын зат адамның денесіне жанасып, оған тиіп қозғалса немеқсе, керісінше, дене әлдебір заттың бетімен сырғанаса, үйкелістің зақымдалуы пайда болады. Үйкелістен дененің беткі жағы жараланады, тырналады, жарақат терең болмайды, кейде терісі сырылады.

Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшелігі болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Сот-медицина травматологиясының негізгі міндеттерінің бірі-зақымдардың сипаты негізінде жарақат салынғандағы құралды анықтау. Әсіресе әр түрлі доғал заттармен немесе құлау салдарынан соғылып жарақаттанған жағдайларда зақымдалудың себебі мен қалай болғанын анықтау өте қиын. Сондықтан соққы күші мен шапшаңдық мөлшерін қолдана отырып, дененің эксперименталдық зақымдануын зерттеу мен алынған зақымдардың морфологиясын кейіннен зерттеудің маңызы зор.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...