Тиреотоксикалық аденома

Тиреотоксикалық аденома

Тиреотоксикалық аденома (Пламмер ауруы) – гипертиреоидты жағдай, ТТГ деңгейіне байланыссыз, қанда тиреоидты гормондардың Т3 және Т4 жоғарылауымен жүретін және қалқанша безінің қызметін жоғарылататын автономды аденома ( сирек бірнеше аденома) қызметімен байланысты. Тиреоиды гормон (Т3 пен Т4) секрециясының белсендірілуі аденома ішінде болады (тиреоидты жасушада G — протеин мутациясымен байланысты). Т3 пен Т4 жоғарылауы, гипофиздегі ТТГ гормон деңгейін тежейді. Қалқанша безінің аденомадан бөлек сау тіні ТТГ-мен белсендірілмейді және оның қызметі баяу түрде жойылады.

Эпидемиология: Ауру кез келген жастағы әйелдерде 3-5 есе жиі (шамалы есеппен 40-60 жас), әсіресе йод тапшылығы бар аймақтарда тұратын адамдарда кездеседі. (эндемиялық зоб аумағы) Токсикалық аденома балаларда да жиі кездеседі.

Тиротоксикалық аденома, әдетте, шағын мөлшерде (диаметрі шамамен 2-2,5 см), ал жалғыз эутиреоидты түйін әрқашан үлкен мөлшерде (диаметрі 4-5 см) болады. Тиреотоксикалық аденоманың қызметінің ерекшелігі, ТТГ секрециясына байланыссыз тиреоидты гормондардың автономды көп мөлшерде бөлінуі. Аденоманың мұндай автотономияға ие болу механизмі толық түсінікті емес. Аденомалардың автономды қызметінің жоғарылау қабілеті ТТГ рецепторлары мутациясына байланысты екені соңғы зерттеулерде көрсетілген. J.Parma және т.б авт. (1993) С-терминальды рецепторының домені мен 7 трансмембраналық фрагменттерін кодтайтын, 11 автономды функциялық аденомалардың ішінен 9-ы ТТГ рецепторының 10-шы экзонды генде қалқанша безінің мутациясы анықталған. Көрсетілген мутациялардың екеуі ТТГ рецепторы генінің аланин 623 локализациясы аймағында анықталды. Бұндай “мутантты” рецептор қалыпты механизмде аденилатциклаза мен цАМФ жиналуын белсендіреді, бірақ фосфолипаза С-ның қалыпты қызметін жоғалтады және оған сәйкес гидролиз фосфатидид инозитол 4,5-бифосфат қызметі төмендейді. Зерттеулерде көрсетілгендей ТТГ қалыпты (“жабайы немесе табиғи”) рецепторын ағзаның басқа жасушаларына қондырғанда — трансфекция (ауыстыру) ТТГ болмаса да, цАМФ-тың жиналуы байқалады. Бұл мәліметтер қалқанша без аденомасының автономдық қызметін түсіндіреді. Қазіргі уақытта ТТГ (S.Dremier және т.б авт., 1996) рецепторының 26 белсенді мутациялары 19 әр түрлі аймақта анықталған. 22 автономды гиперфункциялы аденома ішінен 18 аденома зерттеліп, барлық мутациялардың себебі автономды гиперсекреция мен тиреотоксикоз екені анықталды. Қалқанша безінің бөлек түйіндерінің автономды қызметі генетикалық емес және тұқымқуалаушы (эпигенетикалық ) механизміне байланысты, сонымен қоса паракринді және аутокринді регуляторлы процесстерге байланысты. Токсикалық аденоманың дамуы үшін және оның автономды қызметі үшін 3-8 жыл қажет екені анықталған. Гистологиялық алынып тастаған аденома гиперплазданған эпителиі бар (фолликулярлы аденома) кіші фолликулдар жинағынан тұрады және ешқашан малигнизацияға ұшырамайды.

Клиника: Тиротоксикалық аденоманың клиникасы диффузды токсикалық жемсаумен бірдей (дене салмағының төмендеуі, ентігу, жүрек қағу, ыстықты көтере алмау), тек айқын симптомдары жүрек-қантамыр жүйесі зақымдалуы мен миопатиялар байқалмады. Кейбір жағдайларда егде жастағы әйелдерде негізгі шағымдары жүрек қағу, синусты тахикардия және жыпылықты аритмия, ентігу, бұлшық ет әлсіздігі, ұйқышылдық болады. Тиротоксикоз кезінде көзде өзгерістер болуы мүмкін, бірақ офтальмопатия ешқашан кездеспейді.

Диагностика: Тексеру кезінде қалқанша безінің бүйір бөліктерінде түйін пальпацияланады, бездің басқа бөліктері пальпацияланбайды.

Лабораторлы зерттеулерде көбінесе қан сарысуында Т3 жоғары, Т4 қалыпты немесе жоғары болады. Кейбір аденомалар гормональды белсенді емес йодопротеиндерді секреттейді, соған байланысты ақуыз байланысқан йод мөлшері жоғарылауы мүмкін. Тиреотоксикалық аденомамен ауыратын науқастарда тиреоидстимулидеуші антиденелер табылмайды. Радиойоддиагностика, әсіресе қалқанша безді сканирлеу, радиоактивті йодты көп жұтатын аймақтарды табуға көмектеседі («ыстық түйін»). Гипофизде ТТГ секрециясының тежелуіне байланысты, радиоактивті йодты қалқанша бездің басқа аймақтармен сіңіруі бірден төмендеуі немесе мүлдем болмауы мүмкін. Қалқанша безін ультрадыбысты зерттеу кезінде түйінде қан айналымы жоғарылағанын (20 мм/с артық) көреміз. Т3 гормонын тежеу немесе тиролиберин пробалары теріс болады, ол қалқанша бездің автономды қызметін көрсетеді.

Емі: Аденома мөлшері үлкен болса 6 см-ден артық хирургиялық ем, егер 2 см-ге дейін болса, спирттік деструкция әдісі қолданылады. Тиреотоксикоздың ауыр түрінде операцияға дейін тиростатикалық терапия жүргізіледі. Жеке жағдайларда (40 жастан асқан науқастарда) радиоактивті йод терапиясы қолданады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...