Климактериялық синдром (КС)

Климактериялық синдром (КС)

Қалыпты климактериялық кезеңді асқындыратын симптомокомплекс. Оның үдемелі салмағы 26-48 %

Этиологиялық факторлар:

  • тұрмыс жағдайының нашар, ауыр болуы;
  • неврологиялық аурулар, стресстер;
  • бас сауытының жарақаттары, нейроинфекция;
  • пубертатты немесе ересек жаста репродуктивті қызметінің бұзылыстары;
  • экстрагенитальды аурулар  (ГБ, атеросклероз, қант диабеті, асқорыту жүйесінің аурулары, генетикалық аурулар).

Даму себептері: Даму негізінде гипоталамо-гипофизарлы-бүйрек үсті безі жүйелерінің функционалдық жетіспеушілігі жатыр, әйел организмінің биогенді аминдердің деңгейі өзгеріп, жасқа байланысты өтіп жатқан инволютивті процесстерге организм бей адективті жауап береді. Ал биогенді аминдер ОЖЖ нейротрансмиттерлі қызмет атқарады, климактериялық кезеңде оның деңгейінің өзгеруі қартайып жатқан механизмдердің адаптациясын бұзады. Бұл адаптация ауруы.

Климактериялық синдром клиникалық көрінісіне байланысты жіктелуі:

Жеңіл түрі. Бұл аурудың түрінде вегето-тамырлық симптоматика басым болады: басқа, бетке, кеуде қуысының жоғарғы бөлігіне құйылулар болады, олардың саны тәулігіне 10 рет.

Орташа түрі. Аурудың орташа түрінде вегето-тамырлық симптомдармен бірге, жүйке-психикалық симптомдар пайда болады:

  • құюлулар күніне 10-20 рет;
  • терісі қызарады, гипергидроз;
  • жүректің қатты қағуы, тахикардия, жүрек аймағының ауыруы байқалады,
  • әйел қозғыш, жылаңқы, шаршағыш болыр келеді;
  • әйелдің жұмысқа қабілеті төмендедйді.

Ауыр түрі

  • құйылулар күніне 20 реттен асады;
  • вегето-тамырлық, психоэмоционалдық, эндокринді зат алмасулық симптомдар орын алады;
  • әйел жұмысқа қабілетін толығымен жоғалтады.

Аурудың ұзақтығына байланысты

  • Бастапқы (лабилді): бұл саты жеңіл өтеді, 6 айдан 2 жылға дейін созылады.
  • Кешкі (инертті): бұл сатысы ауру басталғаннан 2-3 жылдан кейін басталып,  ұзақтығы  5-6 жылдан 10-15 жылға дейін, бұл сатыда ауыр психо-эмоционалды және жүрек қан тамыр  көріністері байқалады

Симптомдардың пайда болу уақытына байланысты

Ерте уақытты симптомдар

  • вазомоторлы симптомдар:
  • құйылулар, қалтырау, тершеңдік;
  • бас ауру, гипотония, жүректің қатты соғысы;
  • эмоционалды-психикалық:
  • қозғыштық немесе ұйқышылдық;
  • әлсіздік, депрессия, ұмытшақтық.

Орташа уақытты симптомдар

  • урогениталды-қынаптың кеуіп кетуі;
  • диспареурия,
  • цисталгия-зәрдің ұстамай қалуы;
  • шаштардың түсіп қалуы;
  • бетте әжімдер пайда болуы.

Кеш симптомдар

  • жүрек- қан тамыр аурулары;
  • остеопороз;
  • Альцгеймер ауруы.

Емі:

1 этап

  • еңбек және дем алу режимін сақтау, витаминге бай тамақтану;
  • емдік гимнастика, гидропроцедуралар;
  • физиотерапия.

2 этап. гормоналды емес емдік дәрілік терапия – тазепам, френолон, обзидан, стугерон.

3 этап. гормоналды терапия: климактериялық кезеңнің фазасын және гормоналды статусты ескере отырып орынбасушы терапия тағайындау.

Ұқсас материал: Климактериялық синдром. Климакс

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...