Белдемелі герпес

Белдемелі герпес

Белдемелі герпес (опоясывающий лищай, herpes zoster) – тері жабындылары мен орталық жүйке жүйесінің бойындағы теріні зақымдайтын, желшешекпен этиологиялық және патогенетикалық жағынан ұқсас болып келетін вирусты инфекция. Герпес вирустар тұқымдастығымен шақырылатын жұқпалы аурулар тобы. Герпес вирусы аса кең тараған ауру. 15 жасқа келгенше адамдардың 70-90% герпес вирустың 8 маңызды түрлерімен инфицирленген болып келеді. Ол вирусық табиғаттағы жұқпалы аурулар қатарына жатады. Денедегі вирустың қайта белсенуімен, жалпы уланумен және сезгіш нервтердің бойына орналасқан ұсақ көпіршіктердің пайда болуымен, невралгиямен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Белдемелі герпес иммундық тапшылығы бар орта жастағы кісілерде жиі кездеседі.

Қоздырғышы – Varicella zoster, вирус желшешек қоздырғышы. Белдемелі герпес үш клиникалық белгілерімен көрініс береді (триада):

  • Жалпы жұқпалы ауруларға тән белгілер
  • Экзантема
  • ОЖЖ зақымдалуымен жүретін неврологиялық бұзылыстар.

Этиологиясы: Белдемелі герпестің қозырғышы, Herpesviridae тұқымдастығына жататын ДНК-сы бар вирустың 3-ші типі. Оның диаметрі 120-200 нм. Көптеген Herpesviridae тұқымдастығына жататын вирустар тәрізді сыртқы ортаға сезімтал болып келеді , залалсыздандырушы ертінділер мен ультракүлгін сәулесінде, жоғарғы температурада тез жойылады. Төменгі температурада ұзақ уақыт сақталуға қабілетті.

Қазіргі таңда герпес вирусының 8 антигенді серотиптері анықталған:

  • Жай герпес І-ІІ типі.
  • Желшешек вирусы – орама герпес ІІІ типі.
  • Эпштейн — Барр вирусы 4 типі.
  • Цитомегаловирус 5 типі.
  • Герпес вирусы 6, 7, 8 типі.

Эпидемиологиясы: Жұғуы ауа — тамшылы жолмен жүреді. Белдемелі герпес көп жағдайда спора түзіп, жылдың суық мезгілінде аурушаңдылықты жоғарылатады. Ол көп жағдайда желшешекпен ауырған балаларда (ересектер мен үлкен балалар), және ағзаның қорғаныс қабілеті төмендегенде дамиды. Желшешекпен ауырмаған балалар белдемелі герпесті жұқтырған болса, оларда желшешектің клиникалық көріністері байқалады. БДҰ-ның мәліметтері бойынша инфекциялық аурулардың ішінде тұмаудан кейін екінші орын алады. ТМД көлемінде 22 млн адам осы аурудан зардап шегеді. Өйткені бұл ауруға иммунитет жоқ. Кейбір мәліметтер бойынша 5 жасқа дейін балалардың 60%-ы, ал 15 жасқа дейін 90% балалар мен жасөспірімдер инфицирленеді.

Патогенез: Белдемелі герпес желшешекпен ауырғандарда екіншілік эндогендік инфекция ретінде дамиды, оның басты себебі қоздырғыштың организмде ұзақ уақыт жасырын түрде сақталып (бірнеше айдан ондаған жылға дейін), әр түрлі факторлардың әсерінен реактивациялануы. Көбінесе жұлынның жүйке талшықтары мен ОЖЖ- нің нерв талшықтарында сақталады. Вирустың реактивациясы иммунитет төмендегенде, (әсіресе клеткалық иммунитет) және басқа факторлардың әсерінен жүреді:

  • Стресстік жағдайлар
  • Физикалық жарақаттар
  • Суық тию
  • Жұқпалы аурулар

Онкологиялық және гематологиялық аурулармен ауыратын науқастарда, сәулелі терапия мен химиотерапия және гормондар қабылдайтын науқастарда белдемелі герпеспен ауру қаупі жоғары болып табылады. Вирус жұлын түйінінің артқы қыртысын, омыртқа аралық ганглиді (кеуде және бел омыртқасы), бас миы нервтерін зақымдайды. Белдемелі герпестің патогенезінің желшешектен ерекшелігі ол қоздырғыштың эпителиотропты емес нейротроптылығында. Патологиялық процесске ішкі мүшелер де қатысуы мүмкін.

Клиникасы: Герпес вирустардың I және II типімен шақырылған герпетикалық инфекция тері және шырышты қабаттардың, ОЖЖ, көз, иммунодефициты бар науқастарда ішкі мүшелердің бұзылыстарымен көрінетін инфекциялық ауру. Қарапайым герпестің вирусы жүктіліктің қандай да бір патологиясының, ауыр босанудың және нәрестеде генерализденген инфекцияның, жатырішілік өлімнің немесе аборттың себебі болуы мүмкін. Көп адамдар өмір бойы вирус тасымалдаушы болып өтеді. 85-99% жағдайда ауру симптомсыз өтуі мүмкін. Қазір генитальды герпес соңғы он жылдықта 168%-ға артқан. Көпшілік науқастарда аурудың бірінші симптомы бөртпе шығатын жерде нерв талшықтарының ауыруы. Ауыру ұстамалы болып, теріден гиперестезия байқалады. 1-7 күн өткенде дене қызуы 38-39ос көтеріледі. Жалпы улану пайда болып, бас ауырады. Осы кезде өзіне тән терідегі қабынулар жүреді: қызару, қышу, ісіну, терінің қалыңдауы – бірнеше сағат өткенде бір шоқ жүзім сияқты, ұсақ везикулалар пайда болады. Процесс бір жақты болады. Везикуланың іші қоңырланып, бірнеше күн өткенде кеуіп, қабыршақпен жабылады, қабыршақ түскенде тыртық қалады, өте жиі зақымданулар үшкіл нервтің талшықтарында және ДIV-ДIX дерматомдарында орналасады. Аймақтық лимфа түйіндері үлкейіп, ауырады. Дене қызуы 2-7 күн , одан кейін 5-10 күн өткенде жергілікті процесс тоқтайды. Ауыруы бір айға дейін сақталады. Бірінші күндері бөртпелер қайталанып шығуы мүмкін. АИВ — инфекциясында және басқадай иммунды тапшылық болғанда бөртпелер некрозды болып, орнында тыртықтар қалады. Қанды және буллезді түрлері де кездеседі. Нерв жүйесін зақымдаса серозды менингит және менингоэнцефалит дамиды.

Инкубациялық кезең: Қоздырғыш түскеннен бастап оның белсенуіне дейінгі уақыт ұзақ жылдарға созылуы мүмкін. Әсер етуші факторларға байланысты.

Продром кезеңі: Ауру жедел басталады, 1 немесе 3-4 күнге созылады:

  • Бастың ауыруы
  • Әлсіздік
  • Дене қызуының 38-39 градусқа көтерілуі
  • Диспептикалық көріністер
  • Зақымдала бастаған нерв талшықтары бойында, жансыздану, ауыру сезімі, қышу байқалады.

Бөртпе шығу кезеңі және қайтуы: Тері бетіне бір-біріне тығыз орналасқан 0,3-0,5 см көлемді, іші мөлдір, сұйықтыққа толған экзантема шығады. Басында қызғылт түсті болады. Ол 1 күннен 9 күнге дейін зақымдалған нерв талшықтарының бойымен таралады. Бөртпе пайда болған соң ауыру сезімі ұстама тәрізді сипат алып азая бастайды. Олар өзара қосылуға бейім болып келеді. Экзантемамен қатар лимфа түйіндерінің ауырсынуы, ұлғаюы қатар жүреді, балаларда жоғарғы тыныс жолдарының катар белгілері көрінеді. Уақыт өткен соң күлдіреуіктің түсі бозарып, сұйықтығының мөлдірлігі жойылады. 3 – ші аптада күлдіреуік кеуіп, түсіп қалады. Соңынан экзантема орындарында аздаған пигментация қалады.

Белдемелі герпестің формалары:

Генерализденген форма: кей жағдайда жергілікті экзантема шыққан соң бірнеше күннің ішінде көптеген везикулалар терінің барлық қабатына шыға бастайды, тіпті шырышты қабаттарға дейін. Оны белдемелі герпеспен қатар желшешектің шығуы деп түсінеді, егер герпес 2-3 аптада қайтпаса иммунды жетіспеушілік немесе қатерлі түзілістің пайда болуына күмәндану керек.

Абортивті форма: папулезді бөртпенің қысқа уақытта жоғалып, везикулалардың болмауы. Клиникалық көріністері 2-3 аптаға, ауыр түрінде 1 айға созылады.

Буллезді форма: везикулалар бір-бірімен қосылып, көпіршіктер түзеді, кейін олар геморрагиялыққа ауысуы мүмкін.

Типіне қарай:
1) Типті
2) Атипті:

  • Өшкен;
  • Абортивті;
  • Гангренозды (некротикалық);
  • Буллезді;
  • Геморрагиялық;
  • Генерализденген;

Ауырлық дәрежесіне қарай:

  1. Жеңіл
  2. Орташа ауырлықта
  3. Ауыр

Ауырлық критериі:

  • Интоксикация сиптомының айқындылығы;
  • Жергілікті өзгерістер көрінісі.

Көріністеріне қарай:

  • Асқынумен
  • Екіншілік инфекция қосылуымен;
  • Созылмалы аурулардың қайталануымен;
  • Рецидив берумен.
Белдемелі герпес

Белдемелі герпестің терідегі клиникалық көрінісі

Дифференциалды диагностика:
Продромальды кезеңде зақымдалған нервтердің орналасуына байланысты дифференциалды диагностиканы плевритпен, үшкіл нервтің невралгиясымен, аппендицитпен, бүйректік коликамен, өт-тас ауруларымен жүргізеді. Сонымен қатар бөртпе пайда болу кезеңінде жай герпеспен, желшешекпен, онкологиялық және гематологиялық аурулардағы, қантты диабеттегі, ЖҚТБ кезіндегі тері зақымдалуымен дифференциалды диагностика жүргізеді.

Вирус әр түрлі ауруларды шақыруы мүмкін:

  • Рамсея-Ханта синдромы — бет бұлшық еттерінің бір жақты перифериялық параличі және сыртқы есту түтігінің зақымдалуы. Есту жолында қатты ауырсыну сезімі мен есту қабілетінен жойылуы .
  • Көздің белдемелі герпесі — үшкіл нервтің көзге келетін тармағы зақымдалып, постгерпетикалық невралгия дамиды.

Белдемелі герпес кезіндегі экзантема маңында ауыру сезімі ерекше вегетативті түрде көрінеді: ұстама тәрізді, түнгі уақытта күшейетін, эмоциональды реакцияға байланысты өзгермелі келеді. Жиі жергілікті парастезия , тері сезімталдығының бұзылыстарымен көрінеді. Көбінесе беттік және көз қозғалтқыш нервтің жансыздануы мен аяқтар бұлшық еттерінің, қуық сфинктерінің парезі болады.

Асқынуы:

  • Арнайы: миелит, менинго — энцефалит, глаукома, соқырлық
  • Арнайы емес: ангина, лимфаденит, отит.

Белдемелі герпес емі

  • Баланы таза ұстау
  • Тырнағын алып, қолына матадан тігілген қолғап кигізу.
  • Кулдіреуіктерді 1-2 % ті калий перманганатымен өңдеу.
  • Ауызды дезинфекциялық ерітінділердің әлсіз ерітіндісімен шаю керек.
  • Асқынулар дамығанда антивирусты ем қолданылады.
  • Қазіргі кезде этиотропты ем ретінде ацикловир (зовирус, виролекс), валацикловир, фамцикловир тағайындалады. Ол вирустық ДНК-ң синтезіне таңдамалы ингибитор болып табылады. Арнайы терапияның эффективтілігі аурудың бастапқы 3-4 күндерінде маңызды әсер етеді.
  • Іріңді асқынулар дамығанда антибиотиктер салынады.
  • Гормондар, антигистаминді препататтар қолданылады.
  • Иммуномодуляторлар: интерферон синтездеуші: неовир, циклоферон, амиксин, ридостин.
  • Құрамында интерфероны бар препараттар: виферон, генферон, КИП-ферон, реаферон, интрон-А, лейкинферон.
  • Ауру сезімін басатындар: парацетамол, кетонал т.б.
  • Витаминотерапия (B тобының витаминдері: нейромультивит)

Болжамы: Болжамы –қолайлы. Егер орталық нерв жүйесін зақымдаса денеге жайылған түрлерінде кісі өлімі болуы мүмкін.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...