Жатырдан тыс (эктопиялық) жүктілік

Жатырдан тыс (эктопиялық) жүктілік (ЭЖ)

Алдымен жатырдан тыс жүктілік жайлы толық материалды оқып алыңыз

Жіктелуі:

Орналасуына байланысты:

1.Түтіктік – 98 %:

  • ампулярлы;
  • истимикалық;
  • интерстициалды;
  • фимбриалды;

2.Аналық безді-0,2%;

3.Жатыр мойындық-0,2%;

4.Іш перделік – 1,4 %;

Дамуына байланысты:

  1. Дамып жатқан (прогрессивті) эктопиялық жүктілік;
  2. Үзілген эктопиялық жүктілік:

Жатыр түтігінің жарылуы;

Түтіктік аборт бойынша.

Жатырдан тыс жүктілік

Жатырдан тыс эктопиялық жүктілік

Клиникалық симптомдары:

  • Жүктілік мерзімі 6-10 апта;
  • Ауру синдромы іштің төменгі жағының ауыруы, тік ішекке иррадиациялау;
  • Жыныс жолдарынан әр түрлі қан кетулер;
  • Іш пердесінің тітіркену симптомдарының оң болуы.

Зерттеу әдістері:

  1. Репродуктивті жастағы барлық әйелдердің  ішінің төменгі жағы ауырып, етеккірдің болмауында, эктопиялық жүктілікке күмәндануға болады;
  2. Айнамен және қынаптық тексеру:
  • Қынаптың артқы күмбезінің кернеп тұрғаны анықталады;
  • Жатыр мойнының қозғанда ауру сезімі ұлғаяды;
  • Жатыр қосалқыларының маңы ауыршаң болады және үлкен құрылым анықталады;
  • Жатыр көлемі жүктіліктің мерзіміне сәйкес келмейді

3. В-ХГ қандағы мөлшерін анықтаймыз;

  • В-ХГ төмен болуы;
  • В-ХГ мөлшері әр 2 күн сайын 2 есе ұлғаймайды қалыпты жүктілік кезіндей.

4. Кіші жамбас қуысының УДЗ:

  • Соңғы етеккірден 38 күн өткеннен кейін ұрықтың жатыр қуысында болмауы;
  • Ұрықтанудан соң 24 күннен кейін жатыр қуысында болмауы;

5. Барлық күдікті жағдайларда – диагностикалық лапароскопия жасау;

6. Барлық күдікті жағдайларда ауруханаға, төсектік тәртіп сақтап жатқызу.

Емі: Күту тактикасы стационарда

  • Барлық түтіктік Эктопиялық жүктілік клиникалық көрініске дейін дамымауы мүмкін;
  • Жатырдан тыс эктопиялық жүктілік бар әйелдердің 25 % консервативті түрде жүргізіледі, олардың 70 % хирургиялық емдеусіз емделеді;
  • Күту тактикасы кезінде әрдайым клиникалық симптомдарына, қандағы В-ХГ мөлшерін өлшеуге және апта сайынғы УДЗ мәліметтеріне сүйене жүргізіледі;
  • Эктопиялық жүктілік кезіндегі күту тактикасының ең жақсы қорытындысы В-ХГ бақылаудың басында 2500 МЕ/л болғанда анықталады.

Үзілген Эктопиялық жүктілік кезіндегі хирургиялық ем:

  • Лапоротомия;
  • Сальпингэктомия – жатыр түтігінің ауқымды зақымдалуында, тоқтамай жатқан қан кету кезінде жасалады;
  • Егер ұрық түтіктің истмикалық бөлігінде немесе жатырдың рудиментарлы мүйізінде орналасса, онда жатырдың қынап үстілік ампутациясы көрсетілген.
  • Дамып жатқан ЭЖ кезіндегі хирургиялық ем:
  • Мүшені сақтап қалу операция жүргізіледі: сальпинготомия немесе сальпингостомия жасалынады.

Жатырдан тыс түтікшелі жүктілік толықтай оқи кетіңіз.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...