Жатыр лейомиомасы

Жатыр лейомиомасы

Жатыр лейомиомасы (жатыр фибромиомасы) – әйелдерде жиі кездесетін қатерсіз обырлардың бірі. Көбінесе 35 жастан асқан әйелдерде кездесу жиілігі жоғарылай түседі.

Себептері:

  • горманальді деңгейдің бұзылуы
  • иммунологиялық рективтіліктің бұзылуы
  • гормоналдық рецепторлардың бұзылуы
  • тұқым қуалаушылық факторлар

Жіктелуі

  • интерстициальды
  • субмукозды
  • субсерозды

Лейомиома ішілік орналасу түйінінің таралуы

  • жатыр денесінде
  • жатыр мойнында
  • құрсақ ішінде орналасу
  • байламда
  • жатыр қуысында
Жатыр миомасы

Жатырдағы миома және лейомиома (фибромиомасы) көріністері

Клиникалық белгілері

  • жатыр денесінде: тұйық ауру сезімі және менорагия
  • жатыр мойнында: толғақ тәрізді ауру сезімі, менометроррагия, екіншілік анемия
  • жатыр қуысында:ауру сезімі, симптомсыз ағым

Асқынулары

  • жатыр денесінде: жедел қан кету, жатырдың айналуы
  • жатыр мойнында: қан айналымының бұзылысы, түйіннің іңдеттелуі, қатерлі саркома
  • жатыр қуысында:түйін аяғының айналуы, түйіннің некрозы

Диагностика

  • жатыр жүктілігі: XГ анықтау
  • аналық бездерінің ісіктері: жатырды зондылау
  • тубоовариалды құрылым: аспирациялық биопсия
  • эндометриоз: жатырдың шырышты қабатын бөлек қыру
  • жатырдың қатерлі ісіктері: гистероскопия,

Емдеу тәсілдері

Консервативті ем. Көрсеткіштері: ісіктің көлемі 10-12 аптадан аспай, түйіннің интерстициалды орналасуы, аз ғана қан кету (гормоналды препараттар, циклдық режимде витаминдерді қабылдау, анемияға қарсы және нейротропты заттар)

Хирургиялық ем

Көрсеткіштері: субмукозды лейомиома

  • ісіктің тез өсуі (1 жылда 4-5 аптаға), ісіктің көлемінің 14 аптадан асуы
  • емінің нәтижесіздігі, жатырдан қан кетудің көп болуы
  • ауру сезім, түйіннің індеттелуі, некрозға ұшырауы
  • қатерлі ісікке айналуға қауіп
  • көрші мүшелердің қызметінің бұзылыстары

Радикалды. Жатырды қосалқыларымен және қосалқыларынсыз қынап үстінен ампутациялау, жатыр мойынның патологиялық өзгерістеріңде немесе қатерлі ісікке айналуына қауіп туғанда экстирпация жасау, мойынның миомасында.

Консервативті-пластикалық. Бір немесе екі түінінді алу (репродуктивті және етеккір фукциасын сақтап) жатырдың жоғарғы ампутациясы (етеккір функциясын сақтап)

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...