Қыз балаларды зерттеу тәсілдерінің ерекшелігі (ВОЗ бойынша)

Қыз балаларды зерттеу тәсілдерінің ерекшелігі (ВОЗ бойынша)

Жалпы тексеру.

  1. Шағымдары.
  2. Анамнез жинау (ең алдымен сұрастыруды анасынан бастайды, кейін ғана қыз баланы сұрастырады) келесі сұрақтарды сұрастыру керек: экстрогениталды аурулар, анаснда және жақын туыстарындағы тұқым қуалаушылық аурулар, анасында жүктілік ағымын босану ағымын; қыз баланың балалық кезіндегі ауруларын, тұрмыс жағдайын, тамақтану режимін, мектепте немесе коллективте қимыл — қылықтарын сұрастыру. Қызда етеккірдің реттелуін, етеккірдің сипатын, екіншілік жыныс белгілерінің дамуын тексеру.
  3. Жыныстық жетілуді анықтау үшін морфотип: сүт бездері (Ma), қолтық астында жүн өсуі (Ах), шаттың үстінде жүннің өсуі (Р), менархе уақыты(Ме).

Әр белгіге 4 балл беріледі.

Негізгі ағзалар мен мүшелерді тексеру (жүрек-қан тамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, асқорыту жүйесі т.б)

Қыз балаларды зерттеу

Арнайы тексеру.

Гинекологиялық тексеру балардың қуығынан зәрді шығарып, ішекті тазалағаннан кейін жасайды. Қыз балаларды қарау келесі қадамдармен жүргізіледі:

  • Сыртқы жыныс мүшелерін қарау.
  • Жүннің өсуін қарау, шошақай , қыздық перде, үлкен және кіші ернеулердің құрылысын тексеру, жыныс жолдарынан шығатын бөлінділердің сипатына жағынды алу;
  • Бимануалды тексеру қыз балаларды тік ішек іш пертесі арқылы қарайды.Алдымен жатырды , оның ауырлығын, қозғалғыштығын, орналасуын тексереді, содан кейін жатыр мойынының жағдайын тексереді, қыз балаларда жатыр мойнының денесінің ½ немесе1/3 бөлігін құрайтынын ескеру керек.
  • 3-4жасар балаларда тік ішекті зерттеуді , жарақаттар кезінде, ісіктерді қарағанда тек наркоз арқылы жүргізіледі.

Қосымша тексеру.

  • Зондтау (қынаптың ішінде бөгде дене кезінде, гематома, пиометра, жыныс мүшелерінің аномалиясы кезінде жүргізіледі)
  • Сынақтық пункция — үлкен адамдарда сияқты қынаптың артқы күмбезі арқылы жүргізілмейді, оны қыздық перденің атрезиясы кезінде гематокольпосқа жасайды
  • Кольпоцитологиялық зеттеу- аналық бездердің гормоналды қызметін зерттеу үшін қолданады, жағындыны қынаптың бүйірлік күмбездерінен алады.
  • Жатыр қуысын қыру — консервативті ем нәтижесіздігінде жатырдан қан кету кезінде қолданады
  • Цитологиялық зерттеу — ауыз қуысының шырышты қабатының эпители торшаларының ядросында жыныстық хроматинді анықтау.
  • Жыныс жетілу бұзылыстарында, гонадтар дегинирациясында т.б жағдайларда жүргізіледі.
  • Функционалды диагностика әдістері — кольпоцитологиялық әдіс, «қарашық» симптомы, «папоратник» симптомы, базалды температураны өлшеу, қандағы гонотропты және стеройдты гормондарды анықтау.
  • Ренген, газды ренгенопельвиография, вагинография , компьютерл3 томография, МРТ.
  • Эндоскапия — вагиноскопия, кальпоскопия, гистероскопия, лапароскапия, УДЗ метросальпингография, доплерография жасалады.

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...