Гормональды контрацепция

Гормональды контрацепция

Гормональды контрацепция — овуляцияны гормональді жолмен тежеп, әйелдердің жыныс гормондарының синтетикалық түрін қолданумен сипатталатын контрацепция әдісі.

Материалды оқып бастамас бұрын жалпы контрацепция әдістері жайлы оқи кетіңіз

Екі типті ауыз арқылы қабылдайтын, құрастырылған эстроген-гестагенлі контрацептивтер:

  • 1-монофазалы регивидон, овидон, овулен, бисекурин, минизистон, марвелон, силсет, ноноволон, микрогинон, фермован. Ереккір циклінің 5 күні қабылдау бастайды.
  • 2-фазалы препараттар-антеовин, сиквилар. Оларды бірінен соң бірін 1 фазада эстрогендерді, 2 фазада эстроген мен гестогенді қабылдайды.
  • 3-фазалы- тризастон, триквилар, милване тирегол, триновум. Етеккір циклының қалпты кезінде қолданады.

Системалық гестагендердің микромон мөлшерлері: Мини –пили, еонтиниум, фемулен, микронор, микролют. Етеккір циклының 1-ші күнінен бастап қолданады.

Мерзімі ұзартылған яғни әсер ету мерзімі ұзартылған препараттар: Дено-провера, телиновар, нористерат, циклофен. 3-6 ай ішінде 1 рет егіледі.

Коитустан кейінгі препараттар: Постинор құрамына гестагеннің дозасы өте жоғары болады. Жыныстық қатынастан соң 24-48 сағат ішінде қолданылады.

Тері асты имплантаттар.

Контрацептивті заттарды қолдануға қажетті қауіп – қатер тобы:

  • Көп босанғандар
  • 19 жасқа дейінгі әйелдер
  • 40жастан үлкен әйелдер
  • Экстрагенитальды потологиясы бар әйелдер
  • Эндокринді паталогиясы бар әйелдер
  • Әлеуметтік анамнезі асқынған әйелдер: нашақорлар,ішімдікке салынғандар,тұрғылықты мекен жайы жоқтар,тұрмыс құрмағандар
Гормональді контрацепция

Гормональді контрацепция препараттарының көрінісі

Гормональды контрацепция қолдануға қарсы көрсеткіштер

Абсолютті қарсы көрсеткіштер:

  • Кез-келген жерде орналасқан қатерлі ісіктер;
  • Бауырдың,бүйректің,жүрек-қан тамыр жүйесінің органикалық зақымдаулар;
  • Өт жоларының жедел аурулары;
  • Эпилепсия
  • Паталогиялық семіздік
  • Этиологиясы белгісіз етеккір циклының бұзылыстары

Салыстырмалы түрдегі қарсы көрсеткіштер: Бауыр бүйректің созылмалы аурулары,көк тамырдың кеңеюі,тромбофлебит,артериалды гипертензия,ревмакардит, қант диабеті,естудуі төмендеуі,кеш гестоздар,бас аурулары,демікпе,депрессия.

Жанама әсерлері: Контрацепцияның алғашқы 2-3 айында 20%  әйелдерде кездеседі, 4-5 ай қолданғаннан кейін өздігінен кетеді. Бұлар:

  • Етеккір арасындағы қан ағулар
  • Жұғынды бөліністер
  • Дене салмағының өсуі
  • Сүт бездерінің қатаюы
  • Ауру сезімі
  • Бастың ауруы
  • Күйзеліс,селқостық

Горманальды контрацептивті қолдануға тез тоқтатуға мәжбүр ететін көресткіштер мыналар:

  • Кенеттен пайда болған бас ауруы,сақина ұстамасы
  • Көкірек артындағы ауру сезімі,көрудің бұзылыстары
  • Тромбофлебиттің алғашқы белгілері,сары ауру
  • Аққ 160/100 мм.с.б жоғары көтерілуі
  • Жүктілік
  • Жоспарланған ұзақ гиподинамия

Көрсетілген асқынуларға сәйкестендіретін ем қолданылады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...