Жатыр мойынының және денесінің фондық рак алды аурулары

Жатыр мойнының және жатыр денесінің фондық және рак алды аурулары

Жатыр мойнының фондық және рак алды аурулары қауіп қатер факторлары:

  1. Етеккір қызметінің ағымы мен қалыптасуының ерекшеліктері. Менархенің ерте келуінде және жыныстық жетілуінде, жатыр мойны ауруларының дамуы 5-7,5 есе жоғарылайды, ановуляторлық цикл.
  2. Сексуалдық анамнез – ерте жыныстық қатынас, жоғары сексуалды белсендік, ретсіз жыныстық қатынас.
  3. Әйел ағзасының індеттенуі (кокктар, таяқшалар, хламидиялар, микоплазмалар, гарднареллалар, трихомонияздар).
  4. Әйелдің репродуктивті қызметі:
  • Репродуктивті жастағы әйелдерге (көп жүктілік пен түсіктер болғанда) және менопаузаның ерте (жасы 45- ке дейін) жатыр мойны рагіне әкелуі мүмкін.
  • Горманальдық гемеостаз.
  • Аборттан және кейінгі жатыр мойнының жарақаттары.
  1. Өндірістік зияндылықтар мен генетикалық (тұқым қуалаушылық) факторлары.

Фонды процестер — жатыр мойнының қатерсіз аурулары, олар жатыр мойнының қатерлі ісіктеріне әкелуі:

  • шын эрозия
  • эктропион
  • полиптер жәй лейкоплакия
  • эритраплакия
  • папиллома

Рак алды аурулары — ұзаққа созылатын, консервативті емнің нәтижесіздігімен сипатталған, қайталанған жатыр мойнының патологиялық процестері. Жіктелуі:

Дискератоздар — көп қабатты жалпы эпителийдің жетілуінің бұзылыстарымен сипатталатын а-процесс. Оларға: лейкоплакия, эритроплакия жатады. Лейкоплакия -ақшылдау, күміс түстес салпыншақ, олар тегіс немесе сол ғана қоршаған тіндерден жоғары тұрады.

Эритроплакия— салпыншақты құрылымдар, қызғылт түсті, себебі қан тамырлары көрініп тұрады.

Безді-бұлшық етті гиперплазия- олар фолликулярлы және папиллярлы эрозияларға бөлінеді (жалған эрозия). Егер цилиндрлік эпителий тіндердің ішінде дамыса фолликулярлы эрозия. Егер жатыр мойнының үстінде папиллярлы өсінділер болса –папиллярлы эрозия. Жатыр мойнының каналының, қынаптық бөлігінің полиптері-цилиндрлік эпителийдің гиперпластикалық өсіндісі.

Жатыр мойнының фондық және рак алды аурулары

Диагностикасы:

  • Кольпоцитологиялық, цервикоскопиялық зерттеулер
  • Цитологиялық зерттеу
  • Гистологиялық зерртеу

Емі

 Концервативті

  1. Жатыр мойнының қынаптық қабынуы анықталғанда жүргізіледі. Эндоцервициттерді өзгерістерде және шынайы эрозияларда
  2. Декубиталдық өзгерістердің жатырдың төмен түсуімен үйлескенде, малигнизацияны жоққа шығару керек. Сонымен қатар консервативті емге лейкоплакиялық жеңіл түрі, дисплазияның жеңіл сатысы эрозиялы, полиптері және айқын қабыну белгілері және папилломалары бар науқастар жатады.

Фармакотерапия құрамына кіреді:

  1. Қабынуға қарсы ем (антибиотиктер жергілікті және жалпы антибиотиктер) .
  2. Гормоналды ем
  3. Иммунотерапиялық ем ( левомизил-жасушалық иммундық тапшылықты реттеу)
  4. Биостимуляторлар
  5. Химиялық коагуляция

Ваготил (36%-ті ерітіндісі 50мг) тумаған әйелдердегі кіші көлемдегі эктопиялар.

Солковогин жалпақ эпителиді таңдап күйдіреді, оның псевдоэрозияға жай лейкоплакияда,эктропионда және жатыр мойнының шынайы эрозиясында қолданылады. Шірік қабыршық 3-ші, 4-ші күндері сылынады, 6-9 күнде кольпоскоп арқылы байқалады және аралығында 2 апталық үзіліспен 3-4 рет апликациялар қоданылады.

Хирургиялық:

  1. Диатермоэлектрокоагуляция-диатермоэлектроканизация эксцизия.
  2. Диатермокриодеструкция
  3. Лазерлі деструкция. Көмірқышқылдық лазер. Жатыр мойнының едәуір деформациясында-жатыр мойнының ампутациясы жасалынады.

Жатыр мойынының рак алды ауруы

Эндометрийдің рак аурулары

Себептері:

  • жатырішілік;
  • кесар тілігі;
  • жасанды аборттар мен өзіндік түсіктер;
  • жатыр мойнының диатермокоагуляциясы ;
  • жыныс мүшелерінің қабыну аурулары;
  • жыныс мүшелері операция жасалғаннан кейін;
  • асқынған тұқымқуалаушылық
  • ұзақ уақыт гормоналді дәрілерді қолданған кезде ;

Жіктелуі

  1. әртүрлі жастағы аденаматоз, аденамаатозды полиптер;
  2. әртүрлі жастағы безді гиперплазияға қосарланған гипопластикалық және нейро зат алмасу-эндокринді синдром;
  3. көбіне пре-және постменапауза кезеңдерінде дамитын рецедивті безді гиперплазия.
  4. жатыр қуысын қырғаннан кейін, гормоналды терапиядан сон рецедивті безді гиперплазия;
  5. менопауза кезеңінде бір рет болған гиперплазия .
  6. менопауза кезеңінде эндометрийдің атрофиясы қан кетумен қосарланса.
  7. хорионэпителиомаға әкелетін түйіршікті занос.

Диагностика

  1. гистероскопия
  2. жатыр мойынын және денесінің шырышты қабатын бөлек (бірге) қыру.
  3. кеңейтілген кольпоскопия
  4. қырындыларды гистологиялық зерттеулер
  5. кіші жамбас қуысының мүшелерін УДЗ
  6. гистеросальпингография
  7. радиозотопты зерттеулер;
  8. кольпоцитологиялық зерттеулер
  9. гормоналді зерттеулер
  10. рецепторлы зерттеулер;
  11. радиометриалық зерттеулер
  12. аспирациялық биопсия
  13. жатыр қуысының жуындысын зерттеу

Хирургиялық емге көрсеткіш:

  • Егер рецедивті безді -кистозды гиперплазия ішкі секреция бездерінің ауруында, семіздікте, гиперплазиялық ауруда, бауыр және көк тамырдардың (веналардың) ауруларында кездесетін болса;
  • Рак алды ауру (аденаматоз, аденаматозды полиптер) эндометриозбен, жатыр миомасымен бездердің патологиясымен бірге кездесетін болса;
  • Эндометридің атрофиясы кезінде аденаматозды полиптің рецидивті болса
  • Алғаш рет анықталған аденоматозды полиптер немесе ошақты аденоматозды полиптермен қоса эндометрийдің гиперплазиясы немесе басқа гинекологиялық патология кездесетін болады;
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...