Әйелдің ішкі жыныс ағзаларының қабыну аурулары

Әйелдің ішкі жыныс мүшелерінің қабыну аурулары

Эндометрит

Паталогоанатомиялық өзгерістері: Шырышты қабаты кір жағындымен кейбір жерлерінің эпителиі сылынған лейкоцитарлы инфильтрация

Белгілері:

  • Қабынудың жалпы белгілері
  • Іштің төменгі бөлігінің ауруы
  • Жатыр жұмсақтау консистенциялы түрі
  • Сипағанда ауырады
  • Іріңді бөліністер

Асқынулары: Метрит, синехиялар, етеккір пиосальпинск, циклының бұзылыстары.

Салыстырмалы диагностика: Жатырдан тыс жүктілік

Зерттеу тәсілдері: бөлінген заттың бактериоскопиясы, бактериологиясы.

Емдеу: Жатырды жиырылтатын заттар

Сальпингоофарит

Паталогоанатомиялық өзгерістері: Шырышты қабаты қалыңдаған

Белгілері: Түтіктер ісінген, үлкейген сипатты ауырады.

Асқынулары: Бедеулік параметрит.

Салыстырмалы диагностикасы: Жедел аппендицит, тік ішек аурулары

Зерттеу тәсілдері: Артқы күмбез пункциясы, лапароскопия.

Емдеу жолдары: Жалпы күшейткіш заттар, мөлшерлі суық, бактерияға қарсы, дезинтоксикациялық ем, десенсибилизациялы ем, симптоматикалық ем, физиотерапия.

Параметрит

Паталогоанатомиялық өзгерістері: Лимфа тамырлары бітелген, лимфа тамырлары іріңделген, серозды іріңді көріністері

Белгілері:

  • жалпы улану белгісі анық емес
  • кіші жамбас мүшелерінің қызметі өзгермеген
  • бұлшық ет қатаюы мен іш пердесінің тітіркенуі нашар
  • жатыр сау жағына ығысқан, ығысуы шектелген

Асқынулары: Инфильтрат жамбас қабырғаларына дейін жетеді, тығыздығы әр тиісті қынап күмбезі тегістелген.

Салыстырмалы диагностикасы: Іріңнің жамбас мүшелеріне өтіп кетуі, жамбас веналарының инфильтраттың іріңдеуі.

Зерттеу тәсілдері: Аналық безінің шын ісігінің іріңдеуі, аналық безінің аяқшасының миоматозды түйіннің қоректенуінің бұзылысы, пельвиоперитонит.

Емдеу әдістері: Бөлінген затты бактериоскопиялық, бактериологиялық зерттеу арқылы пункция жасау.

Жалпы күшейткіш заттар, мөлшерлі суық, бактерияға қарсы, дезинтоксикациялық ем, десенсибилизациялы ем, симптоматикалық ем, физиотерапия.

Әйел ішкі жыныс ағзаларының қабыну аурулары

Пельвиоперитонит

Паталогоанатомиялық өзгерістері: 

  • Іш пердесінің ісінуі
  • Іш пердеснің гиперемиясы
  • Іріңді экссудат

Клиникалық көріністері:

  • жалпы улану
  • ішектердің кебуі
  • іштің төменгі бөлігінің бұлшық ет қатаюы
  • іштің төменгі бөлігінде іш пердеснің тітіркенуі
  • жатырдың қатты ауруы
  • жатыр қосалқыларына қарай ығысқан

Асқынулар: Жалпы перитонит, жатыр тік ішек ойығының абцесі

Салыстырмалы диагностикасы: Жалпы перитонит, параметрит, жедел аппендицит, үзілген жатырдың тыс жүктілік

Зерттеу тәсілдері: Тік ішектік — қынаптық зерттеу, бөлінген затты бактериологиялық зерттеу.

Емдеу:

  • Лапаротомия , — абцсті жару,- жалпы күшейткіш ем , шектелген суық
  • Қоздырғышына байланысты антибактериалды ем
  • Дисенсибилизациялық ем
  • Симптоматикалық ем

Тубоовариалды құрылым

Паталогоанатомиялық өзгерістері: Пиовардың және пиосальпинкстің бірігіп, соның салдарынан ішкі аралықтардағы бұзылыстардың дамуы

Белгілері:

  • Жатыр қосалқыларының аймағында тығыз эластикалы құрылымының анықталуы
  • Көрші мүшелердің қызметтерінің бұзылыстары
  • Құрылымын шекарасы анық емес
  • Құрылысының қозғалғыштығы
  • Тексергенде қатты ауырады

Асқынулары: Тубоовариалды құрылымының тесілу

Салыстырмалы диагностика:

  • аналық бездердің ісіктері
  • аналық бездердің ісігінің аяқшасының бұралып қалуы
  • миамотозды түйінің некрозы

Зерттеу тәсілдері: Тік ішектік, бөлінген заттың бактериологиялық, бактериоскопиялық зерттеуі, іш қуысының қынаптың артқы күмбезі арқылы пункциялау, лапароскопия

Емдеу:

  • Жалпы күшейткіш ем, шектелген суық
  • Қоздырғышына байланысты антибактериалды ем
  • Дисенсибилизациялық ем
  • Симптоматикалық ем, физиоем
  • Ем нәтижесіз болса, оперативті емдеу
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...