Баланың өсу мен дамуы бойынша анаға ақпарат

Баланың өсу мен дамуы бойынша анаға ақпарат

Нәресте өмірінің бірінші айы

Физикалық дамуы. Айдың соңында дене салмағы орташа  600 г; бой ұзындығы   —  3 см ұзарады, бас айналымы—  1-1,5 см

Тамақтануы. Қажетті — ана сүті. 6 рет емізу  әрбір  3-3,5 сағат сайын. Түнгі үзіліс — 6 сағат. Жасанды тамақтандыру кезінде — сүтті қоспалар басында 80 мл, кейін 100-120 мл .

Қозғалысы шұғыл, бір — бірімен байланыспаған. Туа пайда болған рефлекстері жақсы жетілген. Вертикальды қалыпта бірнеше секунд басын ұстайды. Қол жетімді заттарды оқыс және рефлекторлы түрде ұстайды.

Нәресте өмірінің екінші айы.

Физикалық дамуы. Айдың соңында дене салмағы орташа  800 г, бой ұзындығы   —  3 см ұзарады, бас айналымы—  1,5 см

Тамақтануы. Қажетті — ана сүті. 6 рет емізу  әр бір  3-3,5 сағат сайын.

Нәресте басқа адамдарға көз тоқтатып қарайды. Басын көтеру әрекеттерін жасайды. Арқасына жатып, қолдарын жұдырықтап  тыным бермейді. Жатқан кезде басын ұстайды.

Нәресте өмірінің үшінші айы.

Тамақтануы. Қажетті — ана сүті. 6 рет емізу  әр бір  3,5 сағат сайын 130 — 150 мл.

Жиі байқалатын жағдайлар:

  1. Тамақтануы жиі және түнгі уақыттарда. Алғашқы айларда омыраумен емізу кезінде балада ритм өздігінен қалыптасатындықтан шектеудің қажеті жоқ, ал егер жасанды тамақтандыру болса, уақыты бойынша тек 20-30 минутқа ғана ауытқуға болады.
  2. Ішектік колика жиі мазалайды. Профилактика және көмек: тамақтану алдында ішімен жатқызу, нәресте ішін сағат тілі бойынша сипау және ішіне жылы қоюға болады (жылытылған жаялық), балаларға арналған арнайы фенхелмен шөптер беру; қалпы — тамақтан соң адамның қолында вертикальды түрде.

Нәресте өзінің қолдарымен ойнайды және көз тоқтатып саусақтарына қарайды. Басын  1 минуттай жоғары және қалыпты ұстайды (45 градуста), оңға және солға бұрады.

Нәресте өмірінің төртінші айы

Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы   — 750 г, бойының өсуі  —  2,5 см. Осы айдан бастап дене массасын әр кезең сайын қосуы  50 г азаяды.

Психомоторлы дамуы. Анасын көрсе қуанады, басын оңға және солға дыбыс шыққан жаққа бұрады. Ересек адамның еркелетіп шақыруына күледі, қолын көтереді. Қозғалған затқа тікелей қарайды. Ішімен жатып басын 45-90 градусқа көтереді.

Тамақтануы. 6 рет емізу  әр бір  3,5 сағат сайын 150-170 мл.

Нәресте өмірінің бесінші айы

Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы   —  700 г, бойының өсуі  — 2 см.

Психомоторлы дамуы. Ересек адамның қолындағы ойыншықты алып ұстайды, өздігінен арқасынан ішіне қарай аунайды, қолтығынан ұстап тұрғызса тік тұрады, қасықтан жартылай сұйық тамақты жейді. Арқасымен жатып, қолымен тізесін ұстайды аяқтарының бақайларымен ойнайды.

Тамақтануы. Ана сүтіне ұқсас қоспалармен тамақтанған кезде қосымша шырын, жеміс — жидек  пюре сұрайды. Жұмыртқа сарысы мен ірімшік тағамдарын үлкенірек кезіне қалдырған жөн. Омыраумен емізу кезінде тек ана сүті көрсетілген.

Нәресте өмірінің алтыншы айы

Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы — 650 г, бойының өсуі  —2 см.  Иық ені, бой ұзындығының ¼ құрайды. Кеуде торының айналымы бас айналымынан үлкен.

Психомоторлы дамуы. Арқасымен жатып басын жоғары көтереді, алғашқы буындарды айтады. Басын 90 градусқа бұрады. Егер баланы арқасына жатқызсаңыз бір жақ қырына бұрылады.

Тамақтануы. Айдың ортасынан бастап  — көкеністі пюре, шай қасықтан бастап  180 г  дейін. Барлық жаңа тағамдарды аздан бастаған жөн.

Бесінші  айдың соңынан, алтыншы ай басынан бастап 5-реттік 4 сағат сайын тамақтануға көшкен жөн. Тағамның жалпы көлемі бір литрдан аспау қажет.

Кей нәрестелерде бұрын байқалмаған  неврологиялық ауытқулар кездесуі мүмкін.  Бала қозғалысы жағынан артта қалады, мүлде күлмейді, басын шұғыл шалқайтады, қатты қорыққан кезде көзінің қарашығы көрінбейді. Бұл жағдайда невропатолог кеңесі қажет.

Төртінші ай рахит көрініс беретін кез. Ол басының және алақан аймағының  терлегіштігімен көрінеді. Негізгі шара таза ауада серуендеу, дәрігер тағайындамасы бойынша витамин Д қабылдау.

Нәресте өмірінің жетінші айы.

Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы   —  600 г, бойының өсуі  — 2 см.

Психомоторлы дамуы. Ойыншықтарымен ұзақ ойнайды оларды лақтырады.  Ақырындап еңбектей бастайды. Қол қозғалысы анық.

Тамақтануы. Әр бір 4 сағат сайын 5 рет тамақтану. Екіншілік қосымша тамақтандыруға болады, мысалы ботқа (таңғы екіншілік тамақтану).

Нәресте өмірінің сегізінші айы.

Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы   —  550 г, бойының өсуі  — 2 см.

Психомоторлы дамуы. Өздігінен отырып, тұрады. Ересек адам ұстап тұрған кеседен ішеді.

Өте жақсы еңбектейді. Жатқан қалпынан өздігінен отырады және демеусіз отырады. Белгілі заттан ұстап тұрып өздігінен екі аяққа тұрады.

Тамақтануы. Әр бір 4 сағат сайын 5 рет тамақтану. Қосымша төртінші тамақтандыруға (18 сағатта) бір ас қасықтан бастап 3 ас қасыққа дейін ірімшік немесе көкеністі пюре беруге болады.

Баланың дамуының көрсеткіштері

Нәресте өмірінің тоғызыншы айы

Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы   —  500 г, бойының өсуі  — 1,5  см.

Психомоторлы дамуы.  «Қайда?» сұрағына таныс заттарын көрсетеді. Өз атын біледі. Үлкен кісіге еліктеп, буындарды қайталайды. Тез еңбектейді, үйдің ішінде саяхаттайды.

Тамақтануы. Әр бір 4 сағат сайын 5 рет тамақтану. Басты тағамы ана сүті немесе сүтті қоспа жасанды тамақтандыруға арналған.  Көкеністі пюреге  (үшінші тамақтану  14 сағатта) жұмсақталған етті пюре ас қасықтан бастап  50 г дейін беру қажет. Жұмыртқа сарысын ботқамен бірге беру.

Нәрестелерде қандай да бір тағамға аллергиялық реакция байқалуы мүмкін: қабыну, бетінің қызаруы, әртүрлі бөртпелер, қышыма,  мазасыздану. Баты мүмкін аллергендерді тағамнан алып тастау — жұмыртқа, жеміс-жидектер, сәбіз, тауық еті, сиыр сүті.

Нәресте өмірінің оныншы айы

Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы   —  450  г, бойының өсуі  — 1,5  см.

Психомоторлы дамуы. Ересек адам бұйрығын дұрыс орындайды: қорапты ашып жабады, ыдыстарды бірінің ішіне бірін дұрыс салады. Көзімен көрген әр бір затқа талпынады.

Тамақтануы. Төртінші тамақтандыруға (18 сағатта) ана сүті мен қоспаны айранға ауыстыруға болады  және 40 г ірімшік. Шырын 70 г (екі рет қабылдау), көкеністі пюре — 60 г.

Тағамдар құрамы сол қалпы. Ботқаны  әр түрлі дәнді дақылдардан жасауға болады және оған: алма,  банан, жеміс – жидек қосуға болады. Ботқаға  5 г май , в пюреге — 5 г өсімдік майын салады. Іш қату болса өріктен жасалған пюре пайдаланған жөн.

Нәресте өмірінің он бірінші айы

Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы   —  400 г, бойының өсуі  — 1,5  см.

Психомоторлы дамуы. Өздігінен тұрады, бірінші қадамдарын жасайды. Бұйрық бойынша ойыншықтарын дұрыс табады.  Алғашқы сөздерін айтады: «бер», «ма», «ав», «ба».

Еңбектеуі толықтай. Горизонтальды қалыптан вертикальды қалыпқа оңай ауысады. Еңбектеп келіп отыра алады. Өздігінен тұрады  (белгілі заттың көмегімен)

Тамақтануы. Омыраумен тамақтану кезінде  таңғы тағамын айранмен, етті пюрені жұмсақ фрикаделькамен, буға пысқан  котлетпен ауыстыруға болады.

Нәресте өмірінің он екінші айы

Физикалық дамуы. Туғаннан бастап бір жасқа дейінгі бала салмағы 3 есеге өседі, жалпы бойын қосуы — 25 см,

Психомоторлы дамуы. Сурет бойынша жақындарын таниды. Нақты— «алып кел», «тап», «бер» бұйрықтарын орындайды. Ересек адам артынан жаңа буындарды қайталайды. «Болмайды» сөзін біледі. Отырады, еңкейіп әртүрлі заттарды алады, тоқтауға үйренеді.

Тамақтануы. Етті немесе балықты пюреге кішкене салат қосуға болады. Ірімшікті  пудинг ретінде беруге болады. Бала кеш оянатындықтан кестені 1-1,5 сағатқа алдыға жылжытқан жөн. Ақырғы омыраумен емізуді айранмен ауыстыруға болады, егер бала ұйықтап қалса мүлде бермеуге болады.

  1. Бала тағамды шайнамайды, толықтай жұтады. Бұндай кезде: баланы тамаққа қызығушылығын оятып, оң қолына қасық сол қолына нан немесе сәбіз беріп қызықтыру қажет.
  2. Бала горшокқа отырғызып үйрету және ыңғайлы екендігіне көз жеткізу. Іс-шараны қалыпты ұйқыдан оянған соң немесе тамақтан 20 минуттан соң ұсынған дұрыс. Бір реттік жаялықтарды тек серуенге шыққанда ғана кигізген жөн.

Ұқсас материалдар:

  1. Жаңа туғаннан 2 жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру
  2. Балалардың бір жасқа дейінгі дамуы
  3. Омыраумен емізу ережелері
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...