Тиреотоксикалық криз

Тиреотоксикалық криз

Тиреоэктомия (дұрыс дайындықсыз), радиоактивті иодты емдік түрде қабылдаған, тиреотоксикалық зобдың ауыр жағдайларындағы науқастарда туындайтын жағдай. Инфекция, хирургиялық шаралар, атитиреоидты препараттардан бірден бас тарту, психикалық жарақаттар кризді тудыртуы мүмкін. Қосу тетігі болып қанда тиреоидты гормондардың күрт деңгейінің артуы болып табылады.

Себептері:

  • Қалқанша безіне операция жасағанда
  • Психикалық жарақат
  • Қалқанша безін сипалап басуды дөрекі жүргізу
  • Екіқабат әйелдердің токсикозы
  • Антитиреоидтарды кенеттен тоқтату
  • Диффузды токсикалық зоб, бірінші рет пайда болғанда, ұзақ уақыт емделмегенде және т.б

Белгілері. Тиреотоксикалық криз тез дамиды, бірнеше сағаттың ішінде және тиретоксикоздың анық клиникалық белгілерімен жүреді. Өлім қорқыныш сезімімен психикалық қозумен бірге жүреді. Қозғалыстың қозуы, күрт дірілдеу, аяқ-қолдың айқын бұлшық ет әлсіздігі байқалады. Диспепсиялық бұзылыстар, іштің өтуі және тершеңдік науқастың сусыздануына әкеледі. Беті маска тәрізді, гипермия және көз саңылуларының кең ашылуымен көрінеді. Гипертермия 40 ºС-қа дейін және одан жоғары, тынысы жиі, терең, пулсьтің жиілеуі 200 рет/мин дейін. Жіті жүрек қан-тамыр жеткіліксіздігіне әкелетін жыпылық аритмияның қосылуы, қан айналымының жеткіліксіздігімен криздің асқынуына әкеледі. Дұрыс ем жүргізілмесе психоз, галлюцинация, есінің бұлыңғырлануы дамиды. Содан кейін қатты бұлшық ет әлсіздігі, есін жоғалту, тиреотоксикалық кома дамиды.

Алғашқы көмек. Толық физикалық және психикалық тыныштық. Денені дымқыл орамалмен, ірі қан тамырлар аймағына мұзды қою арқылы суыту.

Дәрігерге дейінгі көмек. Нервті – психикалық қозу кезінде – бұлшық етке 2 мл 0,5% сибазон ерітіндісі. Ішке 10-20 тамшы Люголь ерітіндісі сүтпен. Кислород ингаляцииясы. Денені дымқыл жаймамен, мұз көпіршіктерімен суытуды жалғастыру.

Алғашқы дәрігерлік көмек. Медициналық пункт. Ішке 20 – 30 тамшы Люголь ерітіндісі. Қозу кезінде бұлшық етке 2 мл 0,5% сибазон ерітіндісі. Дене температурасын түсіру үшін дымқыл ораулар қолданылады, 2-4 мл 50% анальгин ерітіндісі, 2 мл 1% димедрол ерітіндісі. Оттегі ингаляцииясы. Артериялық қан қысымы төмендеген жағдайда – 60-90 мг преднизолон көк тамыр ішіне немесе бұлшық етке.

Ауруханаға эвакуация (ОМедБ) санитарлы транспортпен, носилкада жатқызылған қалыпта, дәрігермен фельдшермен бірге.

Тиреотоксикалық криз қазақша

Квалифицирленген және специализирленген жедел көмек (ОМедБ, госпиталь). Тиреотоксикалық криз немесе команың клиникалық белгілері сақталған, басқа ағзалар мен жүйелердің дисфункциясы кезінде жедел түрде анестезиология және реанимация (реанимация және қарқынды емдеу) бөлімшесіне жатқызу. Емдік шаралар калий, қан сары суындағы натрий, хлоридтердің, КОС- тердің мөлшерін қадағалау арқылы жүргізіледі. Мерказолилдің жоғары дозаларын тағайындау қажет. Жоғарыда айтылған препараттармен қоса қан қысымды бақылаумен 2 – 4 мл 0,25% анаприлин ерітіндісін ақырын сорғытып енгізу, 10 – 20 мл 40% глюкоза ерітіндісін, әр бір 8 сағаттан кейін ішке 10-15 тамшы Люголь ерітіндісін; 6-8 сағат сайын тамыр ішіне 125 мг-нан гидрокортизон гемисукцинат немесе преднизолон 180 – 300 мг/тәу енгізу. Жыпылық аритмиясы сақталған жағдайда жүрек гликозидтері көрсетілген — 1 мл 0,05% строфантин ерітіндісін (1 мл 0,06% коргликон ерітіндісі) физиологиялық ерітіндімен ақырын тамшылатып енгізеді. Сусыздану кезінде 0,9% натрий хлорид ерітіндісін тамшылатып, 5% глюкоза ерітіндісі, жалпы көлемі 3л/тәу дейін реополиглюкин енгізу. Тырысуларды жеңілдету үшін 2 – 4 мл 0,5% сибазон ерітіндісін тамыр ішіне береді. Жүргізілген терапиядан нәтиже болмаған жағдайда плазмаферез немесе қанды аыстыру отасы жүргізіледі.

Асқынуы және нәтижесі

  • Жүрек соғу жиілігінің өзгеруі.
  • Бүйрекүсті жеткіліксіздігі (бүйрекүсті безінің гормонының өндірілуінің төмендеуі).
  • Кома.
  • Летальды аяқталу.

Тиреотоксикалық криздің алдын алу

  • Дифузды токсикалық жемсауды уақытында анықтап, емдеу.
  • Қалқанша безіне операция алдында және радиоактивті ем жүргізбес бұрын, қандағы қалқанша безінің гормондарының дәрежесін төмендету қажет.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...