Жігіттер ұнатпайтын әдеттер

Жігіттер ұнатпайтын әдеттер

Қыздар сүйікті жігітіне күніне жүз рет хабарласады. Тіпті жұмыста отырса да, 20 минут сайын қоңырау шалатын кездері болады. Оның жұмысына кедергі келтіретінін түсінбей «маған уақыт бөлмейсің», «көңіл аудармайсың» деп ренжитіні де бар. Алып кел деп тапсырғандарымды естен шығармады ма, қарны ашып қалмады ма деп алаңдасақ та, ол үшін мазалай беруге болмайды. Қамқорлықтың да шегі бар.

Біз болмашы нәрсеге назданып, ренжіп қаламыз. Көз жасымызды көлдете салу да қиын емес. Әйел затының мықты қаруы көз жасы екенін біле тұра, оны жиі қолданатындар да бар. Қызға қылықты болған жарасады, назды қыздар жігітке көбірек ұнайды дегенмен, үнемі қайталанып тұратын құбылысқа жігіттердің еті үйреніп кетеді. Бір сағат сайын шолжаңдап, жылап қала беретін болсаңыз, бұл жігіт үшін қалыпты құбылысқа айналады да, жұбатып, көңіліңізді табуға да тырыспайды.

 

жігіттер ұнатпайтын қылықтарЖігітті еркелеткенде кішірейтіп айтылатын сөздер қолданбаған дұрыс. Оңдай тәтті сөздеріңізді балаңызға айтсаңыз болады. Ал ер адамдар өзін алып, мықты сезінеді. Сондықтан Арыстаным, Қорғаным, Патшам деген секілді лақап ат қоюға ғана болады.

Қыздар құрбысымен телефон арқылы сөйлескенде, көбіне әңгіме бірнеше сағатқа созылып кетеді. Ең жақсы ас мәзірлерін айтсын, әлеуметтік мәселені талқыласын әйтеуір сөз қылар нәрсе табады. Мөлшерімен болмаса, қай-қай нәрсе де адамды жалықтырары анық. Осы кезде «маған көңіл бөлмейсің» деп томсыраю кезегін жігіт алады.

Құрбылармен әңгіме айтып отырғанда, өсек те араласа жүреді. Әңгіме қызуына кіріп кететіні сонша, танысты да, бейтанысты да жамандап күйеуі естімей отырғандай сезінеді. Сондықтан күйеуіңнің анасы, қарындасы, жеңгесі де қызу талқылау кейіпкерлеріне айналады. Ал, еркек адамдардың ең жек көретіні – келіншегінің оның туыстарын жамандауы.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...