Гиперлактацидемиялық кома

Гиперлактацидемиялық кома. Гиперлактацидемиялық кома метаболизмдік ацидоз салдарынан қант диабетпен ауыратын адам ағзасында сүт қышқылының жиналу есебінен дамиды.

Бұл кома негізінен егде жастағы адамдарда кездеседі. Кома дамуы науқаста гипоксия болуымен (жүрек, өкпе, бауыр аурулары, созылмалы алкоголизм) сипатталады. Әсер етуші факторларға: физикалық жүктеме, жедел инфекция, анемия, интоксикация, қант диабетін бигуанидпен емдеуден улану, бүйрек жетіспеушілігі жатады. Сүтқышқылды команың дамуы өте тез, бірнеше сағат ішінде дамиды. Комада бұлшық ет ауруы, стенокардиалық төс артындағы ауырсыну, диспепсиялық бұзылыстар (жүрек айну, анорексия, құсу,іш өту ) тыныс алу жиілеуі, апатия, ұйқышылдық, санасының бұзылуы немесе қозуы байқалады. Ацидоз үдеуі салдарынан іштегі ауырсыну, жүрек айну, құсудың жиілеуі ауру жағдайы ауырлап, комаға ауысады. Ентікпе Куссмауль тынысына ауысады, қауіптің өсу белгілері дегидратация, қан қысымының төмендеуі, коллапс дами отырып олигоанурия, қантамыр ішілік тромбоз дамиды.

Гиперлактацидемиялық кома

Қанда: гипергликемия айқын емес немесе қалыпты гликемия, сүтқышқылының мөлшері жоғарылаған, рн қанда төмен, гиперазотемия және гиперлипидемия, кетон денелерінің мөлшері қалыпты.

Зәрде: аглюкозурия, ацетон жоқ.

Емі: интенсивті терапия, ацидозды түзетуге арналған инфузия көмегімен рн қадағалап отырып, бикарбонат натриды 2,5-4 % 500-1000 мл енгізу. Жүрек қантамырлар жетіспеушілігінде немесе инфаркт миокард кезінде трисаминді 500 мл/сағ дозада қабылдайды.

  • Метилен көгі лактаты пируватқа ауыстырады сондықтан 1 % ерітіндіге тәулігіне 1-5 мг/ енгізеді.
  • Гипоксиямен күресу үшін оксигенотерапия қолданылады.
  • Аэробты гликолизді ынталандыру үшін 6-8 ед инсулин енгізіледі. Қосымша калий препараты және үнемі инсулиннің инфузиясы 6-8 ед/сағ жылдамдықпен енгізіледі.
  • Сүтқышқыл комасында өлім-жітім 60-80 % құрайды. Болжамы ацидоз дәрежесіне және сүтқышқылының қандағы мөлшеріне байланысты. Интенсивті емдеуде лактоацидоз болжамы жақсарады .
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...