Баланың денсаулық тобын бағалау

Баланың денсаулық тобын бағалау

Бала денсаулығын қорғауға арналған шаралар тиімділігінің негізгі көрсеткіші баланың денсаулығы болып табылады. Ерте жастағы балалардың «денсаулық» ұғымы – дәл осы сәттегі ауру мен зақымдану жоқтығы ғана емес, бұл детерминирленген факторлар (генетикалық, эмбриологиялық, постнатальды, социальды), көрсеткіштер (физикалық және нервті-психикалық даму, функционалды жағдайы және резистенттілік, аурушаңдық) жиынтығын түзуші денсаулық деңгейі.

Денсаулық жағдайының бағасы: сау, шекаралық жағда й- қауіп тобы немесе ауру. Денсаулық жағдайын әрбір қарау кезінде педиатр 5 негізгі белгілері бойынша бағалайды

  1. анамнезінде ауытқулар бар немесе жоқ (тұқым қуалаушылық, биологиялық, социалды)
  2. жүйелер мен ағзалардың функционалды жағдайы
  3. ағза резистенттілігі мен реактивтілігі
  4. физикалық және нервті-психикалық дамудың деңгейі мен гормониясы
  5. созылмалы ауруы және туа пайда болған патологиясының бар жоқтығы.

Анте-, интра- немесе ерте постнатальды кезеңде бұзылыстар бар жоқтығының белгілері.

Ата-анасынан отбасының кем дегенде 3 ұрпақта туу жайлы шежіресін жинау әдісі(генеалогиялық анамнез), даму тарихы, анықтамалар қағаздарындағы ақпараттарды көшіріп алу әдісі арқылы. Биологиялық және әлеуметтік анамнез жинайды. Биологиялық – жүктілік ағымы, 1-2 үштіктегі токсикоздар, түсік қаупі, жүктілік кезіндегі анасының аурулары, бала табу кезіндегі анасының жасы 18 кіші немесе 30 асқан, ұзаққа созылған немесе тез босану, сусыз кезеңнің ұзаққа созылуы, босану кезіндегі көмек, ерте постнатальды кезең – алғашқы айғайы, Апгар межесі бойынша бағалануы, омырауға салу уақыты, кіндік бауының түсу уақыты, жаңа туған кезіндегі аурулары және т.б.

Әлеуметтік анамнез – отбасы құрамы, ата-анасының білімі. Олардың мамандығы; жалпы табыстары; отбасындағы психиологиялық климат: отбасында алкоголизммен, нашақорлықпен, темекі шегумен зардап шегетін адамдар бар ма; санитарлы- гигиеналық және тұрмыстық жағдайлары.

Бірінші белгілері бойынша бағалау:

  1. Анамнезінде ауытқулар жоқ
  2. Биологиялық анамнезінде өзгерістер бар
  3. Әлеуметтік анамнезінде өзгерістер бар.
  4. Гениологиялық, әлеуметтік және биологиялық анамнезінде өзгерістер бар.

1-ші критерий — денсаулықты анықтайтын белгілері, ал қалғандары денсаулық жағдайын сипаттайтын белгілері.

2-ші критерий бойынша бағалау — ағзаның функционалды жағдайы.

Функционалды жүйелердің қалыптымен салыстыру арқылы анықталады (жүрек соғу жиілігі, тыныс алу жиілігі, артариалды қан қысымының көтерілуі, қандағы гемоглобин) және де тәртіп сипатына қараймыз.

Екінші критерилерді бағалау:

  1. Қалыпты — көрсеткіштер жасына сай, өзгеріссіз.
  2. Нашарлауы – жастық нормалардың ең жоғарғы немесе ең төменгі шегінде (көрсеткішке байланысты) , тәртібінде аздаған ауытқулар.
  3. Нашар – көрсеткіштер деңгейі жоғары немесе төмен (көрсеткішке байланысты); тәртібіндегі айқын ауытқулар .

3-ші критерий бойынша бағалау – организм резистенттілігі мен реактивтілігі .

Баланың алдыңғы қаралу кезіндегі мен қазіргі келіп отырған ауруының арасындағы уақытпен анықталады.

Үшінші кезең критериін бағалау:

  1. Жоғары — жыл ішіндегі жедел аурулар жоқ болуы.
  2. Орташа – сирек ауру ( жылына 1-3 рет)
  3. Төмен — жиі жедел аурулар ( жылына 4-7 рет)
  4. Өте төмен – өте жиі жедел аурулар (3 реттен көп).

4 критерий бойынша бағалау — физикалық және нервті-психикалық дамудың деңгейі мен гормониясы.

Нервті –психикалық дамудың топтар деңгейін анықтау жүктілік кезіндегі негізгі диагностикалық даму линиялары арқылы анықталады.

Төртінші белгіні бағалау:

  • Қалыпты деңгей – дамудың 1 тобы
  • Бастапқы ауытқулар – дамудың 2 тобы.
  • Айқын ауытқулар – дамудың 3 және 4 топтары.

5 критерий бойынша бағалау — созылмалы ауруы және туа пайда болған патологиясы бар.

Педиарт, дәрігер-маман қарауымен, параклиникалық әдістермен анықталады.

Бесінші белгілері бағалау:

  1. Созылмалы ауруы немесе туа пайда болған ақауы бар (ауру)
  2. Шекаралық жағдайлар анықталған (қауіп тобы)
  3. Созылмалы ауруы немесе туа пайда болған ақауы жоқ (сау) ;

Әрбір критерий өз маңыздылығына, ақпараттылығына қарамастан жеке дара баланың денсаулық жағдайын толық сипаттай алмайды, комплексті түрде бағалау керек, сол кезде ғана барлық көрсеткіштер бойынша көрсетілетін денсаулық топтарын құра аламыз:

  • 1 топ — сау балалар, зерттелген жүйелерінің қалыпты функционалды көрсеткіштерімен, сирек ауратын (жылына 3 ретке дейін), қалыпты физикалық, нервті-психикалық дамумен, анамнезінде ауытқулар жоқ.
  • 2 топ — қауіп тобы
  • 2 а топша- биологиялық және әлеуметтік анамнезінде қауіп факторы бар балалар.
  • 2 б топша — функционалды ауытқулары бар, физикалық өзгерістер басталуымен, бірақ созылмалы аурулары жоқ.
  • 3 топ – компенсирленген формадағы созылмалы аурулары бар балалар. Компенсация тобы- (созылмалы ауруының сирек өршумен, сирек жедел аурулар, организм функциясының қалыпты деңгейімен).
  • 4 топ – субкомпенсация сатысындағы созылмалы аурулар (жылына 3-4 рет созылмалы ауру өршуі, жиі жедел аурулар жылына 4 рет және одан көп, организм әр түрлі жүйесінің функционалды жағдайының нашарлауы);
  • 5 топ – компенсация сатысындағы созылмалы аурулармен ауыратын балалар (патологиялық өзгерген ағзаның, басқа жүйелердің де айқын функционалды бұзылыстары; жиі жедел аурулар, физикалық және нервті – психикалық даму деңгейі жасына сай немесе артта қалған);

Бала денсаулық жағдайын комплексті бағалауды дәрігер-педиатр бала босану үйінен шыға салысымен алғашқы қарауда немесе басқа емдік-профилактикалық мекемеден көшірмелерді алып, баланың жағдайы туралы хабардар болуы тиіс. Сосын бағалау бала өмірінің бірінші және екінші жылы әр квартал сайын; 3 жылында- жарты жыл сайын; 3-15 жасқа дейін әрбір жыл сайын жүргізіледі. Бала даму тарихында сәйкесінше ақпараттар жазылуы тиіс. Баланы бақылау кезінде денсаулық топтары денсаулық жағдайы деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Балаларды денсаулығына байланысты топтарға бөлу олардың денсаулық деңгейін тиімді және салыстырмалы түрде бақылауға, емдеуге және сауықтыруға көмектеседі.

Бала денсаулық тобын анықтау

1-ші топтағы балалар — сау балаларды қарауға белгіленген профилактикалық қарау кезінде бақыланулары керек. Осы топтағы балаларға арналған дәрігерлік тағайындаулар профилактикалық, тәрбиелік және жалпы сауықтырушы сипатта болу керек.

2-ші топтағы балалар — қауіп тобындағы балалар дәрігер- педиатр көп көңіл бөлу керек, себебі профилактикалық, емдік және жалпы сауықтырушы шаралар уақытылы және мақсатты түрде болып, созылмалы патология алдын алуға бағытталу керек. Ауытқу сипатына байланысты олар жиірек қаралулары керек (дәрігер-педиатр немесе мектепке дейінгі мекеме дәрігері бақылауына байланысты). Тағайындаулар көрсеткіштеріне байланысты әлеуметтік сауықтырушы және емдік болуы тиіс.

2а топшасындағы балалар денсаулығы қауіп факторларына байланысты жүйеленген, жасына байланысты уақытта жиі неврапатологтар мен эндокринологтар және басқа да мамандар қарауында болу керек, аурудың алдын алу үшін қаралып отырулары керек.

3,4,5 топтағы балалар денсаулығы маманның диспансерлік тіркеуінде болады ф. № 030/у. бойынша.

Диспансерлік бақылау уақытына байланысты педиатр және дәрігерлермен бақыланып отыруы тиіс. Негізгі диагнозына байланысты жүйелендірілген сауықтыру және емдік шараларды қажет етеді. Жиі бұл топтағы стационарда, санаторилерде емделуді немесе оперативті араласуды талап етеді.

Дәрігер-педиатрдың профилактикалық қабылдауды жүзеге асыру кезінде тағайындаулары бала жеке ерекшеліктеріне байланысты 10 негізгі нақты кезектілікті пунктімен аяқталады. Тағайындаулар қысқартылған аттармен нақты сандармен толтырылып, ана-аналарға түсіндіріледі.

  1. Режим (Р). Режим номері бала жасына сай тағайындалады.
  2. Тамақтану (Т). Ерте жастағы балаларды тамақтандыру әдістемелігіне байланысты тағайындалады.
  3. Физикалық тәрбие (Ф.Т.)- сәйкесінше комплексті массаж, гимнастика және шынықтырушы шаралар тағайындалады.
  4. Тәрбиелік әсерлер (Т.Ә.)

Әр түрлі эпикриздік уақыттардағы қалып қоюларға байланысты топтардағы көрсеткіштер мен дамуына сәйкес тағайындалады.

1 топтағы балалар дамуы әдеттегі жас периодына байланысты педагогикалық тағайындауларды қажет етеді.

2 топтағы нервті-психикалық даму қалыптыға сәйкес балалар әдетте жас периодына байланысты педагогикалық тағайындаулар беріледі; индивидуалды дамуында біріншілік қалып қою белгілері бар балаларға, басқа жастық көрсеткіштерге байланысты жақын уақыттағы педагогикалық тағайындауларды қажет етеді.

Нервті- психикалық дамуына байланысты 3 және 4 топтағы балалар мамандар консультациясы мен тағайындауларын қажет етеді; психоневролог, сөйлеу дамуы тежелуі болса- дефектолог, логопед кеңестері қажет.

Алдын – алу екпелер (П.Е) екпелер күнтізбесіне сәйкес тағайындалады немесе уақытша медициналық көрсеткіштерге байланысты жасалмайды.

Шекаралық жағдайдың алдын – алуына — диатез, рахит профилактикасын жатқызады, ол көрсеткіштер және нұсқаулақтар бойынша жасалады.

  1. Күнтізбелік диспансеризация (К.Д.)- келесі қаралу уақыты белгіленеді.
  2. Ф.30 бойынша (Д. Ф.30) диспансеризация.

Ф.30 бойынша тіркеуде тұрған балаға келесі келу уақыты назология формасына және медициналық нұсқаулықтарға байланысты белгіленеді.

  1. Анализдер, зерттеулер- көрсеткіштер және диспансеризация жастық кезеңіне байланысты тағайындалады.
  2. Симптоматикалық ем.

Жергілікті педиатрдың алгоритм бойынша жүргізілген профилактикалық қарауы мынаны қамтамасыз етеді:

  1. Профилактикалық шараларды дұрыс ұйымдастыру үшін баланың индивидуалды ерекшеліктерін және оны тәрбиелеу шарттарын зерттеп, анықтау қажет.
  2. Дамуындағы және денсаулығындағы ауытқуларды ерте анықтау — өз тобын белгілеу- емдік профилактикалық және сауықтыру шараларын, созылмалы аурулар дамуын алдын алуға бағытталған.
  3. Жергілікті дәрігер жұмысын ұйымдасуына, реттелуін қамтамасыз етіп, оның уақытын үнемдейді. Көңіл бөлу қажет индивидуалды ерекшеліктер ұмытылмай, бала дамуының ауытқуы мен денсаулық жағдайын өзгерістерін дер кезінде анықтауға көмектеседі.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...