Нәрестенің шекаралық жағдайлары

Нәрестедегі шекаралық жағдайлар

Баланың жаңа өмірге бейімделу процесі босану кезінде немесе туғаннан кейін басталады. Бала дүниеге келгеннен кейін оның өмір сүру ортасы өзгеріске ұшырайтындықтан , жаңа туған нәресте ағзасында айтарлықтай өзгеріс болады. Оны транзиторлық немесе шекаралық жағдайлар деп атайды.

Анықтамасы. Шекаралық (транзиторлы ) жағдайлар дегеніміз — арнайы емді қажет етпейтін, жаңа туған нәрестенің бейімделу себебінен болатын симптомдар жиынтығы.

Есіңізге сақтаңыз! Бұл симптомдар өздігінен жазылады. Нәресте туылған күннен бастап 28 күнге дейін созылады.

Артериялық және веналық өзектің жабылуы

Бала туғаннан кейін нәресте баланың жүрегінде тек ұрыққа тән өзгерістердің функциональды тоқтауы жүреді. Артериялық өзектің анатомиялық жабылуы нәрестелердің 36% пайызында нәресте өмірінің екінші аптасында, 80 % пайызында – өмірінің сегізінші аптасында байқалады. Артериялық өзектің сопақша тесігі бала туғаннан кейін жабылады, анатомиялық бітелу –бірнеше айдан немесе жылдан кейін аяқталады. Веналық (аранциев) өзегінің анатомиялық жабылуы нәресте өмірінің үшінші аптасында жүреді.

Алғашқы салмақты жоғалту

Өмірінің бірінші күндері нәрестеде аздаған ашығу, су және сүт жеткіліксіздігі туындауы мүмкін. Алғашқы салмақты жоғалту қарқыны 3-4-ші немесе 5-ші күндері байқалады.

Шекаралық жағдайлар

Нәресте балалардағы шекаралық жағдайлар

Алғашқы салмақты жоғалту дені сау балаларда 6 % болады. Төмендегі жағдайларда дене салмағын жоғалту 10% аспау керек:

  • Шала туылған балаларда
  • туған кезде салмағы жоғары балаларда
  • туған кезде жарақат алса
  • ұзақ босану кезінде
  • анасындағы гипогалактия болғанда
  • баланың қатты қызуы немесе тоңуы кезінде

Дене салмағын 10 пайыздан артық жоғалту коррекцияны қажет етеді. Дене салмағын жоғалтуды болдырмас үшін баланы 6 айға дейін қалауынша, әр жылаған сайын, күндіз –түні емізу өте қажет!

Жоғалған дене салмағының қалпына келуі:

  • Нәрестелердің 50-70% өмірінің 6-7 күндері, 75-80% 10 күннен кейін , барлық дені сау балаларда 2 аптадан кейін қалпына келеді.
  • Жаңа туған нәрестелердегі тері өзгерістері
  • Транзиторлы гипотермия
  • Нәрестенің туған кездегі дене температурасының төмендеуі. Туған сәттен бастап 30 минутқа созылады. Минутына 0,3 градусқа төмендейді.
  • 5-6 сағаттан соң , баланың дене температурасы керісінше, жоғарлайды. Одан кейін, бірқалыпты температура қалыптасады. Дене температурасының кеш қалпына келуі оның компенсаторлы бейімделуінің әлі жетілмегендігінің себебінен болады.

Дене салмағының физиологиялық төмендеуі

Ең алғашқы ашығу салдарынан сүт пен судың жетіспеу салдарынан болады. Көбінесе баланың кіндігі құрғаған сәтке сәйкес уақытта байқалады. Ең алғашқы күндері меконий деп аталатын нәжіс бөлінеді. Осы себептерден дене салмағының азаюы байқалады.

Дене салмағының максимальді төмендеуі 3-4 күні байқалады.

Есіңізде болсын! Жетіліп туған нәрестеде дене салмағының азаюы 6-10% (300 гр дейін) құрайды. Содан кейін дені сау нәрестенің салмағы қалпына келеді. Күніне 10 граммнан 50 граммға дейін салмақ қосады.

Бүйрек қызметінің транзиторлы ерекшеліктері

Ерте неонатальді олигурия дегеніміз – зәрдің кем дегенде 15 мл/кг тәулігіне бөлінуі. Бұл өзгеріс алғашқы 3 күнде байқалады. Неонатальді олигурия — бала ағзасының компенсаторлы бейімделуінің маңызды көрсеткіші болып саналады.

Транзиторлы олигурия кезінде зәр шығару саны өзгермейді. Алғашқы 1 ай ішінде тәулігіне 20 рет зәрге шақыртулар болады.

Есте сақтаңыз! Нәресте өмірінің ең алғашқы 3 күнінде әр зәр шығару мөлшері алдыңғысынан қарағанда аз мөлшерде болуы мүмкін.

Аналар үшін ескерту. Подгузниктерді әр 2-3 сағат сайын ауыстырып отырған дұрыс.

Протеинурия – зәрде ақуздың болуы

Әрбір жаңа туған нәрестелерде болады. Протеинурия салдарынан зәрдің түсі лайлы болуы мүмкін.

Транзиторлы дисбактериоз

Ішек микрофлорасының қалыптасуы кезінде байқалады. Жаңа туған нәрестелерде мндетті түрде болады. Асқынбаған жүктілік кезінде ұрық қоршаған ортамен байланыс жасамай тұрып, яғни, жарық дүниеге келмес бұрын стерильді болады. Бірақ құрсақта жатқан ұрықта анасының микрофлорасы болады.

Босану кезінде баланың терісі мен шырышты қабаттарына шартты патогенді флора ене бастайды. Босанғаннан кейін алғашқы аптада нәрестенің терісі мен шырышты қабаттарындағы қорғаныс жетілген дәрежеде болады. Сол себепті транзиторлы дисбактериоз болады. Бала дүниеге келген кезде міндетті түрде оны анасының терісімен жанастыру қажет. Сол кезде анасының микрофлорасы балаға енеді .

Жазған: Еркебулан Молдаханов

Семей мемлекеттік медицина университетінің 6 курс интерн дәрігері

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...