Балалардағы гастрит, жара ауруы

Балалардағы гастрит және жара ауруы кезіндегі қолданылатын тағамның түрлеріне кеңестер

Жара ауруы

Жара ауруының жиілігі балалар арасында Нью – Йорк аймағында – 23,5 — 100000 адамға, жалпылама зерттеулер  бойынша Ресейдің Солтүстік Батысында – 4% оқушыларда жара ауруы анықталған.  Оның  орналасуы: 80% — он екі елі ішек, 13% — асқазанда, 7% — бірлескен.

Клиникалық көрінісі. Ересектерге қарағанда балаларда «жара алды жағдайды» бөліп қарауға болады. Балаларда жара ұзақ паталогия барысында дамиды.

Келесі жағдайларда жара алды  жағдай туралы айтуға болады:

  • жара ауруы тұқымында болса
  • асқазанның жоғары қышқыл түзу қабылетінде
  • қанда пепсиноген І мөлшерінің жоғарылауы
  • асқазан сөлінде бикорбонаттар түзілуінің болмауы.

Балаларда клиникалық көріністері жиі анық емес. Негізгі үш синдромды бөледі:

  • ауырсыну
  • диспепсиялық
  • астеновегетативті

Ауырсынулар:

  • циклді
  • өршу жиі күз – көктемде
  • кезеңділік — өршу кезінде ауырсынулар күнделікті екі – үш апта ритмді – «моинигандық» ритм – аштық – ауырсыну; тамақ – ауырсыну басылуы.

Міндетті лабораториялық зерттеулер:

Жалпы қан анализі (өзгеріс болса 10 күнде бір рет).

  • Қан тобын анықтау
  • Резус – фактор
  • Нәжісті жасырын қанға тексеру
  • ЖЗА
  • Қан сарысуындағы темір мөлшері
  • Ретикулоциттер
  • Қант мөлшері
  • Биоптаттың гистологиялық зерттеуі
  • Уреазды тест (СLO – тест және т.б.)

Міндетті инструментальді зерттеулер:

  • Бір рет: бауыр, өт жолдары, ұйқы безінің УДЗ.
  • Екі рет: Эзофагогастродуаденоскопия көздеуші биопсиямен және щеткелік цитологиялық зерттеумен. Мамандар кеңесі көрсеткіштер бойынша.

Асқазан жарасы мен он екі елі ішек жарасының ажырату белгілері.

Көрсеткіш Он екі елі ішек жарасы Асқазан жарасы
Жасы Жиі жастар Жиі ересектер
Жынысы Жиі еркектер Бәрібір
Тұқым қуалаушылығы Жиі Байқалмайды
Қан тобы Жиі О (І) Жоқ
Жақтаулы клеткалар саны Көп Сау адамдыкінен аз
Ағымы Кезеңділік, мезгілділік тән Тән емес
Ауырсыну сипаты Әдетте күшті Жиі әлсіз
Ауырсыну сипаты ауырсыну түңгі аш қарында Тамақ ішу кезінде, немесе тамақтан  соң
Ауырсыну орны Іштің ортаңғы сызығынан оңға қарай Іштің ортаңғы сызығынан солға қарай
Көмектеседі Тамақ пен сілтілер Сілтілер құсу
Асқазан **** Күшейген Әлсіз немесе қалыпты
Диспепсиялық бұзылыстар Қыжылдау мен құсу  басымырақ Жүрек айну, кекіру
Қышқылдылық Жоғары Төмен немесе қалыпты
Базальді секреция Жоғары Қалыпты
Түңгі секреция Жоғары Қалыпты
Әртүрлі моторика себебі І секреция фазасы бұзылысы ІІ фаза бұзылысы
Шырышты қабат жағдайы Жиі қалыпты Гастрит
Малингнизация Кездеспейді Тән

Емі:

Диета: механикалық, химиялық термиялық қауіпсіз. Тамақ қабылдау 5 – 6 рет, 3,5 – 4 сағат интервалмен. Өршу кезінде қатал диета сақтау. Емдік 1а, 1б және 1в Певзнер бойынша диеталар қолданылады.

Жара ауыруының оптимальді емінің қағидалары.

  1. Ремиссия индукциясы (2 апта)
  • протонды помпа пигибиторлары (2 апта) + 2…3
  • антихеликобактерлі препараттар (1 апта)
  1. Ремиссия кансолидациясы (2…4 апта)
  • протонды помпа ингибиторлары немесе step down:

Н2 – гистаминді рецепторлар блокоторлары не сукральфат, немесе антацидтер.

  1. Қажеті бойынша ем (ad libidum)
  • жоғарыда көрсетілген заттар қажеті бойынша (бір рет не курспен)

Ем мақсаты:

  • Қышқылдың жоғарғы секрециясы мен пепсинді төмендету
  • pylori эрадикациясы
  • Антро – дуоденальді моториканы қалпына келтіру
  • Шырыштың резистентілігін  жоғарлату.

Фармакотерапия:

+ Протонды помпа ингибиторлары (Н+ К— АТФ-аза) – омепразол, пантопразол.

Суперселективті заттар 813 – ші аминқышқылға қосылып (пистенин) тек асқазанның қышқылды ортасында активтенеді. Фермент жақтаулы клетканың апикальді мембранасындағы Н+ , К+  иондарының алмасуын қамтамасыз етеді. Секрецияның тежелуі 1 сағат ішінде басталады; максимум – 2…2,5 сағ. соқ; эффективтілігі – 2…3 тәулік. Мөлшері – 20 мг/1,73 м1 рет тәулігіне. Курс 2 – 3 апта.

+  Н2  — гистаминблокакторлар (циметидин) (20 – 40 мг/кг тәулігіне 4 рет түңге қарай – АҚШ); (400 мг – Санкт – Петербург); екінші тұқымы рантидин (150 мг күніне 2 рет – Санкт – петербург).

Тұз қышқылының түзілуін төмендетеді, рН  мөлшерін жоғарылатып, пепсин белсенділігін төмендетеді. Толық мөлшері 2 – 3 апта беріледі;

Содан соң мөлшерін 50 төмендетеді 1 – 2 апта; одан соң тоқтатады – (Санкт – Петербург) АҚШ – емдеу курсы 4 – 6 апта; егер клиникалық белгілері сақталса, онда препараттар түнде тағы 3 – 12 ай қабылданады.

+ Антацидтер (маалокс, алмагель, фосфолюгель) 0,5 – 1,0 мл/кг мөлшерден бастап тамақтан соң 1 немесе 3 сағаттан соң және түзуге қарай күшіне 5-6 рет тағайындалады. Іш қатулар мен іш өтулерді  болдырмас үшін құрамында магнит мен алюминийі бар препараттарды кезектестіру керек (проф. Корншнко Е.А). Жаңа қатардағы антацидтерден протаб,  бөліп айтуға болады, олар асқазан шырынын қаптай отырып оған қорғаныш қабатын түзеді және адсорбциялық қасиетімен: бұл топтағы препараттар іш кебуді азайтады.

Қабат түзуші дәрілер, қабынған беттерінде қорғаныш қабатын түзеді. Н+тің кері диффузиясын тежейді.

  • Коллондты висмут субстраты (де – нол, вентросол) Олар сонымен қатар хеликобактерге қарсы әсер көрсетеді.
  • Қолданылуы: 1 таблеткадан күніне 3-4 рет тамақ ішкенге дейін 30 минут бұрын және түнге қарай. Емдеу курсы 3-4 апта.
  • Сукральфат – нашар сіңірілетін сульфатирленген дисахариді (вентер, антепсин)

Қолданылуы: 1 таб 3 рет тамаққа дейін 30 минут бұрын және түңге қарай 4-6 апта (1г/1,73м2 – АҚШ)

Heliobacter Pylori  эрадикациясы.

Біріккен гастроэнтерологиялық ұйым нұсқаулары (Маастрихт 1996 жыл)

  1. Пептикалық жара (өршу және ремиссия кезеңі)
  2. Айқын гастрит
  3. Асқазан резекциясынан кейінгі жағдай

Асқорыту жүйесінің ауруы бар балалардың ата-аналарына күн тәртібі мен тамақтануы бойынша нұсқаулар.

Балаларға күн тәртібі мен тамақтану тәртібін ұйымдастыру қажет, ауруына байланысты. Жүйке жүйесіне жағымсыз факторлардың әсерін бақылау керек. Дүрыс режим, диетаны сақтау және профилактикалық курстар баланың толық жазылып кетуіне көмектеседі.

Күнделікті таза ауада серуендеу, түңгі ұйқы кіші мектеп жасындағы балалар үшін 10-10,5 сағат, ересек балалар үшін 8-9 сағаттан аз емес, үйде дене шынықтыру, мектепте дайындық топта.

Қанғұрт тістерді уақытында емдеу, мұрын жұтқыншақ ауруларын емдеу, глисттар мен лямблияларды қуу. Спорттық жарыстарға қатысуға болмайды, футбол, баскетбол ойнау, ауыр физикалық жұмыс істеуге болмайды.

Тамақтану, қатал режим, тамақты уақытында ішу, күніне 5 рет, 3-3,5  сағат үзіліспен. Тамақ құнарлы болу керек, әртүрлі және диета талаптарына сай болу керек. Дәрігердің рұқсатымен диетаны кеңейтуге болады.

Репаранттар (солкосерил, облепиха майы, гастрофарм), тыныштандыратын заттар. Сонымен қатар диета.

Кеш сауықтыру жергілікті санаторийде жүргізіледі, онда психотерапия, емдік педагогика, балалар толық тамақтанады, минералды сулар қолданады. Ішке қабылдау үшін сульфатты магнийлі, натрийлі, гидрокарбонатты сульфатты сулар 1,5-2 мл\кг бастап, бір апта бойы содан соң толық 30-60 минут бұрын, 38-39 градус жылытылған күйде қабылданады, 3-4 апта бойы. Сонымен қатар физиоем, ЛФК қолданылады.

Қалпына келтіру емі екіншілік профилактика поликлиникада жүргізіледі, құнды тамақтану, режим, көрсеткіштері бойынша седативті, адаптогенді заттар, жень-шень тұнбасы 1 тамшы 1 жыл жасына, элеутерокк тұнбасы тағайындалады. Санаторлы емнен соң 6 ай курорттық ем көрсетілген, онда минералды сулар қайталап тағайындалаы, ванналар, физиоем, балшықты асқазанға жабыстыру.

Динамикалық бақылау. Сауықтырудан соң жара ауруынан зардап шегетін балалар дәрігермен кварталына 1 рет, тұрақты ремиссияда жылына 2 рет, өршу мен зерттеу үшін госпитализация 1-2 рет жылына.

Балалардағы гастрит және асқазан жарасы

Қажет зерттеулер; қан және зәр анализі жылына 2 рет, копрограмма жылына 4 рет, ФГДС, интрагастральды pH-метрия, фракционды асқазанды зондтау, құрсақ қуысы УДЗ.

Диспансерлік есептен толық клиника-эндоскопиялық ремиссия 5жыл бойы болғанда алынады.

Асқорыту жүйесінің ауруы бар балалардың емдік дене шынықтыруы.

Емдік физкультура балалар гастроэнтерологиясында медициналық сауықтырудың бір әдісі болып табылады. ЕФК қолдану морфофункционалды қалыптасуға, негізгі аурудың ұзақ ремиссиясына, сонымен қатар ағзаның функционалды қорын күшейтеді, балалардың физикалық сапасын жақсартады.

ЕФК-ң нәтижелілігі тек оның аурудың патогенетикалық звеноларына әсеріне байланысты емес, сонымен қатар арнайы емес емнің сапасын жақсартуға байланысты. ЕФК әдістеріне физикалық жаттығулар, әртүрлі ойындар, массаж және шынықтыратын процедуралар жатады. Олар тікелей ОЖЖ әсер етіп, асқорыту қызметін жақсартады, моторлы висцералды рефлекстерді қалпына келтіреді. Арнайы жаттығулар мен массаждар құрсақ қуысында қан айналуды жақсартады, құрсақ ішілік қысымды реттейді. Емдік гимнастика сабағындағы жүйелер асқазанның секреторлы қызметіне әсер етеді, жоғары жүйке тежейді, әлсіз не орташа күшейтеді.

Ішектің созылмалы аурулары.

Созылмалы энтероколит, энтерит іш қатулармен

Шектеледі;

Жаңа піскен нан, күріш, күшті сорпалар, майлы ет, қақталған тамақтар, консервілер, майлы балық, баяу еритін майлар, бұршақ тұқымдастар, жемістер, құрамында эфир майы бар, пияз, саңырауқұлақ, Тұздалған, ащы тамақтар, кофе, ашты шай

Болмайды;

Ақ нан, кептірілген нан, ботқа, геркулес ботқалары, майлы емес сиыр еті, майлы емес балық, жұмыртқа, ірімшік, ватрушка, сары май, өсімдік майы, әртүрлі жемістер, ұсақталған, қайнатылған жидектер, жемістер, қышқыл емес шырындар, кептірілген жемістер, қара өрік, сары өрік сұйық шай, кофе, итмұрын қайнатпасы аз мөлшерде бал, тосап.

Созылмалы гастрит, гастродуоденит, жара ауруы

Жоғары қышқылдықта

Болмайды:

сөл айдайтын заттар, ет пен балықтың майлы түрлері, жаңа пісірілген нан, құрамында қатты клетчаткасы бар көкөністер, қышқыл шырындар, шоколад, какао, кофе, газды сулар, қуырылған, ащы тамақтар, тұздалған тамақ, шұжықтар

Болады;

көкөністер, крупалар, майсыз ет және балық, тауық, буда піскен балық, бітеу жұмыртқа, қышқыл емес ірімшік, сұр және ақ нан, кептірілген нан, жақсылап қайнатылған ботқалар, вермишель, көкөніс пюрелері, қышқыл емес шырындар, кілегей, өсімдік майы, сүт, ашты емес шай, буда піскен тамақтар

Созылмалы энтерит, іш өтудің басымдығымен

Шектеледі:

нан, қара және ақ крупалар, ашты сорпалар, майлы ет, балық, қышқыл ірімшік, нашар еритін майлар, бұршақтар, қатты клетчаткалы көкөністер, қышқыл шырындар, тұздалған, ащы тағамдар, приправалар, қуырылған тамақтар.

Болады:

кептірілген нан, ботқалар; жабысқақ, үгітілген қайнатылған, әлсіз сорпалар, етті, балық, көжелер, суфле түрінде майлы емес ет, балық, бітеу жұмыртқа, ірімшік паста түрінде, қышқыл емес айран, сүт, сары май, өсімдік майы, кілегей, көкөністер қайнатылған, бұқтырылған жемістер, піскен алма, тәтті жидектер, гранат, петрушка, лавр жапырағы

Арнайы емес жаралы колит

Шектеледі:

диета 4б және 4в, қара нан, тоқаш, пирог, блины, кәмпиттер, сүт, айран, ірімшік, сыр, кілегей, шикі көкөністер, жемістер, томат, апельсин, өрік, жүзім, қарбыз, тұздалған, маринадтар, ащы тамақтар, қуырылған тамақтар

Болады:

кептірілген нан, құрғақ печенье, сливочный май, күріш, гречка ботқалары, майсыз ет, балық сорпалары, күріш, вермишель, буда піскен ет, балық котлет түрінде, аллергия болмаса бітеу пісірілген жұмыртқа, омлет, картоп қайнатылған пюре түрінде, сүтсіз кисельдер, гранат шырыны, піскен алма

Төмен қышқылдықта

Шектеледі:

шырышты сорпалар, шошқа майы, консерві, жаңа піскен нан, ұн тағамдары, кремдер, балмұздақ, суық сүт, газды сусындар

Болады:

сөл айдайтын заттар мен тамақтар, ет, тауық, қайнатылған балық, буда піскен котлет, бітеу пісірілген жұмыртқа, ащы емес сыр, ірімшік, кепкен нан, шырындар, шай, кофе, бал, аз мөлшерде

Өт шығару жолдарының, бауырдың аурулары

Шектеледі

құрамында экстрактивті және эфир майы бар тамақтар, ет, балық, сорпалар, соустар, шұжық қақталған тамақтар, консервілер, горчица, баяу еритін майлар, шошқа, сиыр, қой, қатты клетчатка, қара нан, бұршақ, кондитерлік тағамдар, кофе, суық сүт, балмұздақ, газдалған сулар, қуырылған тамақтар

Болады

көкөніс көжелері, майлы емес еттер, тауық, жұмыртқа, ірімшік, сүт, айран, сары май және өсімдік майы, көкөніс салаттарына қосылған кілегей, ақ нан, крупалар, күріш, көкөніс гарнирлері, жемістер, жидектер, сәбіз, асқабақ, қызанақ, қарбыз, мармелад, зефир, джем, буда піскен тамақтар

Созылмалы гастрит ремиссия кезеңінде

Шектеледі:

қара нан, жаңа пісірілген нан, қаптама, ет, тауық, балық сорпалары, майлы емес ет, тауық, балық, бауыр, бүйрек, ми, қақталған тамақтар, шұжық, консервілер

Болады:

ақ нан, кептірілген нан, жеміс көжелері, майлы емес сиыр еті, бұзау еті, қоян еті суфле түрінде, майлы емес балық, сазан, шортан, треска, сүт, тамаққа қоспа ретінде, сүтті шай, айран, ірімшік, ашты емес сыр

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...