Кандидоз қазақша. Ауыз қуысы кандидозының қазіргі кездегі емі

Кандидоз

“Кандидоз” термині дрожже тәрізді саңырауқұлақтың туғызатын созылмалы ауруларын біріктіреді.

Этиология. Тығыз агар ортасында саңырауқұлақ колонияларының диаметрі 1 ай дейін жетеді, ақшыл-сарғыш түсті, беті тегіс немесе бұдыр қатпарлы немесе бұршақты. Колониялар ортадан оңай алынады.Сұйық ортада пленка тәріздес болып дамиды, жоғары температураға сезімтал: олар 60-70С өле бастайды, бірнеше минуттың ішінде өледі.

kandidoz

 

Эпидемиология. Кандидоз кезінде инфекция көзі-ауру адам, реконвалесценты және дрожже тәрізді саңырауқұлақтар тасушысы.

Кандидоз әртүрлі жерлерде дамиды. Адамның шырышты қабығы және терінің микробты ассоциациясында қоздырғыштар болады. Кандидозбен ауыратын адамдарды күтуде қолданылатын заттарда, жұмысшылардың қолында, киімінде, шаштараз жабдықтарында табылады. Кандидоздың аллергиялық формалары антибиотик шығаратын завод жұмысшыларында болады.

Клиникалық сипаттама. Кандидоздың клиникалық пайда болуының 4 тобын ажыратады:

1.Үстірт кандидоз – шырышты қабық, тері, тырнақ кандидозы

2.Созылмалы гранулематоздық кандидоз

3.Висцеральді кандидоз тыныс алу, асқорыту, зәр шығару жүйелерінің кандидозы

4.Кандидоздың екіншілік (аллергиялық) формасы

Емдеу.

Ауыз қуысы кандидозының емі  (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығының 2015 жылғы 15 қазандағы №12 протоколы бойынша):

 

Дәрісіз ем:  Режим III. Стол №15.

Дәрілік ем: Амбулаторлы жағдайда көрсетіледі. Орташа және ауыр түрлерінде саңырауқұлаққа қарсы препараттар, антигистаминдік препараттар қолданылады.

Саңырауқұлаққа қарсы препараттар (біреуін ғана таңдайсыз):

  1. Кетоканазол, 200мг , per os , 1-2 таблеткадан (200-400мг) тәулігіне ішу, 2 апта бойы осы мөлшерде ішу, 2 аптадан кейін тәулігіне 1 таблеткадан толық сауыққанға дейін ішу.
  2. Флуконазол, 50мг,  per os,  50-100мг/тәулігіне, 7-14 күн аралығында ішу.

Саңырауқұлаққа қарсы препараттар (біреуін ғана таңдайсыз):

  1. Нистатин, 1%, зақымдалған ауыз қуысының шырышты қабатына апликатор жабыстыру , тәулігіне 2 рет, емдік курсы 7-14 күн.
  2. Клотримазол, 1%, зақымдалған ауыз қуысының шырышты қабатына апликатор жабыстыру , тәулігіне 2 рет, емдік курсы 7-14 күн.

Антисептиктер:

  1. Хлоргексидинабиглюконат, 0,05% ауыз қуысын шаю, 3 рет күніне. Емдік курсы 14 күн.

 

Ауырсынуды басатын препараттар (көрсеткіш бойынша, қажеттілік болғанда ғана қолдану):

  1. Лидокаин гидрохлориді, 1%, тамақ ішер алдында ауырсынуды басу үшін қолданылады

Амидті анестетиктерді (лидокаин) көтере алмаған жағдайда;

  1. Прокаин, 5мг/мл, 0,5%, тамақ ішер алдында ауырсынуды басу үшін қолданылады.

Назар аударыңыз: Ауыз қуысы кандидозы кезіндегі ауырсынуды басу үшін қазіргі кезде Камистад препараты да қолданылады.

Жазған; Молдаханов Еркебулан

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...