Кардиогенді шок

Кардиогенді шок

Кардиогенді шок дегеніміз- ағзалар мен тіндерді қанмен қамтамасыз етудің бұзылу белгілері бар артериялық қысымның күрт төмендеуі. Систолалық артериялық қысымы с/б бойынша 90 мм төмен, пульстік қысым – с/б бойынша 20 мм төмен болады. Шеткілік қан айналымының бұзылу симптомдары (көгеріп бозарған өң, суық тер, шеткі веналардың жоғалуы, саусақ пен бақай терілерінің суық болуы); қан айналу жылдамдығының баяулауы (тырнақты не алақанды басқанда болатын ағарудың жоғалу жылдамдығының уақыты — 2 сек артыққа ұзарады); диурездің азаюы (сағатына 20 мл азаяды); есінің бұзылуы (әлсіз тежелуден тіпті комаға дейін).

Шынайы кардиогенді шокты рефлекторлық, аритмиялық, дәрілік шоктардан, оң қарыншаның зақымдануынан, ӨАТЭ, гиповолемиядан, қатайған пневмоторакстан, шоксыз артериялық гипотензиядан ажырату қажет.

Кардиогенді шок

Кардиогенді шок кезіндегі жедел көмек

1. Өкпеде қарқынды тоқырау жоқ кезде:

  • аяқтарын 20 градусқа дейін көтеріп және басын көтеріп отырғызу;
  • оксигенотерапия;
  • ангинозды ауырсынуда – тиімді басу: морфин — венаға 2-5 мг әрбір 5-30 мин сайын ауырсыну толық басылғанға дейін;
  • қарыншалардың жиырылу жиілігін реттеу (минутына 150 жиі пароксизмді тахиаритмияда – электроимпульстік терапия (ЭИТ), минутына 50 сирек жіті брадикардияда – электрокардиостимуляция (ЭКС);
  • гепарин 10 000 ЕД венаға егу.

2. Өкпеде қарқынды тоқырау мен орталық веналық қысымның жоғарылаған белгілері жоқ кезде:

  • 200 мл 0,9% NaCl венаға 10 минут арасында тамшылатып егу,
  • АҚ, тыныс пен пульс жиіліктерін, өкпе мен жүректің аускуль-тациялық көріністерін қадағалау қажет (артериялық гипертония дамыса және трансфузиялық гиперволемия белгілері болмаса трансфузияны жалғастыру қажет).

3. Дофамин 200 мг 400 мл реополиглюкинде немесе 5% глюкозада минутына 5 мкг/кг жылдамдықта артериялық қысымы аздап болса да көтерілгенге дейін венаға тамшылатып егу; егер көмек болмаса, онда қосымша норадреналин гидротартратын 2-4 мг 400 мл 5% глюкозада егу жылдамдығын минутына 4 мкг/кг дейін арттырып, артериялық қысымы аздап болса да көтерілгенге дейін венаға тамшылатып егу.

4. Мониторинг жасау (АҚ, пульс, орталық веналық қысым).

Ескерту: артериялық қысымы аздап болса да көтерілу дегеніміз систолалық қысымы с/б бойынша 90 мм жуық және ағзалар мен тіндердегі қанайналымының жақсарғанының клиникалық белгілерінің анықталуы.

Шынайы кардиогенді шокта кортикостероидтардың қажеттігі жоқ. Оларды тек шеткілік вазодилятатаорлардың әсерінен дамыған артериялық гипотензияда немесе гиповолемияда қолдану керек (нитроглицерин, т.б.).

Госпитализацияға қажеттілік. Кардиогенді шок ауруханаға, мүмкіндігінше кардиохирургиялық бөлімге, жатқызуға абсолютті көрсеткіш.

Ұқсас материалдар ретінде басқа да шок түрлерін оқи кетіңіз:

  1. Инфекциялық токсикалық шок
  2. Геморрагиялық шок
  3. Қан ағу түрлері. Қан тоқтату. Шок.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...