Сот медициналық токсикология

Токсикология және улар

Токсикология улар және олармен улануды зерттейтін ғылым саласы. Ол өз кезегінде жеке және жалпы токсикология болып бөлінеді.

Жалпы токсикология токсикалық заттардың ағзаға әсері, ал жеке токсикология болса, жекелей улы заттардың ағзаға тіклей және жанама әсері, олардың емдеу және алдын алу жолдарын зерттеп бақылайды.

Ағазаға түскен улар әртүрлі өзгеріске ұшырап, сыртқа шығарылады. Бұл соттық медицинада, уды анықтауға аса маңызды болып келеді. Улардың сыртқа шығу жоладыр:

  • Бүйрек (суда ертитін және ұшпайтын заттар);
  • Өкпе арқылы (газ тәрізді және ұштаны заттар);
  • асқазан (морфин);
  • ішек ;
  • бауыр (мышьяк, есірткі, спирттер);
  • сілекей бездері (ауыр металл тұздары);
  • тері(фенол).

Уланудың келесі жіктелуі ұсынылған:

1. Едкие улары (Отравление едкими ядами) (қышқыл, сілті ).

2. деструктивті улармен улану (сынап, мышьяк).

3. Қанға әсері бар улар (көмірқышқыл газы).

4. Айқын морфологиялық өзгеріске алып келмейтін уланулар:

  • парализдеуші (парализирующие) (ФОС, синильная кислота);
  • тежегіш (угнетающие) (наркотикалық,  ұйықтатқыш,  медикаментозды, алкоголь).

5. Тағамдық уланулар (бактериалді:  микробтар,  токсиндер,  және  бактериалды емес уланулар)

токсикология қазақша

Жеке улармен улану кезіндегі көріністер

Едкие уларына ағаза тіндерімен және жерілікті әсері айқын көрінумен сипатталады. Ол некроздаушы, тітіркендіруші, ерітуші әсер көрсетеді. Химиялық күйік әсеріне пайда болған ауырсыну синдромы шок шақырып, науқас өліміне себеп болуы мүмкін.

Бұл улар көбінесе тиген жерінде сусыздандыру жүргізіп, құрғақ некроз тудырып, белоктың жиырылуына (свертывание) алып келеді. Соның нәтижесінде тіндер қою қоңыр немесе қоқшыл (бугровый цвет) туындайды.

Клиника: ауызда, өңеш бойында ауырсынулар болады. Қою қара қанмен құсу.

Теріні қарағанда ауыз аумағында күкірт қышқылымен уланғанда көмірдей қара түсті, ал азот қышқылында сарғыштау түсте, сірке қышқылында қою қызыл түсте болады.

Азот қышқылы –көбінесе тыңайтқыш ретінде қолданылады. Өз өзіне қол жұмсаушылардың жиі қолданатын уы болып табылады. Адам үшін өлімге алып келетін дозасы -8-10 мл.
Азот қышқылымен уланып өлген адамды ашқанда. Асқазанынан азоттың тұншықтырғыш иісі шығады. Ал еге адам тірі қалса, у зақымдаған жерде тыртық қалып, ол асқазан ішек жолының мүлдем фукциясын атқара алмауына алып келеді.

Күкірт қышқылы –көбінесе ингаляционды улану түрінде болады. Нәтижесінде науқаста жөтел, көмей ісінуі (отек) асфиксия, шок пайда болады.
Теріде ақшылтым түсте струп пайда болады. Уақыт өте келе ол түскеннен кейін орнында жаралар кейін тыртықтар қалады. Адам үшін өлімге алып келетін дозасы – 5 – 10 мл.

Сірке қышқылы өте жылдам струп пайда болдырады. Сондықтан зақымдалу терең болмайды. Өлім себебі сірке қышқылы буын иіскегеннен кейінгі асфиксия, өкпенің ауыр зақымдалуы. Бауыр, бүйрек ОЖЖ ауыр зақымлалулары.  Ас үйіндегі сірке қышқылының адам үшін улы дозасы -200 мл =((
Ауыз ішінде және аумағында күйік болмауы да мүмкін. Бірақ көп бұл жағдайда өңеште сұр –қоңыр түсті пленка табылады (ол өлі эпителийлерден тұрады.)

Сілтілер. ОН иондарымен әсер етіп, белоктың ісінуін ылғалды некроз шақырады. Ол өз кезегінде жеңіл түрде терең жатқан тіндерге тарайды. Демаркациялық зона түзілмейді.
Өте күшті сілтілер бұлшықет , жүйке тіндерін, тері және тырнақты да ерітіп жіберуге мүмкіндігі бар.
Зақымдалу түстері жасыл түсте болады. Егер науқас өлмесе зақымлған аумақта тыртық пайда болады.
Сілтілермен улану қышқылдардға ұқсастау болып келгенімен оны ажырататын өзіндік өткір иісі болады.
Ерітілген сілтілер де ағза үшін қауіпті болып келеді. Оларға (каустикалық содой, әк (известь) жатады).

Нашатыр спирті. Өлімге әкелетін доза– 25 – 50 мл. Беткей түрдегі, қатты аурытатын, ісінумен көрінетін қабыну тудырады. Аса көп мөлшерде қабылдағанда ОЖЖ параличі, асфиксия нәтижесінде жылдам өлім (тырысу, цианоз, тыныс алу тоқтауы). Науқасты ашқан кезде аммиактық иіс шығады. Ол уды қабылдағаннан кейін 3-4 күнге дейін сақталады.

Марганцовка. Өлімге әкелетін доза– 20. Ішке қабылдайды. Нәтижесінде көмей ісінуі, асфиксия, марганцовка қалдықтарын бауырдан табады.

Деструктивті улар. Бұл улар тобы ағзалар мен тіндерді бұзуға (дестркуция) бейім болып келеді: бауыр, бұлшықет бүйрек зақымдалады. Деструктивті уларға ауыр металлдар жатады.
Ауыр металдар белокпен қосылып, альбуминат тізеді. Ол суда ерімейді. Тірі ағзалардың белоктарының альбуминатқа ауысуы оның цитопалзмасының ыдырауы, тіндердің өлуін білдіреді.  Көпшілік улар ішкі ағзаларда жиналады. Көбінесе бауырда. Бұл топқа сынап пен мышьяк жатады.

Сынап бөлме температурасында бу түеді. Сынап буы тыныс алу жолдары, асқорыту және зәр шығару жолдарының шырышты қабаты арқылы енеді. Белок ферменттерімен байланыс орнатып, барық тірі тіндердің қызметін тоқтатады.

Клиникасында:

  • 1 сатыда- асқорыту жүйесінде: құсу мен лоқсу пайда болады.
  • 2 саты –жүрек қызметінің баяулауы, естің жоғалуы,тырысулар, адам өз аяғында тұра алмайды.
  • 3 саты-сынапты сыртқа бөліп шығаратын ағзалардың зақымдалуы: бүйрек, тер бездері, ішектер.

Науқасты ашу кезінде бүйрегінде сулейма некрозы (сулеймовая почка). Ішекті сулеймалық дизентерия (жаралар).
Сынаппен улануды анықтау өте қиын. Ең дұрыс (достовернный) жолы: сынапты зәрде, құсық массаларынан, сілекей мен нәжістен іздеу керек.

Мышьяк – бұл капиллярлы у. Ең қауіптісі ақ мышьяк. Бұл ұнтақ тәрзіді зат, жәндіктерді уландыруға және арамшөпке қарсы қолданылатындықтан, ол өз өзіне қол жұмсаушы адамдар үшін қолжетімді болып келеді. У тікллей жүрекке әсер етеді. Тамырлар парализациясы жүріп, олар кеңейеді, өз қызметін дұрыс атқармайды. Нәтижесінде басқа ағалар қанға толып кетеді. Қан қысымы төмендейді, миға қан бармай қалады.

Өлген және тірі адамға мышьякпен улану диагнозын қою қиын. Соттық медициналық экспертизада мышьяк ұзақ уақыт бойы азғада сақталатынын ескеру керек. Әсіресе бауырда ал егер ұзақ уақыт бойы улану болса шашта сақталады.
19 ғ.да Ресейде патшаны жасырын өлтіру үшін аса баяу және еш көрінісіз өлім тудыратын у ретінде осы мышьяк қосылысын пайдаланған. Оны аз мөлшерде патша тағамына салып отырғаны жайлы тарихи деректер бар.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...