Ойықтар

Ойылу

Ойықтар (пролежни)- тері мен тері астындағы тіндердің ұзақ уақыт бойы жаншылудан болатын асептикалық өлеттенуі (некрозы). Ойықтар ауыр егде тартқан, ұзақ уақыт бойы шалқасынан жатқан науқастарда пайда болады. Ойықтардың жиі пайда болатын жерлері — сегізкөз, шүйде, жауырындар, шынтақтар, өкшелер. Осы аталған жерлерде сүйек теріге жақын орналасқан, сондықтан тері мен тері астындағы шел қабаттары қаттырақ жаншылады.

Ойықтар дамуында 3 сатыдан өтеді:

  1. Ишемия сатысы: тіндер бозарады, сезімталдықтың бұзылуы байқалады.
  2. Беткі өлеттену сатысы: ісіну пайда болады, ортасында қоңыр немесе қара түсті өлеттену ошағы түзіледі.
  3. Іріңді еру сатысы: инфекция қосылады, қабыну процестері өрши түседі, іріңді бөлінді пайда болады, процесс тереңге ендеп сүйек пен бұлшық еттерді зақымдайды.

Алдын алу шаралары мынадай:

  • ерте тұрғызу;
  • қүрғақ таза төсек;
  • резинадан жасалған дөңгелектер;
  • массаж;
  • антисептиктермен өңдеу.
ойылулар

Ойылудың ең жиі кездесетін жерлері

Емдеу: жоғарыда көрсетілген алдын алуға бағытталған шараларды мұқият сақтау керек. Жергілікті ем дерттің сатысына байланысты.

  • Ишемия сатысында терідегі қан тамырларын кеңейтіп қан айналысын жақсарту үшін теріні камфора спиртімен өңдейді.
  • Беткей өлеттену сатысында зақымданған жерді калий перманганатының 5%-тік ерітіндісімен, бриллиант жасылының спирттік ерітіндісімен өңдейді. Ол өлеттенген тінді қатырып, инфекцияға тосқауыл болатын қабық түзілуіне ықпал етеді.
  • Іріңді еру сатысында — емдеу іріңді жараны емдеу принциптері бойынша жүргізіледі.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...