Аутоиммунды тиреоидит

Бұл аутоиммунды бұзылыстардың әсерінен қалқанша тінінің бұзылып, тиреоидты гормондарды синтездеуге қабілетінің төмендеуімен сипатталатын ауру болып табылады. 

  • Аутоиммунды тиреоидитке алып келетін маңызды клиникалық мәселе – ол гипотиреоз ( яғни, қалқанша безінің функциясының төмендеуі) .
  • Егер қалқанша безінің функциясы бұзылмаса, қалқанша безіндегі аутоиммунды процесс клиникалық көріністер бермейді.

АИТ — аутоиммунды этиологиялы қалқанша безінің қабыну ауруларының гетерогенді тобы. Оның негізінде қалқанша безінің фолликулалары мен фолликулярлы жасушаларының әр түрлі дәрежедегі декструкциялары.

Ең алғаш рет бұл ауруды жапондық хирург Н.Hashimoto 1912 жылы сипаттаған. Ол бірнеше жағдайларда қалқанша безінің көлемінің үлкейгенін анықтаған, ол лимфоидты инфильтрацияның негізінде жүрген, сондықтан оны АИТ-ның гипертрофиялық нұсқауы ретінде таниды. 

Эпидемиология. 

  1. АИТ – ның аймақ бойынша жайылуын анықтау өте қиын, себебі оның эутиреоидты фазасында нақты диагностикалық критерилері жоқ.
  2. АИТ – мен ер адамдарға қарағанда әйел адамдар 10 есе жиі ауырады.
  3. АИТ – 70-80 % да біріншілік гипотиреоздың дамуын шақырады.
  4. 40-60 жас аралығында дамиды.

Этиологиясы. Ауру иммунды жауаптың генетикалық детерминирленген ақауының фонында жүреді, бұл кезде өзінің тиреоциттеріне Т-лимфацитарлы агрессияның болуы байқалады, соның әсерінен олардың бұзылуы орын алады. Гистологиясында тиреоциттердің лимфоцитарлы, плазмоцитарлы инфильтрациясы ,онкоцитарлы трансформациясы, фолликулалардың бұзылуы жүреді.

  • Анамнезіндегі жедел респираторлы вирусты аурулары ;
  • Созылмалы инфекция ошақтары ( таңдай бадамшаларында, мұрын қойнауларында, кариесті тістерде);
  • Экологиялық жағдай , қоршаған ортада йод, хлор, фтор қосылыстарының артық болуы ( лимфоциттердің белсенділігіне әсер етеді);
  • Ұзақ уақыт бақылаусыз дәрілер қабылдау ( құрамында йоды бар, гормональды препараттар);
  • Радиационды сәулелену, күн астында ұзақ уақыт болу;
  • Психожарақаттық жағдайлар.

Патогенезі АИТ – ның ағзаға патологиялық әсері ол гипотиреозды дамытушы фактор болып табылады. Эутиреоидты фаза коптеген жылдар бойы немесе ғұмыр бойы сақталуы мүмкін. Кейіннен процесстің өршуі байқалса, яғни қалқанша безінің лимфоцитарлы инфильтрациясы мен оның фолликулярлы эпителиінің декструкциясы тиреоидты гормондарды өндіретін жасушалар санын төмендетеді.

Бұл жағдайларда ағзаны тиреоидты гормондардың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін ТТГ мөлшері артады, ол қалқанша безін стимулдейді. Осы гиперстимуляциясының нәтижесінде белгілі бір уақыт мөлшерінде Т4 — тің өндірілуін қалыпты жағдайда сақтап отырады. Бұл субклиникалық гипотиреоз фазасы болып табылады. Әрі қарай қалқанша безінің функционирлеуші тироциттері критикалық деңгейден төмендесе, Т4 мөлшері азайып гипотиреоз дамиды.
Гипотиреоидты фазасы. Бір жылға дейін созылуы мүмкін, одан кейін қалқанша безінің функциясының қалпына келуі байқалады, кейде гипотиреоз тұрақты болып қалады.

Клиникалық көріністері. Эутиреоидты және субклиникалық гипотиреоз фазаларында клиникалық көріністері болмайды. Жекеленген жағдайларда, эутиреоидты кезеңінде бірінші орынға қалқанша безінің ұлғаюы жатады. Созылмалы аутоиммунды тиреоидит ұзақ уақыт қандай да бір клиникалық көріністердің болуынсыз жүреді. Ерте белгілеріне қалқанша безі аймағындағы жағымсыз сезімдер, жұтыну кезіндегі бөгде затты сезіну, тамағындағы қысымды жатқызуға болады. Кейде қалқанша безі маңында ауырсыну сезімі байқалады және ол оны сипағанда болады. Кей науқастар әлсіздікке, буындағы ауырсынуларға шағымданулары мүмкін.

  • Латентті ( тек қана иммунологиялық белгілері байқалады, ал клиникалық көріністері жоқ.) без қалыпты немесе біраз мөлшерде ұлғайған. (1-2 дәрежелері), тығыздалмаған,бездің қызметі бұзылмаған, кейде тиреотоксикоз немесе гипотиреоздың  белгілері анықталуы мүмкін. 
  • Гипертрофикалық сатысы ( қалқанша безінің ұлғаюымен сипатталады, (жемсау), гипотиреоз немесе тиреотоксикоздың жиі байқалуы.  Қалқанша безінің түгел көлемі бойынша ұлғаюы, (диффузды  формасы), немесе түйіндер байқалады (түйіндң формасы), кейде екеуі араласыу мүмкін.

Аутоиммунды тиреоидиттің гипертрофялық формасы бастапқы кезінде тиреотоксикозбен бірге жүруі мүмкін, бірақ қалқанша безінің функциясы төмендеген немесе қалыпты болады. Бездегі аутоиммунный процесс өршігендіктен бездің функциясы төмендеп, жағдайдың нашарлауы байқалады, гипотиреоз дамиды.
Атрофиялық ( бездің көлемі қалыпты немесе кішірейген, клиникалық симптомдарына байланысты — гипотиреоз). Көбінесе егде жаста байқалады, ал жастарда радиоактивті сәулеленудің әсерінен болады. Тироциттердің үлкен массасының бұзылуына байланысты қалқанша бездің функциясы төмендейді.

Гипертрофиялық түрінің 5%-де қалқанша безінің қызметінің жоғарлауына, бұл тиреотоксикоз — «хаси-токсикоз« ауруының клиникалық көрінісін береді. Науқастарда жүрегінің жиі соғуы, тершеңдік, жудеу, тітіркенгіш болып келеді.
«Хаси-токсикоздың« өзінің ерекшеліктері бар

  • Толқын тәрізді өтеді
  • Тиреотоксикоз емге тез көнеді.
  • Офтальмопатия көріністері болады;
  • Аурудың бастапқы сатысында байқалады.;
  • Гипертиреоздың рецидиві жедел респираторлы инфекциялармен, психикалық және физикалық күштемелермен, жуктілікпен, түсікпен аяқталады.

Диагностикасы 

  • АИТ диагнозын нақтылауға қойылатын критерийлер :
  • Қалқанша безіне деген айналымдағы антиденелердің мөлшерінің жоғарылауы;
  • АИТ – ға тән ультрадыбыстық белгілерді анықтау ( қалқанша безінің гипоэхогенділігі);
  • Біріншілік гипотиреоз ( субклиникалық немесе манифестті)

Лабораторлы зерттеулер. 

  • ЖҚА : лимфоциттердің санының артуы;
  • Иммунограмма – тиреоглобулиндерге пайда болған антиденелер,;
  • Қандағы Т3 және Т4 (жалпы және бос), қан плазмасындағы  ТТГ –нің деңгейін анықтау. ТТГ-нің жоғарылауы, ал  Т4 қалыпты болуы  субклиникалық гипотирозды анықтайды, ТТГ-нің жоғарылауы және  Т4 –ң төмендеуі  клиникалық гипотиреоз жайлы ойлауға мүмкіндік береді.
  • Қалқанша безінің УДЗ –уі — бездің улкеюін немесе көлемінің кішіреюін құрылымының өзгерістерін анықтайды.
  • Қалқанша безінің жіңіщке инемен биопсиясы — аутоиммунды тиреоидитке тән жасушаларды анықтайды. Қалқанша безінің түйінді қатерлі ісіктері туындауына күмән пайда болғанда қолданылады.

Салыстырмалы диагностикасы. Аутоиммунды тиреоидит пен диффузды токсикалық жемсау. Қалқанша безін сәулелік зерттеулер арқылы анықтайды. Бұл кезде УДЗ – ді түстік доплерлік карт арқылы жүргізеді. Зерттеу барысында қалқанша безінің васкуляризациясын анықтайды. 30 тамырға дейін көрінсе, ол аутоиммунды тиреоидит, гиперваскуляризация болса диффузды уытты жемсау.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...