Тыныс алу ағзаларының даму ақаулары

Тыныс алу ағзаларының даму ақаулары

Кеңірдек атрезиясы — кеңірдектің толык немесе жартылай болмауымен сипатталады. Нәресте туыла салысымен бірден кайтыс болады.Көбіне бұл ақау басқа жүйелердің ақауларымен қоса кездеседі ( жүрек, асқазан – ішек, зәр шығару жүйесінің зақымдалуы) Кездесу жиілігі: 1:3000.

Кеңірдектің тарылуы:

  • Біріншілік — кеңірдек қуысының тарылуы болып табылады. Бұл кезде кеңірдектің бөлігі жартылай немесе толықтай дамымай қалады.
  • Екіншілік — кеңірдек ауытқыған тамырлармен, туа біткен кисталармен, көкірек аралығының ісіктерімен және үлкейген айыршық безімен сырттан қысылуының нәтижесінде пайда болады.

Клиникалық белгілері.

  • Демалудың қиындауы, жөтел, дауыстың қырылдауы, цианоз байқалады.
  • Диагностикасы.
  • Диагнозды нақтылау үшін екі бағытты томография, трахеоскопия жүргізіледі.

Емі. Этиологиясына байланысты болады. Кеңірдектің айналмалы тарылуында, оның зақымдалған бөлігінің резекциясы жасалады, кейде кеңірдекті арнайы әдістермен кеңейтеді (бұжырлау). Екіншілік тарылғанда қысып тұрған кистаны немесе ісікті алып тастау операциясы орындалады.

Кеңірдек жыланкөздері

Жыланкөздердің толық және толық емес түрлерін ажыратады. Толық жыланкөздердің кеңірдекке және теріге ашылатын екі тесігі болады. Толық емес жыланкөздерде бір тесік қана болады, соған байланысты олар ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Диагноз қою үшін, фистулография жасалады.

ЕміХирургиялық операция жыланкөзді кесіп алады. Толық емес ішкі жыланкөздерде операция жүргізілмейді, олар өздігінен жабылуы мүмкін.

Кеңірдек-өңеш жыланкөздері. Көбінесе, өңештің атрезиясымен немесе тарылуымен қабаттасып дамиды, олар кеңірдек айырымынан 1-2 см жоғары орналасады. Өңештің атрезиясы болмайтын кеңірдек — өңеш жыланкөздері VII мойын немесе I кеуде омыртқаласынын деңгейінде пайда болады.

Клиникалық белгілері тыныс жолдарына тамақ пен сұйықтықтың түсуімен сипатталады. Баланы емізгенде жөтел, цианоз, асфиксия пайда болады, сонымен катар аспирациялық пневмония дамуы мүмкін.

Диагностикасы. Өңеш контрастты эзофагографиясы жасалады.

Емі. Реконструктивті операцияны ерте мерзімде орындау керек. Жыланкөзді кесіп, өңеш пен кеңірдектен кемістікті тігу.

Өңеш агнезиясы — бұл ақау өкпе паренхимасының, бронхтар мен қан тамырларының толық жоқ болуымен сипатталады. Екі жақты агенезия дамығанда, нәресте өмір сүрмейді. Бір жақты болғанда өмір сүреді және хирургиялық түзетуді қажет етпейді.

Өңеш аплазиясы — бұл ақауда өкпе болмайды, бітіп қалған рудиментарлы бронх байкалады. Өкпе тіні мен тамырлары болмайды. Eкi жакты акауда нәресте өмір сүре алмайды.

Өңеш агенезиясы мен аплазиясын аныктау үшін бронхоскопия, бронхография, ангиопневмография жүргізу керек.

Өңеш аплазиясы кезінде хирургиялык операцияны рудиментарлы бронхтың созылмалы іріңді аурулары дамығанда ғана жасайды.

Гипоплазия өкпенің толык немесе бір бөлігінің жетіспей қалуы болып табылады. Гипоплазиянын түрлері қарапайым — өкпенің немесе онын бөліктерінің кішіреюі, бронхтардын тарылуы; кистозды — көлемінің кішіреюімен қатар, сегментарлы және субсегментарлы бронхтардын кеңеюі

Клиникалық белгілері. Кеңейген бронхтарға инфекция түсіп, қабыну дамыса, катаралды өзгерістер, қакырыкты жөтел, ентігу, дене қызуы байқалады.

Диагностикасы. Бронхография (бронхтардын кистозды өзгеруі анықталады) және рентгенография жүргізіледі.

Емі. Созылмалы кабыну аурлары дамыса, өкпенің өзгерген бөлігін резекциясы орындалады.

Балалардағы тыныс жүйесінің алу ақаулары

Туа біткен (лобарлы) эмфиземаның даму себептері

  • сегментарлы немесе бөліктік бронхтардын шеміршекті сақиналарының даму ақауы
  • бронхтардын қайырылып орналасуы;
  • бронхтардын тамырлармен қысылуы;
  • бронхтардың шырышты қабығының гипертрофиясы.

Жоғарыда айтылған себептердің нәтижесінде бронхтардың жартылай обструкциясы дамиды, өкпенің демалу үрдісі бұзылады тыныс шығарғанда ауа бронхтар арқылы сыртқа шықпайды, сөйтіп өкпе паренхимасы керіліп ұлғаяды.

Клиникалық белгілері. Баланы емізгенде асфиксия ұстамалары, ентігу, жөтел пайда болады; инфекция косылса, пневмония дамиды. Қарап тексергенде закымдалған өкпе жағындағы кеуде торынында томпайып тұруы, қабырғааралығы кеңейген, перкуссия кезінде тимпаникалық дыбыс аныкталады.

Емі. Хирургиялык операция — өкпенің өзгерген жағын алып тастау керек. Көкірек аралық ағзаларының қысылу белгілері пайда болса, шұғыл операция жасалады.

Өкпенің кисталары

Олардың екі түрін ажыратады: бронхиальді — бронхиальді тармақтардан дамиды; альвеолярлы — альвеолалардан түзіледі және альвеолярлы эпителимен тысталады.

Клииникалық белгілері. Аскынбаған кисталар сыр білдірмейді, тек көлемi улғайған кезде ғана кеудеде ауыру ceзiмi, жөтел, eнтігу, дисфагия байкалады.

Аскынған кисталардың белгілері:

  • инфицирленген кисталар — гипертермия, қақырықты жөтел, қан қакыру, кеуденің ауыруы байкалады;
  • кистаның куысына ашылатын бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуы — қақпакты механизм пайда болады, кистадан ауа шыкпағандыктан, онын көлемі тез улғаяды, өкпенінің тінi қысылады, көкірек аралығы сау жакка ығысып, тыныс алу жетіспеушілігі мен жүрек қызметінің бұзылуы дамиды;
  • кистаның жарылуы — спонтанды пневмоторакстың белгілері пайда болады.

Диагностикасы. Рентгенография, бронхография, ангиография, КТ жүргізіледі.

Емі. Хирургиялык операция аскынулар пайда болганда орындалады, яғни солитарлы кистаны алып тастайды, егер кисталар көп болса, өкпенінің закымдалған бөлігінің резекциясы жасалады. Спонтанды пневмоторакс дамығанда, плевра қуысына дренажды тутік орнатылып, вакуум-аспирация жургізіледі, егер 7-10 күнде нәтиже болмаса, онда торакотомия жасалады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...