Дератизация

Дератизация

Дератизация – кеміргіштерді жою. «Rat» — кеміргіш «des» – теріс. Дератизация кең мағынада – эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті және экономикалық зиянкестік келтіретін кеміргіштерді жою.

Кеміргіштердің эпидемиологиялық және экономикалық маңызы. Кеміргіштердің індерінде қансору арқылы жұқпалы ауруларды таратушы бүрге, кене, масалар кеңінен таралған. Сарышұнақ, сұртышқандар шөлді аймақтарда оба ауруының табиғи ошағын сақтаушы және жылдан жылға ауруды таратушы болып келеді. Қара тышқандар кемелерде мекендеп оба ауруын порттан портқа таратады. Су тышқандары туляремия ауруының таратушысы, дала тышқандары Қырым геморрагиялық қызбасының таратушысы болып табылады. Сонымен қатар, кеміргіштер риккетсиоз, сальмонеллез, кенелік энцефалит, Ку қызбасы, түйнеме ауруларының таралуына қатысады. Дала тышқандары өніп келе жатқан бидайды, өсіп тұрған жеміс-жидектерді, қоймалардағы астықты жеп, ормандағы ағаштарды кеміріп, үйдегі заттарды бүлдіріп үлкен экономикалық зиян келтіреді. Кеміргіштердің 2800 жуық түрлері белгілі, жерде немесе суда тіршілік етеді, барлық континенттерде кездеседі, өте қомағай, тез көбееді және қоршаған ортаға тез бейімделеді. Адамның құрылыстарында қара, сұр және үй тышқандары мекендейді. Кеміргіштер аш болса 2-3 тәулікте, сусыз 2 тәулікте, аш және сусыз болса 25 сағатта өледі.

Кеміргіштерді алдын алу және жою шаралары. Алдын алу шараларының мақсаты кеміргіштерге баспана бермеу, тағамдарға жолатпау. Кеміргіштерге қарсы шаралар жүргізу, жою санитарлық және техникалық шаралардан құралады.

Санитарлық шаралар – тұрғын мекендердің аймағын және айналасын таза ұстау, қора, қойма, базар, тамақ өндірісінде, жануарлардың заттарын өңдеу мекемелерінде санитарлық жағдайды жақсарту, қадағалауды күшейту.

Кеміргіштерді суға жолатпау үшін су колонкаларын, канализация құдықтарын қатты жабу, қалдықтарды уақтылы шығару, қоқыс жинайтын темір жәшіктердің биіктігін 70см төмен жасамау керек. Асхана, азық-түлік дүкендерінде, ет, балық заводтарында тамақ өнімдеріне кеміргіштерді жолатпау. Қоймаларда қатарлар аралығы, қабырғадан қашықтығы 70см кем болмауы керек, еденнен 15 см биік решеткада сақталуы керек.

Техникалық шаралар: тұрғын үйлерге, өндірістік мекемелерге кеміргіштер кірмеуі үшін еденде тесіктер болмау керек, фундаменті 85см кем болмауы керек, желдетуге арналған тесіктерді торлау қажет.

Агротехникалық шаралар: егістік жерлерді тиімді жоспарлау, кепкен шөптерді құрту, бос жерлерді жырту, жайылым жерлерді жақсарту, астықты уақтылы және түгел жинап алу, астықты қоймаларда дұрыс сақтау.

Кеміргіштерді жою механикалық, химиялық және биологиялық әдістермен жасалады.

Механикалық әдісте кемірігіштерді арнайы құралдармен аулайды немесе улы жемді пайдаланады. Бұл құралдардың ішінде кеміргіштер өледі немесе аулап кейінен өлтіреді. Механикалық әдісті ашық ауада және бөлмеде қолдануға болады, адамға, малдарға зиянсыз, тиімділігін дәл анықтауға болады. Бұл әдісті кеміргіштерді жою үшін және олардың санын, түрін, таралуын анықтау үшін және бактериологиялық зерттеулер жасау үшін қолданады. Кемшілігі: аулау құралдарын қойып және оны үнемі бақылап тұру қажет, аулау құралдары шектеліп шығарылады, сондықтан химиялық әдіспен бірігіп жасау тиімді.

Кеміргіштерді жою үшін қақпан немесе бастырғыш қолданылады, онда пружина кеміргішті басып қалады, кейіннен оны тазалау керек. Пружеңкелі қақпанды тақтайға немесе қатты қалың тақтайға орнатады, ортасына 2 спиралды пружеңкені қояды, пружеңкенің ішкі жағын тақтайға бекітеді, сыртқы жағы төртбұрышты темірді басып тұрады, ортасындағы ілмекке улы жемді іледі. Үлкен қақпанның көлемі 20х10см, кіші қақпан – 12х6см. Универсалды қақпандар кеміргішті де, тышқанды да аулайды. Пластиналы қақпанда ілмектің орнына пластина орнатылған, бетіне май жағып қояды, өте сезімтал. Сеткалы, тірідей аулағыштың ұзындығы — 7см, ені-10см, биіктігі-18см. Тақтайға тор орнатылады, бір жағындағы жылжымалы есік пружеңке арқылы ілмекпен қосылған, ілмек есіктен 5-7см қашықта қойылған. Кеміргіш сетка ішіне кіріп ілмектегі еліктіргішке (приманкаға) ұмтылғанда қақпан жабылып қалады. Тишлеев тышқан аулағышы автоматты түрде жұмыс істейді, бірнеше рет аулауға мүмкіндік береді. Ұзындығы — 23см, ені-16 см, биіктігі- 7см. Жәшіктің 3 жағы толық жабылады, төртінші жағында жылжымалы тор қойылған, ішіне кірген кеміргіш қайтып шыға алмайды, бөлмеде жинала береді. Кірер жерге уланған жем себіледі. Үй секілді жасалған аулағыштың едені жылжымалы етіп жасалады, уланған жем себілген торға кірген кеміргіш, қайтып шыға алмай қалады, 20-30 дейін тышқан аулайды. Аулайтын құралдар кеміргіштерді уланған жемнің иісімен тартады. Астық қоймаларында еліктіргіш ретінде — ет, балық, ірімшік қойылады. Ет өндіру мекемелерінде керісінше нан, бидай, жемістер қойылады. Қақпанға көбіне нан, шұжық, балық, май қойылады. Жабысқақ затты үлкен картон, тақтайға 50х50 см көлемде жағып ұстауға да болады.

Химиялық әдісте – ратицидтер асқазан-ішек және тыныс алу жүйесіне әсер ететін заттар қолданылады:

  1. Уланған жем дайындау (тағам, су)
  2. Кеміргіштердің індерін, жүретін жерлеріне у себу.
  3. Газ арқылы кеміргіштердің тыныс алу жүйесіне әсер ету.

Уланған жем кеміргіштерді тез өлтіреді, адамға, малдарға зиянсыз және қолдануға ыңғайлы болып келеді.

Ішек ратицидтері ретінде цинк фосфиді, зоокумарин, ратиндан, өсімдіктен жасалған қызыл теңіз пиязы қолданылады. Уланған жемді індердің тесігіне, қуыстарына салады. Алдымен ін тесіктерін қағазбен немесе топырақпен жауып бақылайды, егер 2-3 күннен кейін тесік қайта ашылса, інде кеміргіштер тұратынын білдіреді. Әр бір кеміргіш ініне 20-25грамм, тышқандарға 2-3 грамм уланған жем қойылады. 5-8 күннен кейін іннің тесігін қайта жауып жою сапасын тексереді, қайта ашылса басқа уланған жем қойылады. Қоймаларда және ашық жерде уланған жем шашылып кетпеуі үшін арнайы жасалған жәшіккке салып қойылады. Жәшік немесе қораптың ені -25см, ұзындығы — 40см, биіктігі — 15см, беті ашып-жабылады, екі шетінде тышқан кіруге арналған 7-8см тесіктері бар, ортасына ыдысқа 50-100 грамм уланған жем салып қойылады. Сұйық уланған жемдерді суға қосып қояды. Репеленттер ретінде нафталин, меркоптан, керосин, эфирлі майлар қолданылады.

Газдау әдісі тек көліктерді, темір жол вагондарын, порт кемелерін, ұшақтарды өңдеу үшін қолданылады. Тұрғын елдерде тек бөлек тұрған элеватор, қойма, диірменді, далада-кеміргіштердің індерін газдайды.

Газдау ІІІ кезеңнен тұрады: дайындау, газдау, дегазациялау. Дайындау кезеңінде газдайтын жерді адамдардан, су, тағамдар, малдардан, өсімдіктерден босату керек, есік-терезелерін жақсылап жауып, қуыс, тесіктерін клейлеп қояды. Газдау кезеңі улы газды сепкен уақыттан бастап саналады, залалсыздау уақытын қатал сақтау қажет. Газдау уақыты біткен соң желдету қажет.

Оба ауруы анықталған жағдайда кемені ішіндегі заттарымен бірге толық газдайды, газдау үшін метилбромид, күкірт ангидриді қолданылады. Газдау әдісінің тиімділігін бағалау үшін өлген кеміргіштерді 1 тәуліктен кейін бағалайды, газдау алдында арнайы биобақылау тесттерін қояды.

Биологиялық жою әдісінде кеміргіштердің табиғи жауларын және патогенді бактериялардың дақылдарын қолданады. Бактериологиялық жою үшін адамға зиянсыз сүзек, сальмонеллез қоздырғыштары, ал табиғи жаулары ретінде мысық, ит, түлкі, кірпі, жылан, құстар қолданылады.

Дератизация қазақша

Дератизацияның биологиялық түрінің бір -мысық ұстау

Дератизациялау жұмыстарын ұйымдастыру

  1. Ошақтық дератизация – жұқпалы ауру таралған ошақта, құрылыста жасалады.
  2. Таңдаулы дератизация – белгілі аймақта, мекемелерде, ет, балық өндірісінде, элеваторда, қоймаларда жасалады.
  3. Жаппай, бір мезгілдік дератизация – тұрғын мекендерде жылына 1-2 рет жасалады.
  4. Жаппай, жүйелі түрдегі дератизация – үлкен қалаларда, порттарда жаппай түгелімен жүйелі түрде өңдеу жасалады.

Дератизацияның сапасын бағалау. Кеміргіштердің толық жойылғанын білу үшін үш көрсеткіш қолданылады.

  1. Тағамдардың бүлінуі, экскременттердің болуы, жаңадан заттардың зақымдалуы бойынша белгілерін анықтау.
  2. Кеміргіштердің інін тампон немесе қағазбен жапсырып қойғанда, олардың жыртылуы жаңа індердің пайда болуы.
  3. 3 тәулік бойы кеміргіштерді қақпанмен аулау. Теріс нәтижелер мекеменің кеміргіштерден тазарғанын көрсетеді. Қақпанды мекеменің 30 м2 –ге бір қақпан қою есебінде есептеледі. Үш тәулік бойы ұсталынған кеміргіштер саны қосылады және 1000 м2 –ге қайта есептеледі.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...