Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ)

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ)

Анықтау және диагностикасы

Ауыр түрінде:

  • кеудесіндегі кенеттен қатты ауырсыну
  • демігу мен «шойынды» (түнерген) цианоз
  • шок, есінен тануы мүмкін
  • ЭКГ-да: V5-6 тіркемелерінде терең S тісшесі мен терең QIII, Гисс шоғырының оң аяқшасының блокадасы, III, АVF, V1-2 тіркемелерінде Т тісшесі жайдақталады не теріс ауысады, Р-pulmonale пайда болады, АVR тіркемесінде rR комплексі анықталады

Бірнеше секундтар мен минуттарда адам қайтыс болады.

Орташа ауырлықтағы түрінде:

  • кеудесіндегі ауырсыну
  • ТЖ минутына 30-40 ретті ентігу
  • тахикардия, гипотония, акроцианоз
  • оң қарыншалық жіті жетіспеушіліктің дамуы (мойын веналарының білеуленуі, гепатомегалия, оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар)
  • гипертермия
  • қан қақыру (кеш дамиды)
  • ұсақ көпіршікті сырылдар, 2-ші күннен бастап плевраның үйкеліс шуы
  • ЭКГ-өзгерістері болуы мүмкін (жоғарыдағыны қараңыз)
  • Рентгендік белгілер (өкпе артериясы конусының шығуы, өкпе түбірінің кеңеюі, өкпе алаңының ошақты ағаруы, зақымдалған жақта диафрагма шаңырағының биік болуы. Өкпе инфаркты дамығанда – инфильтрат анықталады).

Жеңіл түрінде: бірнеше вариант түрінде дамиды:

  • Өтпелі пароксизмдік ентігу, тахикардия, тершеңдік, аздаған артериялық гипотония (кейде жүрек демікпесімен шатастырады).
  • Ауа жетпеу сезімі, себепсіз қайталанатын есінен танулар мен коллапстар.
  • Себепсіз қайталанатын пневмониялар.

Көрсетілген белгілер операциядан кейінге кездерде, босанғаннан соң, бактериялық эндокардит дамығанда, жыпылық аритмиясы бар болса, гиподинамия кездерінде (инсульт, миокард инфаркты, жүректің ауыр жетіспеушілігінде, т.б.), тромбофлебитте  ӨАТЭ туралы ұмытпау керек.

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ)

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ) көрінісі

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы кезіндегі жедел жәрдем:

  • фентанил 0,005%  ерітіндісін 2-3 мл (промедол 2% 1-2 мл не морфин 1%  ерітіндісін 0,5-1 мл) + дроперидол 0,25% ерітіндісін 2-3 мл + димедрол 1% (супрастин 2% не пипольфен 2,5%) 1-2 мл венаға егу;
  • стрептодеказа 3 млн. ФЕ венаға 40 мл NaCl ерітіндісінде не стрептокиназа (трептаза, авелизин) 1,5 млн. ЕД венаға тамшылап 100 мл NaCl ерітіндісінде 30 мин арасында (оның алдында 30-60 мл преднизолонды венаға егу керек) не урокиназа 2 млн ЕД венаға 20 мл NaCl ерітіндісінде 10-15 мин бұрын егу керек (не 1,5 млн. ЕД венаға егу, 1 млн ЕД венаға 1 сағат бұрын тамшылап егу) не анизолирлі плазминоген – стрептокиназды белсендіріліген ком-плекс (АПСАК) 30 мг венаға 5 мин бұрын егу (оның алдында 30-60 мл преднизолонды венаға егу керек) не плазминогеннің тіндік активаторы (ТАП, актилизе) 100 мг (10 мг венаға егу, содан соң 1 сағат бұрын 50 мг венаға тамшылап егу және 2 сағат бұрын 40 мг венаға тамшылатып егу керек). Стрептокиназадан басқа плазминогеннің басқа да тіндік активаторы алтеплазаны – 50 мг егу қолдануға болады;
  • гепарин 10-15 000 ЕД венаға, одан соң венаға тамшылатып 1 000 ЕД/сағ жылдамдықта (24 000 ЕД/тәул) 4-5 күн бойы не  5-10 000 ЕД тері астына әрбір 6 сағат сайын 7-8 күн бойы, біртіндеп тоқтатады. Гепаринді тоқтатар алдында 3-5 күн бұрын тура емес әсерлі антикоагулянттар (фенилин, синкумар) 3 ай не одан да ұзақ мерзімге дейін беріледі.
  • ӨАТЭ кезіндегі қан қақыру белгісі фибринолиздік және антикоагулянттарды қолдануға кедергі болмауы тиіс;
  • реополиглюкин 400-800 мл венаға егу. АҚ төмендесе  допамин (дофамин) 5% 4-8 мл не норадреналин 0,2%   (мезатон 1%) 2-4 мл, преднизолон  60-90 мг венаға қолданылады;
  • лазикс 40-60 мг венаға егіледі;
  • оксигенотерапия: 100% ылғалданған оттегі түрінде, қажет болса трахеяның интубациясы жасалады;
  • антибиотиктер;
  • хирургиялық ем (эмболэктомия): өкпе бағанасы немесе оның ірі тармақтарындағы тромбоэмболия кезінде.
  • Емнің алғашқы күнінен бастап тура емес антикоагулянттар қолданылады – варфарин 5 – 10 мг, одан соң МНО сәйкес беріледі. МНО деңгейі 2,0 – 3,0 болуы тиіс.

Госпитализацияға қажеттілік. ӨАТЭ күдік туған кезде барлық пациенттерді реанимациялық бөлімге немесе тамырлар хирургиясы бар стационарға жатқызады. Тасымалдануы тек жатқызып және бас жағы биік күйде, мүмкіндігіне қарай реанимобильде жүргізілуі тиіс.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...