Пневмоторакс

Спонтанды пневмоторакс

Пневмоторакс– өкпе тінінің қысылуы, көкірек-аралықтын сау жаққа ығысуы және қан тамырлардын басылуынаң жедел қан айналым және тыныс жетіпеушілігіне әкелетін плевра қуысына ауаның жиналуы.

Пневматоракс жіктелуі

  • Біріншілік спонтанды пневмоторакс – өкпе ауруларының анық жоқ кезінде дамиды. Көбінесе бойы биік жас ер адамдарда (20–40 жас) кездеседі. Шылым шегу ауру дамуының қаупін 22 есе күшейтеді.
  • Екіншілік спонтанды пневмоторакс – өкпе аурулары бар адамда дамиды (ӨСОА, бронх демікпесі, пневмоцистті пневмония, туберкулез, өкпенің іріңді аурулары, бронхоэктазия, қатерлі ісіктер, т.б.).
  • Ашық пневмоторакс – тыныстың екі фазасындада дефекттен ауа өтеді.
  • Жабық пневмоторакс – дефекттің спонтанды жабылуы; мысалы, емдік пневмоторакс.
  • Клапанды пневмоторакс – тынысты ішке алғанда дефект ашылады да тынысты шығарған кезде жабылады; әрбір тыныс алған сайын плевра қуысындағы ауа көлемі ұлғая түседі де ол өкпенің толық қысылуына (коллапсына), медиастинумның өте айқын ығысуына әкеледі де тыныс пен қанайналымының адам өміріне қауіпті бұзылыстарын дамытады.
  • Таралуына байланыстыжайылған, жергілікті.
  • Асқынудың бар-жоғына байланыстыасқынбаған, асқынған ( қан кету, плеврит, медиастинальді эмфизема).
пневмоторакс қазақша

Пневмоторакс көрінісі

Ашық пневмоторакс кезінде плевра қуысының бронх тесігімен және атмосфералы қуыспен қатынасы болады. Дем алғанда ауа плевральды қуыс арқылы вистеральды плевраға өтеді. Осыдан өкпенің жұмысы баяулап, тыныс алудан шығады (өкпенің коллабирленуі).

Жабық пневмоторакс кезіндеплевральді қуысқа түскен ауа өкпенің жартылай немесе толық коллабирленуін туғызады, содан кейін атмосферадағы ауамен байланысын үзеді, бірақ қауіпті жағдай туғызбайды.

Клапанды пневмоторакс кезіндеауа плевральді қуысқа еркін түседі, бірақ оның шығуы клапанды механизмге байланысты қиындайды.

Клиникасы: қан айналым және тыныс жетіпеушілік белгілері байқалады.

  • Мәжбүр қалыпта ( жартылай отыру, зақымдалған жағына қарай иілуі, немесе ауырған жағына жату).
  • Науқасты суық жабысқақ тер басады, цианоз және ентігу болады.
  • Ккеуде клеткасы және қабырға аралықтары кенейеді. Кеуде клеткасының екскурсиясы төмендейді.
  • АҚҚ төмендейді, тахикардия болады және жүрек шекарасы сау жаққа қарай ығысады.
  • дауыс дірілі зақымдалған жақта төмендеген немесе жоқ;.
  • зақымдалған жақта тыныс алуы қалып отырады, перкуторлы тимпанит анықталады, өкпенің төменгі бөлігі тыныс алғанда ығыспайды.
  • аускультацияда зақымдалған жақта тыныс шуының едәуір төмендеуі немесе жоқ болуы, сондай-ақ сау жағында күшеюін анықтаймыз.
  • Көкірек аралықтың едәуір ығысуында, жүрек қуысына құятын және жоғарғы қуыс венасындағы қысымның жоғарылауына алып келетін тамырлардың иілуінде мойындырық веналарының ісінуі байқалады.
  • Қабырғалық плевраның зақымдануында ауа тері астылық клетчаткаға шығады, соның нәтижесінде тері астылық эмфизема дамиды. Ауа тез арада тері асты-май клетчаткасы арқылы кеуде клеткасына, мойынға, бетке, алдыңғы іш қабырғасына және т.б.тарайды, және де бірнеше сағаттан кейін адамдытанымайтын жағдайға ұшыратады.
  • Пальпация кезінде тері асты эмфизема аймағында «қар сықыры» сияқты — крепитация сезілді.
  • Ең қауіптісі кеуде аралықтың күштемелі эмфиземасы болып табылады, бұл көбінесе кеңірдектің және ірі бронхтардың жарылуында пайда болады. Бұл жағдай қуыс венасындағы қанның айдалуын бұзады және үлкен қан айналым шеңберінде қанның іркілуін тудырады — жүректің экстраперикардиальды тампонадасы.

Диагностикасы

  • кеудесінде кенеттен дамыған қарқынды ауырсыну;
  • ентігу мен құрғақ жөтел;
  • өңінің бозаруы, цианоз;
  • тахикардия, гипотония, қатты тершеңдік;
  • ортопноэ;
  • зақымдалған жақ тыныс актісінен қалыс қалады, қабырғааралығы томпаяды, дауыс дірілі әлсірейді, тимпанит болады, тынысы қатты әлсірейді не жоғалады және бронхофония жоғалады;
  • жүрек шекаралары сау жаққа қарай ығысады;
  • Рентгендік белгілері: зақымдалған жақта өкпе суретінің жоғалуы, коллапсты (бүріскен) өкпе, диафрагманың төмендеуі мен осы жақтағы оның шаңырағының жайдақталуы, жүрек көлеңкесінің сау жаққа ығысуы;

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Өкпе аускультациясы
  2. Өкпе перкуссиясы. Салыстырмалы және топографиялық перкуссия
  3. Өкпеден қан кету кезіндегі жедел жәрдем
  4. Өкпе ісінуі. Жедел жәрдем
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...