Өкпеден қан кету кезіндегі жедел жәрдем

Өкпеден қан кету жедел жәрдемі

Өкпеден қан кету – бронхтардың қуысына көп мөлшерде қанның құйылуы. Клиникалық тәжірибеде өкпеден қан кету мен қан қақыру деп екіге бөледі. Қан қақыру – қақырықта қан қалдықтарының болуы. Өкпеден қан кету кезінде қан көп мөлшерде жөтелмен шығады.

Шығарылған қанның көлеміне байланысты өкпеден қан кетудің түрлері:

  • аз қан кету (100 мл  дейін);
  • орташа қан кету (500 мл  дейін);
  • көп  немесе  профузды қан кету (500 мл  көп).

Профузды қан кету адам өміріне қауіп тудырады және оның себептері асфиксия немесе аспирациялық пневмония, өкпелік-жүректік жетіспеушілік.

Өкпеден қан кету көбінесе өкпенің сүлелі дерттерінде кездеседі. Одан басқа өкпенің грибоктық, паразиттік пен онкологиялық ауруларында, өкпенің жарақаттанулары мен туберкулезінде, кіші қан айналымында гипертензиясы бар митралды ақауларда және өкпеде жасалған оталардан кейін байқалады.

Өкпенің профузды қан кетуі қолқа аневризмасының сол жақтағы ірі бронхқа тесіп өтуі кезінде болады.

Өкпеден қан кету кезіндегі көмек

Диагностикасы

Анамнезін талқылаған кезде өкпенің, жүректің және қан ауруларына көңіл бөлінуі керек.

Өкпеден қан кетулер көбінесе орта мен егде жастағы ер адамдарда байқалады, ол қан қақырудан басталуы мүмкін; алайда, кейде кенеттен болуы да ықтимал.

Қан кейде алқызыл ашық қызыл түсті, кейде қою қошқыл, кейде таза, кейде қақырықпен аралас болуы мүмкін. Асқазан мен өңештен кеткен қаннан айырмашылығы өкпеден кеткен қан көпіршіктенеді және ұйымайды. Қанның кетудің жоғарғы тыныс жолдарынан екенін ажырату үшін танау мен көмейді қарау керек.

Жедел жәрдем

Жеңіл басқарылатын артериялық гипотензия (АҚ с/б б-ша 85–90 мм төмендеуі) кезінде:

  1. Ганглиоблокаторлар: пентамин – 0,5–1 мл 5% бұлшықетке егу – 5–15 мин кейін әсер етеді, бензогексоний – 1 мл–2,5% тері астына егу.
  2. Натрий нитропруссиді – ерітінді 0,25–10 мкг/кг/мин – венаға егу.
  3. Нитросорбид – 0,01 г (2 таблетканы тіл астына), ангиотензин алмастырушы ферменттің игибиторларымен қоса беруге де болады.
  4. Өкпе артериясынан қан кету кезінде ондағы қанның қысымын венаға эуфиллинді егу арқылы төмендетеді (5–10 мл 2,4% эуфиллинді 10–20 мл 40% глюкозада 4-6 минут аралығында венаға егеді).
  5. Қанның аздап болса да ұйыуын күшейту үшін аминокапрон қышқылының 5% ерітіндісін 100 мл изотониялық NaCl ерітіндісінде венаға тамшылатып егеді.
  6. Профузды қан кетуден соң айналымдағы қанның жоғалған көлемін толтыру қажет.

Госпитализацияға қажеттілік

Өкпеден қан кету ауруханаға жатқызудың абсолюттік көрсеткіші болады. Пациентті отырғызып тасымалдайды, себебі қанға қақалмауы тиіс.

Стационарда бронхоскопия жасауға, тамырларды контрастты рентгендік зерттеуге және өкпе ауруын хирургиялық әдіспен емдеуге мүмкіндік болуы тиіс.

Ұқсас материалдарды да оқи кетіңіз:

  1. Өкпеден қан кету
  2. Ішке қан кету кезіндегі көмек

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...