Круп синдромы

Круп синдромы

Круп дегеніміз көмей мен кеңірдектің әр — түрлі этиологиялы жедел қабынуы. Ол тыныстың тарылуымен асқынады. Круптың шынайы, дифтериялық және жалған түрлері бар. Сонымен қатар ол парагрипп, грипп, қызылша, скарлатина сияқты басқа инфекциялармен дамуы да мүмкін.

Клиникасы: Кеуде клеткасының бұлшық еттерінің тартылуымен болатын, тыныстың тарылуы мен шулы болуы. Дауысы қарлығып, ит үрген тәрізді жөтел мен дене қызуының көтерілуі болады. Бұл синдром көбінесе балаларда кездеседі.

  • Стеноздың 1 дәрежесі: дауыстың қарлығуы, тыныштықта тыныстың бір қалыпты болуы, тыныс жеткіліксіздігі болмайды.
  • Стеноздың 2 дәрежесі: науқас қозғыш күйде, тыныс бұлшық еттерінің қатысуымен болатын шулы тыныс.
  • Стеноздың 3 дәрежесі: алыстан естілетін, тыныс бұлшық еттерінің қатысуымен болатын шулы тыныс. Мұрын, ерін үшбұрышының көгеруі, мазасыздық, жөтел болмайды. Жүрек тондары тұйықталған, қан қысымы төмендеген, өкпесінде тынысы әлсіз. Стеноздың 4 дәрежесі: тұншығу, науқас ессіз, сирек дем алу, пульсі әлсіз, брадикардия және тырысулар.

Көмей стенозында көрсетілетін жедел жәрдем:

  1. Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру. Стенозды рефлекторлы әдістер қолдану арқылы және бу ингаляциясымен азайту.
  2. Отырғызып, жылы сілтілік сусын беру.
  3. Оксигенотерапия
  4. 3% 3-5 мг/кг преднизолон еріт б/е, к/т құю (2-3 дәрежесінде)
  5. 1%- 0,1 димедролды баланың әр жасына, не пипольфенді 2,5% 1-2мг/кг.
  6. 0,5% -2 мл седуксен еріт ересектерге (0,1 мл/кг бала салмағына) б/е,к/т.
  7. стеноздың 4 дәрежесінде — интубация мен ӨЖЖ.

Дифтериялық круппен басқа этиологиялы круптардың салыстырмалы диагностикасы

Шынайы дифтериялык круп

  • Дауысы: Дауыс карлығуының өршіп, афонияға ауысуы
  • Жөтел: Қүрғак, дөрекі, ит үретіндей дыбысы жоғалып, толык афонияға ауысатын
  • Мойын лимфа түйіндері: Ұлғайган, екі жақты ісінген, ауырады.
  • Стенозоың дамуы: Баяу дамиды. Басында тыныс шулы болып, тұншығуға ауысады Ұстама өздігінше кайтпайды.
Жалған круп синдромы

Жалған круптың балалардағы көрінісі

Жалған дифтериялық круп

  • Дауысы: Үнемі қарлықпайды, афония болмайды
  • Жөтел: Дөрекі, ит үргендей,бірақ дыбысын жоғалтып шығады
  • Мойын лимфа түйіндері: ұлгайған қатты ауырады, бірақ ісіктер болмайды.
  • Стенозоың дамуы: Кенеттен дамиды. Көбінесе түнде болады. Кейде стеноз кенеттен өзі қайтады.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...