Жұқпалы аурулардағы шұғыл жағдайлар

Жұқпалы аурулардағы шұғыл жағдайлар

Тұрғындардың жұқпалы аурулармен аурушаңдығының ішінде жіті ішек жұқпалы аурулары, вирусты гепатит, грипп, жіті тыныс алу жүйелерінің аурулары басты орын алады. Соңғы жылдары өлім — жітім дизентериядан, ауыр дифтериядан, менингиттен, бүйрек синдромымен, геморрагиялық қызбамен көбеюде.

Ерте диагноз қойып, емдеу ботулизм, столбняк, малярия ауруларында қиындауда.

Жұқпалы аурулардың ерте диагностикасы мен жедел емі бірнеше ерекшеліктерден тұрады. Бастысы — бір мезетте әрі диагноз қойып, әрі шұғыл жағдайдың синдромдарын анықтау. Бұл дер кезінде себебіне байланысты ауруханаға дейін жедел көмек қажет нозологиялық диагноз бен синдромды анықтаған жөн, мысалы: менингит, «жұқпалы — токсикалық шок», оның кезеңдері; «ботулизм», ЖТЖ және т.б.

Жұқпалы аурулардағы шұғыл жағдайлар

Жедел жәрдем дәрігері жұқпалы аурулары бар ауыр науқастарды үш топқа бөлуі қажет:

  1. Ауруханаға дейінгі кезеңде жүргізілген реанимациялық іс-шаралардың нәтижесіне байланысты науқастар (жұқпалы менингитте, жұқпалы-токсикалык шок, холера мен тамақтық уланулардағы гиповолемиялық шок);
  2. Жұқпалы аурулар ауруханасының реанимация бөліміне тез жатқызуды қажет ететін ауыр халдегі науқастар; егер ауруханаға жеткізу кідірілсе немесе мүшелерінің бұзылуына халі мүшкіл болса (ботулизмде, грипп түрлерінің асқынуларында) көмекті сол жерде көрсету керек;
  3. Жағдайының нашарлауына қатты қаупі бар науқастар; осы топтағы науқастар жедел ауруханаға жатқызуды қажет етеді.

Жұқпалы ауруға диагноз қойғаннан кейін жедел жәрдем дәрігерінің ары қарай іс-әрекеті -науқасты тез арада ауруханаға жатқызу немесе емхананың аймактық дәрігеріне шақырту беру арқылы үйде емдеуге қалдыру болып табылады; сонымен катар науқастар санитарлы -эпидемиологиялық бекеттерде тіркелуі керек. Жұқпалы ауруларды тасыған көлікті сол аурухана залалсыздандыруға міндетті. Жедел жәрдем медицина қызметкерлері жуынып-шайынып, киім ауыстырмай басқа шақыртуларға баруға құқы жоқ.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Жұқпалы аурулар
  2. Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...