Анафилактикалық шок

Анафилактикалық шок

Анафилактикалық шок деп — бұл аллергиялық реакциялардың ішінде ең ауыр түрі. Ол, жиі, жоғарыда аталған дәрілік заттарды қолданғанда кездеседі, кейде дәрінің аз ғана мөлшерін қолданғанда, мысалы антибиотиктерге сезімталдықты анықтағанда болады. Олар жиі дәрілерді көктамырға енгізгенде, және тері астына, бұлшық етке, тік ішекке, ауызбен ішкенде де дамуы мүмкін. Дәрілік анафилактикалық шок (ДАШ) ДДҰ мәліметтері бойынша 1:10 000 жиілікте кездеседі, өлім-жітім 10% құрайды. Басқа мәліметтер бойынша дәрілік анафилактикалық шоктан жылына 1 млн халықтан 2 адам қайтыс болады.

Ол тек дәрілік заттарға ғана емес улы жәндіктердің шағуынан да болады.

Клиникалық көрінісі ағзада ауыр жайылмалы бұзылыстар болуымен сипатталады. Әдебиеттерде анафилактикалық шоктың ағымы бойынша 4 вариантын ажыратады

  • Асфиксиялық
  • Гемодинамикалық
  • Церебральды
  • Абдоминальды

Егер дәрілік заттардың әсерінен ДАШ болса, дәрігер субьективті белгілерді бақылауы қажет: науқаста дискомфорт болуы, өзін ауыр сезіну, өлімнен қорқыныш, «күйік сезімі» болады. Бұндай жағдайда жылдам түрде дәріні енгізуді тоқтатып және шұғыл шаралар жасауға дайын болу қажет.

ДАШ гемодинамикалық көрінісі АҚҚ кенет төмендейді, кейде тіпті аныкталмайды, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылысы, ауыр жағдайда брадикардия болады. Пульсі жиі, толымсыз. Жүрек үндерінің бәсеңдеуі, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті бұл кіші қанайналым шеңберінде жүктеме болғанын және оң қарыншалық жетіспеушілік дамитындығын көрсетеді. Гипотония болуы қантамырларының өткізгіштіктерінің және қанның сұйық бөлігінің шығуына байланысты болған вазодилатацияға және гиповолемияға байланысты, ол ісік тудырады.

Тыныстың бұзылысы кеуденің ауруымен, инспираторлық және экспираторлық ентікпемен көрінеді, өкпеде әр — түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі, ол дамып келе жатқан өкпе ісінуі туралы ойландырады. Кеңірдектің ісінуі және бронхоспазм дамуы мүмкін.

Терілік көріністер қышыну, қызару бозарумен алмасуы мүмкін, цианоз, есекжем пайда болады, беті ісінеді, тершеңдік болады. Құсу, жүрек айнуы, іштің ұстама түрінде ауруы, диарея, өздігінен дәрет шығару — бұлар асқорыту жүйесі бұзылысының көріністері.

Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылысы естің бұзылысы тіпті оны толық жоғалту, қарашыктарының кеңеюі, тонико — клоникалық тырысулар болады. Басқа мүшелермен жүйелер қызметінің аз мөлшерде бұзылысы бас миының ауыр гипоксиясына байланысты.

Бірінші науқасты көргенде дәрігер ДАШ неден басталғанын бұзылыстың ауырлық дәрежесін, науқастың жағдайын анықтауы қажет, бірақ бұл жедел жәрдем шараларын жасауды тежемеуі керек.

Анафилактикалық шок

Анафилактикалық шок

Жедел жәрдем науқас жағдайының ерекшелігіне байланысты. Ауыр және өршімелі тыныс жетіспеушілігі болған кезде, жедел жәрдем шаралары тыныс жетіспеушілігін жоюға бағытталады. Ереже бойынша емдеу көктамырға адреналин енгізуден басталады. Бұл дәріні 0,1% 1-2 мл-ін 20 мл 0,9% натрий хлориді, 5% глюкоза ерітіндісіне ерітіп баяу көк тамырға енгізеді. Адреналинді әрі — қарай енгізу науқастың жағдайына байланысты. Қызметінің қалыпқа келуіне осы дәрінің 5-6 мл кетуі мүмкін.

Келесі дәрі преднизолон оны адреналинмен бір шприцте енгізуге болады. Бастапқы мөлшері жағдайының ауырлығына байланысты 60-90-120 мг. Басқа да глюкокортикоидты гормондарды қолдануға болады.

Жағдайы жақсарғаннан кейін 2-4 мл лазикс ерітіндісін енгізеді, ісіктің алдын — алу үшін. Анафилактикалық шок болған науқасты міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек. Науқастарды зеңбілге жатқызып тасымалдайды. Жедел жәрдем бригадасы реанимациялық шараларды жасауға дайын болуы қажет.

Науқастың жағдайы ауыр болса реанимациялық немесе үстемелі ем бөлімшесіне жатқызады, жағдайы жақсарған соң терапия бөліміне ауыстырады.

Егер медициналық көмек уақыттылы және дұрыс жасалған болса өлім болмайды. Ерте өлімнің себебі көбіне адренергиялық дәрілердің, глюкокортикоидты гормондардың, сұйықтықтардың уақыттылы жеткілікті қолданылмағандығынан және реанимациялық шаралардың кеш басталғандығынан болады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...