Балалардың жасқа дейінгі дамуы

Жаңа туған нәрестені қарау кезінде:

  • Салмағын
  • Бойын
  • Ішікі мүшелер қызметін
  • тәбетін
  • Ұйқысын
  • Тері, шырышты қабаттар түсін бағалау керек.

Балардың ай сайынғы даму көрсеткіштері:

1 ай. Ашық түсті заттарға көзін тоқтатаып қарайды, жымия бастайды.
2 ай. Ояу кезінде тыныш жатады, ілулі ойыншықтарды қызықтайды. Ересек адамдар сөйлегенде ұзақ жымияды, басын жақсы көтереді.
3 ай. Қатты күледі қуанғанын күлімдеп білдіеді. Басын жақсы ұстайды, қолына сүйеніп, етбетінен жатады.

4 ай. Арқасынан қырына аунап түседі, ілулі тұрған ойыншықтармен ұзақ ойнайды. Ұстап көреді.
5 ай. Өзінің жақын адамдарын таниды. Ұзақ гүілдеп өлеңдетеді. Қолына ұзақ шылдырмақты ұстайды, арқасынан етбетіне аунап түседі, қолтығынан демегенде бойын тіке ұстап тұрады.
6 ай. “ба” және “ма” буындарын айтады. Манежбен аздап еңбектейді. Қасықтан жақсы ішеді. Өз еркімен ойыншықты ала алады.

7 ай. Ұзақ былдырлайды, жақсы еңбектейді, ересектер екі қолынан демегенде тіке тұрады.
8 ай. Әртүрлі буындарды қайталайды. Өтініш бойынша “алақайды” жасайды. Өзі отырып жатады, бір заттан ұстап тұрады.
9 ай. Аяғының алдындағы кедергілерден аттап өтеді. Қолынан демегенде жүреді. Үлкендер өтінішімен “қолыңды бер” дегенді қайталайды.

10 ай. Бірнеше адамның атын біледі, үлкендердің ойнына жауап береді. Жасырынбақ ойнайды. Арбаның соңынан жүреді.
11 ай. “мама”, “бер” деген алғашқы сөздерді айтады. Болар болмас демегенде өзі тұрады. Бір затты екіншісінің үстіне қояды. Дөңгелекті кигізіп шеше алады.
12 ай. 6-8 сөз айтады. Өзі отырып, тұрады, ыдыстан өзі ішеді, жүреді.

Ему рефлексі. Ему рефлексі жатырішілік дамуда қалыптасады, көптеген балалар өмірге бас бармақтың гмперемиясымен дүниеге келеді.
Ему рефлексі ауыз куысын не оның айналасын тітіркендірген кез келген қоздырғышқа жауап ретінде пайда болады. Анасының омырау салуына, медициналық шпатель не емізік салса нәресте ритмді ему қозғалыстарын жасайды. Бұл рефлекс туғаннан өмірінің алғашқы жылына дейін сақталады.

Жаңа туған нәресте шамасыз болып көрінгенімен, оның табиғи туа біткен қабілеттері болады. Олар рефлекстер деп аталады. Рефлекстер күрт өзгерген тіршілік ету ортасына тез бейімделуге көмектеседі. Кейбір рефлекстер өмір бойы сақталса, кейбірі 3-4 айда өшеді. Бұл қысқа мерзімге қарамастан олар нәресте өмірі үшін маңызды болып табылады. Рефлекстің бар жоқтығын бағалау арқылы нәрестенің жалпы жай-күйін анықтауға болады.

Хобот рефлексі. Нәресте ерніне саусақты тигізіп, жылдам тартып алса бала ернін хобот тәрізді жинайды. Рефлекс негізінде ауыздың дөңгелек бұлшықетінің автоматты кысқаруы жатыр. Бұл бұлшықет ему бұлшықеттерінің маңыздысы болып табылады. Алғашқы 2-3 айда сақталып кейін өшеді.

Куссмаульдың іздеу рефлексі. Нәресте ауыз қуысының бұрышын ақырындап сипаса нәресте анасының омырауын іздей бастайды. Бұл кезде төменгі ерні түсіп, тілі, өзі тітіркендіргіш жаққа ұмтылады. Рефлексті тексеру кезінде нәресте еріне тисуге болмайды. (хобот рефлексі) Сипау жұмсақ болмаса бала басын қарсы жаққа бұрып, өзінің жақтырмағандығын білдіреді. 3-5 ай сақталады.

Бабкиннің алақан ауыз рефлексі. Нәресте алақанын тексерушінің бас бармағымен басса, нәресте аузын ашып, басын тексерушіге қарай көтереді. Бабкин автоматизмі өмірдің алғашқы айларында маңызды, бұл кезде қол көптеген функциялардың біреуін ғана яғни, қорек іздеуді іске асырады.

Қорғану  рефлексі. Нәрестені ішіне жатқызып көрсеңіз, ол бірден басын жоғары көтеріп, автоматты түрде басын бұрады. Бұл рефлекстің биологиялық маңызы түсінікті, бала дем алу үшін қорғану әрекеті.  Алғашқы сағыттардан бастап дамиды.

Бауэрдің еңбектеу рефлексі. Спинальды автоматизм. Нәрестені ішіне жатқызып, табанынан итермелесе ол еңбектеуге тырысады. Нәресте алға ұмтылады. Кейбір нәрестелер тіреусіз де еңбектеуге ұмтылады, бұл спонтанды рефлекторлы еңбектеу. Қалыпты жағдайда рефлекс те спонтанды еңбектеу де 4 айға созылады. Сондықтан нәрестені орау үстелінде қараусыз қалдыруға болмайды.

Автоматты жүру және тірек рефлексі. Егер баланы горизантальды бағытта табанын қатты жерге тигізіп тұрғызсақ, ол аяқтарын түзеп тұруға ұмтылады. Тұрған баланы алға сәл еңкейтсек, баладене салмағы ығысқан жаққа еңкейеді, бұл автоматты жүру. Осы кезде бала аяғын балтыр аймағында айқастыра басады, бұл құбылысты нәресиелер бұлшықетінің гипертонусымен түсіндіруге болады.

Робинсон рефлексі. Нәрестенің қолына қандай да бір затты жақындатсаңыз, нәресте ессіз қолының саусақтарын жиырады, кейде бұл әректтің күштілігі соншалық баланы көтеруге болады. Бұл рефлекстің физиологиялық өмірі 4 ай, кейін бұл рефлекс орнына саналы түрде заттарды ұстау келеді.

Галант рефлексі. Нәрестенің арқасын, яғни паравертебральды аймақпен сызық жүргізсек бала арқасын жазады. Н«әресте арқасын жазып тексеруші жаққа доға жасайды.  3-4 ай сақталады. 

Перез рефлексі. Нәресте үшін жағымсыз процесс. Тексеруші нәрестенің омыртқаның өсіндісінен саусақпен жүргізсек бала өз жауабын береді. Кеудесін жазып, аяқ қолын бүгіп , жылайды.

Моро рефлексі. Нәрестені төсекке жатқызып см биіктікте жатқызып қолмен шапалақтаса, екі қолын жанына созып, алақанын ашады. Нәрестенің жауабы екі сатыдан тұрады. Бірінші екі қолын бірден созып, алақанын жазады,екіншіде өзін құшақтағандай болады.

Симметриялық мойын тоникалық рефлексі. Басын біртіндеп иегіне жақындатып иетін болсақ қолдарын бүгіп, аяқтарын жазады.
Ассиметриялық мойын тоникалық рефлексі арқасымен жатқан баланың басын бір жағына бұратын болсақ, иегі иық деңгейінде, бала басын бұрған жақтағы қол аяғын жазып, қарама қарсы жағын бүгеді.

 Баланы медициналық тексеруден өткізгенде рефлекстерді тексеру және динамикада дамуын үнемі бақылау маңызды. Қандай да бір рефлекстің жетіспеушілігі кейін анықталуы мүмкін ОЖЖ ақауларының алдын алу үшін қажет. 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...