Бассүйек жарақаттары

Бассүйектің жарақаттары

Балалар зақымдануларының арасында бірінші орында бас миының және бас сүйегінің жабық жарақаттары құрайды. Балалардағы анатомо — физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты ересек адамдарға қарағанда бассүйегінің жекеленген сынығы, массивті субарахноидальды қан кұйылуы, субдуральды және эпидуральды гематомалар сирек кездеседі. Ми шайқалуы балалардағы өте жиі және ауыр бассүйек — ми жарақатының түріне жатады. Ми шайқалуының клиникалық көрінісі келесі белгілермен сипатталады:

  1. бірнеше минутқа немесе секундқа кенеттен естен тану;
  2. құсық, жиі көп реттік;
  3. тері жабындысының бозғылдығы;
  4. пульстің жиілеуі;
  5. дене қызуының төмендеуі

Ересектермен салыстырғанда балаларда тыныстың бұзылысы мен брадикардия сирек кездеседі. Жүйке жүйесі жағынан ошақты және қабаттық симптомдары болмайды. Сұрау барысында ретроградты амнезия байқалады.

Ми соғылуы шайқалуға қарағанда сирек кездеседі. Ми соққысының клиникалық көрінісі ауыр белгілермен көрінеді, ОЖЖ жағынан ошақты симптомдармен қатар бірден болған естен тану (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) болады. Естен тану ретроградты амнезиямен қатар жүреді. Бастың ауыруы ұзак және қарқынды болады. Ал құсу көп реттік. Ересек адамдармен салыстырғанда балаларда брадикардия, тыныстың бұзылысы және жұту актісінің бұзылуы сирек кездеседі. Көбінесе тахикардия (минутына 140 соққы) кездеседі. Жарақаттан кейін балаларда бұлшықеттік тонустың төмендеуі, сіңір және периостальді рефлекстердің тежелуі болады.

Бассүйек ми жарақаты

Мидың жаншылуы балаларда сирек кездеседі. Клиникалық көрінісі келесіден тұрады: гипотония, арефлексия, жарыққа реакция жоқ, карашығы кеңейген. Ақырындап брадипноэ күшейеді, тыныстың патологиялык түрлері пайда болады. АҚҚ үдемелі төмендеуімен жүретін брадикардия. Ми негізінің бас — ми жүйкелерінің зақымдану симптомдары болады — иіс сезу, көру, көз қимылдатқыш, әкеткіш, бет жүйкелері.

Емдік шаралардың көлемі. Ауруханаға дейінгі кезеңде бастың жарақатына байланысты. Ми шайқалуында жарақат алушы арнайы емді қажет етпейді. Естің ауыр дәрежелі бұзылысында, тыныс бұзылысының ауырлығына және түріне байланысты емдеу әдісін таңдайды. Жоғарғы тыныс жолдарын тазарту, ауа өткізгішті енгізу, кеңірдек интубациясы және ӨЖЖ. Егер брадикардия болса көктамырға атропин 0,1 %-0,05 мл өмір жасына, натрий бикорбанаты (4% -1-1,5 мл/кг), полиглюкин (20 мл/кг). Инфузионды ем міндетті түрде, себебі ми ісінуі және артериальды гипотензия кезіндегі гипоксия ОНЖ-не қауіпті. Қажет болса, 50% -0,1 мл/жасына анальгин енгізіп ауыру сезімін басады. Бассүйек мидың ашық жарақаты мидың қатты кабығының зақымдалу проекциясымен бассүйегінің сыну проекциясына сәйкес келетін бастың жұмсақ қабығының жарасы болып саналады. Клиникалық симптомының айқын болуы бастың және мидың зақымдану дәрежесіне, жарақаттың ауырлығына және науқастың жасына байланысты. Балалардың сопорозды және коматозды жағдайы құсумен, терінің кенеттен бозаруымен, жүрек қан — тамыр, тыныстың, жұту рефлексінің бұзылуымен, жұту рефлексінің, зақымдалған жақтағы карашықтың рефлекстік тежелуімен және ассиметриясымен, салдану, гемипарезбен көрінетін аяқ — қол бұлшыкеттері тонусының өзгеруімен сипатталады. Балалардағы бассүйек жарақатының ашық және жабық түрінде іс-әрекет бірдей: нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызу. Басты бүйіріне бұрып горизонтальды қалыпта щитке жатқызып тасымалданады.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...