Жарақаттық шок

Жарақаттық шок

Жарақат алғаннан болатын шок. Бұл канайналымның, тыныс алудың, зат алмасудың, эндокринді бездердің кызметінің терең бұзылыстарына әкелетін, ағзаның жүйкелі — рефлекторлы және қантамырлық реакциясымен сипатталатын жарақат ауруының ауыр түрі болып табылады.

Шоктың пайда болуындағы негізгі тітіркендіргіштеріне әр — түрлі механикалық әсерлердің жүйке элементіне әсер етуі, жүйкенің зақымдалуы, тіндердің бұзылуы және қан кету болып саналады.

Жарақат шогының пайда болуына әсер ететіндер:

  1. Ауыру сезімдік және шамадан тыс импульсация.
  2. Көп мөлшерде жедел қан кету.
  3. Өмірге маңызды мүшелердің жарақаттары
  4. Психикалық жарақат

Шок болуына әкелетін факторлар:

  • Жалпы қызу және тоңу
  • Ашығу, авитаминоз алиментарлы
  • Психикалық шаршау, эмоционалдық күйіну
  • Жіті (жедел) және созылмалы аурулар

Жарақаттық шоктың клиникалық көрінісінде эректильді және торпидті фазаларын ажыратады, бірақ балаларда осы 2 фаза арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бұл қозу және тежелу процесстерінің өте үлкен тұрақсыздығынан және олардың тез аяқталуына байланысты. Балалардағы жарақат шогының ерекшелігі бала ағзасын ұзақ уақыт бойы артериалды қысымды қалыпты деңгейде ұстап тұрады. Балаларға ғана тән физиологиялық симпатотония, ағзада пайда болған гиповолемияны компенсациялау үшін қанайналымның тұрақты орталықтандырылуын шақырады.

Жарақат шогына тән ерекшеліктер: қанайналымның ұзақ және тұрақты орталықтандырылуы  кенеттен гемодинамиканың декомпенсациясына ауысады, мұндай жағдайда балаларды емдеу өте қиын.

Этиологиясы мен клиникалық көрінісі әр-түрлілігіне қарамастан шоктың барлық түріне микроциркуляция бүзылысы тән.

  • Артериола мен венула арасындағы микроциркуляция градиентінің азаюы.
  • Капиллярлы және посткапиллярлы венуладағы қанағысының жылдамдығының төмендеуі.
  • Қанның тұтқырлығының жоғарылауы, эритроциттер агрегациясы.
  • Капиллярлы қанағымының стазға дейін төмендеуі.
  • Қызмет етуші капиллярлар бетінің азаюы және транскапиллярлық тасымалдаудың шектелуі.

Бұл гемодинамикалық өзгерістер симпатоадреналды жүйенің тежелуін, қандағы гистаминнің жиналуына, капиллярлардың паретикалық кеңеюіне, қантамыр мембраналарының өткізгіштігінің жоғарылауына, қанның сұйық бөлігінің айналасындағы тіндерге шығуына, гемоконцентрацияға, капилляростазга, эритроциттердің агрегациясына алып келеді. Жарақат шогының генезінде тек гемодинамика бұзылыстары ғана емес, сонымен қатар тыныс бұзылысы да жатады, яғни орталық реттеуші механизмдердің рефлекторлы бұзылыстары, кіші қанайналым шеңберіндегі іркіліс, бронхорея. Циркуляторлы гипоксияға, тыныстық гипоксия қосылады, ал қан кету болғандықтан анемиялық гипоксия қосылады. Мұның бәрі бірігіп зат алмасу бұзылыстарына, тотығу-тотықсыздану процесстерінің, эндокринді қызметтің бұзылыстарына алып келеді.

Жарақат шогының торпидті фазасына алмасу бұзылыстары, яғни гипоксия мен ацидоз сыртқы тынысты қоздырады, науқастар тежелген, АҚҚ күрт төмендеген (50 мм.с.б.)

Жағдайлары өлімге жақын, ол мидың микроциркуляциясының нашарлауына байланысты.

Жарақат шогының дәрежелері

Шоктың I дәрежесі:

  • Санасы: сакталған, бірақ әр-түрлі болуы мүмкін
  • Жалпы жағдайы: орташа ауырлықта немесе ауыр, терісі бозарған
  • Зақымдалу сипаты: көбінесе жекелеген
  • Систолалык қысым деңгені: АҚК 90 мм с.б.у

Шоктың II дәрежесі:

  • Санасы: сакталған, бірақ әр-түрлі болуы мүмкін
  • Жалпы жағдайы: ауыр,терісі бозғылт, суық жабысқақ тер, дене қызуы төмен
  • Зақымдалу сипаты: үлкен, көптеген, біріккен болуы мүмкін
  • Систолалык қысым деңгені: АҚҚ 70-90,  пульсі жиі

Шоктың III дәрежесі:

  • Санасы: сақталған, бірақ жиі сопорозды
  • Жалпы жағдайы: өте ауыр,терісі бозғылт- сұр реңді, акроцианоз
  • Зақымдалу сипаты: өте улкен, көптеген, біріккен, өмірге өте қауіпті
  • Систолалык қысым деңгені: АКҚ 50-70, пульсі жиі, жіп тәрізді

Шоктың IV дәрежесі: Терминальды жагдай; преагония — агония — клиникалық өлім

Жарақаттық шок

Жарақаттық шок кезінде науқасқа жедел көмек көрсету қажет

Жарақаттық шок кезіндегі қарқынды ем ерекшеліктері

  1. Қарқынды ем ерте мерзімде жасалуы керек, жарақат болған жерде бірден бастау керек.
  2. Жарақат болған жерде бірден, науқастың өміріне қауіп төндіретін синдромдарды ажырату керек.
  3. Көмек көрсету барысында зақымданудың сипаты мен масштабтарын нақтылау.
  4. Көрсетілетін көмек көлемі жарақат алған жерде, автокөлікте және тасымалдау кезінде аныкталады.
  5. Кез-келген көмек — шұғыл, тез арада жүргізілуі керек.

Жарақат шогына келесі симптомдар және бұзылыстар тән.

  1. Ауыру синдромының болуы
  2. Қан және плазма жоғалту нәтижесінде гиповолемия синдромының болуы.
  3. Симпатоадреналды жүйе кызметі жоғарылауының барлық белгілері
  4. Гемостаз бұзылысы. Гиперкоагуляция ТШҚУ синдромы.
  5. Кеуде торшасының зақымдануы нәтижесінде пайда болған жедел тыныс жетіспеушілігінің белгілері

Ауруханага дейінгі сатыда жарақат шогының қарқынды емі келесі ретпен жүргізіледі, көрсетілетін емдік шаралар:

  1. Сыртқы (ішкі) қан кетуді тоқтату
  2. Жедел тыныс жетіспеушілігімен күресу
  3. АҚК толтыру
  4. Жансыздандыру
  5. Иммобилизация
  6. Ауруханаға жатқызу

Шок тақырыбына ұқсас материалдарды да қарай кетіңіз:

  1. Анафилактикалық шок
  2. Кардиогенді шок
  3. Инфекциялық токсикалық шок. Жедел көмек
  4. Геморрагиялық шок

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...