Қысылған жарықтар

Қысылған жарықтар

Қысылған жарықтар деп — кенеттен жарық қабының ішіндегі мүшенің, жарық қақпасында қысылып, ишемия мен тіндердің некрозына алып келуін айтамыз.

Қысылу асқыну ретінде 8-20% жарығы бар науқастарда пайда болады. Қысылуға ең жиі шап жарығы, сирегірек сан, одан да сирек кіндік, іштің ақ сызығының жарығы, операциядан кейінгі, Спигелиев сызығының жарығы бейім. Пайда болу механизмі бойынша қысылудың екі түрін ажыратады: эластикалық және нәжістік. Олар жиі кездеседі және типті, классикалық қысылу түрі болып есептеледі.

Эластикалық типінде қысылу кенеттен және бірден құрсақ ішілік қысымның жоғарлауынан ішкі мүшелердің (ішек, үлкен іш перде немесе басқа мүше) сыртқа шығуынан пайда болып, жарық қақпасының тар болуына, сонымен қатар бұлшық еттің спазмына және қысылған мүшенің тез ісінуіне байланысты мүшенің өздігінен қайта орнына сылынбауы болады.

Берілген қысылу түрі жиі жас және орта жастағы адамдарда, сонымен қатар алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшық ет — апоневротикалық кұрылымдары жақсы сақталған егде жастағы адамдарда кездеседі

Нәжістік қысылу жарық көп жылдар бойы сақталған егде, кәрі адамдарда кездеседі. Бұл жарықтар, біртіндеп үлкейеді, созылмалы жарық қабының және оның ішіндегі мүшенің жарақаттануынан, жарық қабырғасымен ішіндегі мүше бір-бірімен жабысуы әсерінен түзелмейтін жарыққа айналады. Нәжістік қысылудың механизмінің негізінде, жарық қабының ішіндегі ішек ілмегінің иілуінен, ішек ішіндегі заттар әкелуші бөлікке келіп жиналады. Нәжістік қысылуға ішектің атониясы әсер етеді. Странгуляциялық жедел ішек бітелуі болатын ішектің қысылуы өте қауіпті болып табылады. Ол ауыр эндогенді уланумен қатар, қысылған ішектің өліеттенуі мен тесілуіне алып келеді.

Сонымен қатар қысылудың атипиялык формаларын ажыратады: қабырғалық (Рихтер жарығы) және ретроградты қысылу. Ең сирек кездесетін Литтре жарығы болып есептеледі (шап жарығында Меккел дивертикулының қысылуы).

Қабыргалық қысылу  өте қауіпті және диагностикалау өте қиын. Бұл кезде науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ішек түтігі өткізгіштігі сақталғандықтан ішек бітелу белгілері, диспепсиялық бұзылыстар байқалмайды. Тек кенеттен пайда болған және түзелмейтін жарықтың әсерінен сол аймақта айқын ауру сезімі анықталады.

Егер операция уақытында жасалмайтын болса, жарық қабындағы ішек қабырғасы өліеттеніп, тесіліп, кейіннен жедел жайылмалы перитониттің клиникалық көрінісінің дамуына алып келеді немесе қысылған жерді бос құрсақ қуысынан шектейтін өсінді пайда болса, жарық қабының флегмонасы дамиды.

Ретроградты қысылу. Қысылудың бұл түріндегі клиникалық көрініс қысылған жарықтың жергілікті және жалпы белгілерінен құралады, оларға жедел ішек түйілуінің симптомдары, біраз уақыт өткеннен кейін шажырқай тамырларының қысылуынан қоректену бұзылып, қысылған ішек ілмегінің өліттенуінен жедел жайылмалы перитонит симптомдары қосылады.

Клиникалық көрінісі мен диагностикасы. Жарық қысылу жіті, кенеттен, күшенгеннен немесе физикалық күш түскеннен кейін пайда болады.

Эластикалық типті қысылу кезінде науқастар бұрынғы жарық аймағындағы күшті ауру сезіміне шағымданады; олар жарыктық іш куысына түзетілмейтіндігін айтады. Ұстағанда ауыратын жарық біртіндеп үлкейеді, ал ауру сезімі бұл аймақта күшейе түседі.

Қысылған жарықтың сәйкес жергілікті белгілері:

  • кенеттен пайда болған жергілікті ауру сезімі
  • жарықтың түзетілмеуі
  • жарық аймағындағы жергілікті ауру сезімі және кернелуі
  • жөтелгендегі түрткінің жарыққа берілмеуі

Кейде бүкіл ішке тарайтын ауру сезімі, жиі жеңілдік алып келмейтін түсу пайда болады. Қысылған аймактағы ауру сезімі бірнеше сағат сақталады, қысылған мүшенің некрозы дами келе біртіндеп әлсірейді Бұл кезде аурудың клиникалық көрінісі және науқастың жағдайының ауырлығы көп жағдайда қай мүше қысылғанына байланысты болады. Шажырқай мен ішектің бірге қысылуынан біртіндеп жіті странгуляциялық түйілу пайда болады. Эластикалық типке қарағанда нәжістік қысылудың ағымы баяу болады; ауру сезімі ондай күшті емес, науқастар қозғыш емес, қысылған мүшелердегі қайтымсыз процесстер баяу дамиды, ал улану белгілері әлсіз байқалады.

Егде адамдар мен қарттарда клиникалық көрінісі айқын емес, ол ағзаның жалпы реактивтілігінің төменділігімен түсіндіріледі. Бұл категориядағы науқастарды диагностикалау қиындығы, бұл жарық аймағындағы бұрыннан болатын ауру сезіміне байланысты. Кейде науқастар жарықты өздігінен түзетуге тырысады, бұл дәрігерге кеш қаралуға, аскынуларға алып келеді. Бір мезгілде жедел обтурациялық ішек бітелу симптомдары пайда болып, оның әсерінен улану белгілері дамиды. Науқастар түзетілмейтін жарық аймағындағы интенсивтілігі жоғары, бұрын мазаламаған біртіндеп күшейе түсетін ауру сезіміне шағымданады. Жүрек айну, құсу, нәжіс пен газдың жүрмеуі, тахикардия байқалады. Көбінесе іш кебеді. Алдыңғы құрсақ қабырғасының барлық бетінде дерлік тимпанит анықталады. Қысылудың берілген түрінде медициналық көмекке кеш келетін болса, жедел қабынудың немесе жарық қабы флегмонасының көрінісі орын алады. Жарық үстіндегі тері түсі көкшіл — қара түстес және ұстағанда ыстық болады. Жарық аймағын пальпациялағанда флюктуация және ауру сезімі анықталады.

Қысылған жарық диагнозын қоюда дұрыс және толық жиналған ауру анамнезінің үлкен маңызы бар. Ережеге сәйкес, егер науқастың ішінде шығу тегі белгісіз ауру сезімі болса, оны қарап тексеру үшін ішті кеңінен жалаңаштап, зерттеу керек (қарау аймағы емізіктен санның ортаңғы үштен біріне дейін). Жарықтың шығатын мүмкін жерлерінің барлығын дұрыстап қарап және пальпаторлы тексеру қажет (алдыңғы құрсақ қабырғасы, аралық, бел, шап-ұма аймағы, шап-сан қыртыстары).

қысылған жарықтар

Қысылған жарықтың көрінісі

Қысылған жарықтың ажырату диагностикасын жүргізу кезінде, жалған қысылуды естен шығармау қажет. «Қысылу» деп аталатын Брок жарығы келесі себептерге байланысты құрсақ ішілік қысымның жоғарлауынан пайда болады: асциттік сұйықтық жиналуы, метеоризм және т.б. Нәтижесінде айқын ауыру сезімді жарық қабының және оның ішіндегі мүшенің жарық қақпасынан томпаюы гипердиагностикаға себеп болады.

Анамнезді тиянақты жинау, науқасты зерттеу және «жалған жарықтың» себебін анықтау оны шынайы қысылған жарықтан ажыратуға мүмкіндік береді.

Қысылған жарықтың жиі кездесетін түрлерін келесі аурулардан ажырату қажет:

  • қысылған шап жарығын — шап лимфаденитімен, ұманың жедел водянкасымен, орхи эпидидимитпен, аталык без және ұрық шылбырының бұралуымен.
  • қысылған сан жарығын — лимфаденитпен, үлкен терең венаның тереңге өтетін жеріндегі варикозды түйіннің жедел тромбофлебитімен.

Жіті лимфадениттен ажыратқан кезде, оның біртіндеп дамитынын және оның көзі аяқ-қолдың шеткі сегменттерінде орналасқан инфекция ошағы екендігін есте ұстау қажет. Жедел лимфаденит, жоғары дене температурасы мен қалтыраумен өтеді. Аталық без бен ұрық шылбырының бұралуы жасөспірімдер мен жас балаларда кездеседі.

Ол қысылған шап жарығынан жарықтық томпаюдың болмауымен, аталық бездің биік тұруымен, ұстағанда ауру сезімінің, жөтел түрткісінің болуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда кезекші урологиялык немесе хирургиялық стационарға жедел жатқызу қажет. Науқаста қысылған жарықтың клиникалық көрінісі болса немесе оған күдіктенсе, оны шұғыл кезекші хирургиялық ауруханаға жаткызу қажет.

Науқасқа ешқандай анальгетиктер мен спазмолитиктерді салуға болмайды. Ауруханаға дейін жарық аймағына жылу және ванна тағайындауга болмайды. Қысылған жарықты қолмен түзетуге болмайды.

Науқасты тақтайда немесе қатты зембілге горизонтальды қалыпта тасымалдау қажет.

Хирургиялық ауруханаға қысылған жарық өз бетімен дәрігерге дейін, тексеру кезінде немесе ауруханаға тасымалдау кезінде түзеткен болса, шұғыл жатқызып, динамикалық бақылау қажет. Жедел медициналық жәрдем немесе емхана дәрігер мұндай науқасқа «осынша сағат бұрынғы, қолмен түзетілген қысылған жарық» диагнозын қойып, ауруханаға жатқызуы қажет.

Іштін кысылған жарыктарынын диагностикасы мен қарқынды ем алгоритмі

Клиникасы

  • физикалық күш түскенде томпайған жарық аймағында кенеттен ауыру сезімінің пайда болуы;
  • томпайған жарықтың бойымен ауыру ;
  • жарықтың түзетілмеуі
  • жөтелгендегі түрткінің жарыққа берілмеуі

Іш симптомы— кедері тұрған жердің үстінен кепкен ішек және жоғары тимпанит аныкталады. Қуық қысылғанда- дизуриялык бұзылыстар дамиды, кейде аурудын алғашқы уақытында рефлекторлы кұсу, кейін қысылған ағза өлі еттенгенде- құсық уланудың әсерінен болады.

Жедел жәрдем көрсету

  • Ауруханага зембілге басын көтерін жатқызып тасымалдау;
  • Хирургиялық бөлімге дереу жеткізу

Іш жарықтары тақырыбына да қарай кетіңіз.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...