Гинекология тәжірибесінде қан кету

Гинекология тәжірибесінде қан кету

Гинекологиялық науқастардан қан кету себебі болып, сыртқы жыныс мүшелерінің жарақаттануы, ерте мезгілде жүктілікті үзу, мойындық жүктілік, етеккір циклінің бұзылуы, жатыр мойны мен денесінің қатерлі ісігі табылады. Қан кету гинекологиялық науқастарға шақыртулардың жартысынан көбін құрайды.

Ерте мезгілде жүктілікті үзу — бұл қан кетудің жиі себебінің бірі. Ол спонтанды (өздігінен түсік) және индуцирлі (артифициалды, қылмыстық түсік) болады. Көбінесе ерте кезеңінде тектік және гормоналды, кейде соматикалык аурулар, уланулар себеп болуы мүмкін.

Ауруханадан тыс түсіктің келесі клиникалық сатылары ерекшеленеді:

  1. Қауіпті өздігінен түсік
  2. Басталған түсік
  3. Аяқталмаған түсік
  4. Жартылай түсік
  5. Бүтін түсік

Түсікке байланысты жатырдан қан кету диагнозы анамнез (етеккір тоқталуы), екі саусақты тексеру (мерзімі 12 апталық жүктілік) немесе қасаға беткейлі ішастар қабырғасы арқылы жатырды пальпациялау әдісімен қойылады. 11-12 апталық жүктілікте жатыр түбі қасаға сүйектің жоғарғы шеті деңгейінде, 13-14 апталық қасаға сүйектен жоғары анықталады. Асқынбаған түсікте жатыр ауырсынусыз, жанама қабыну үрдістерінде ауырсыну пайда болады, қатқылданады. Жүктілікке диагноз қойғаннан кейін түсік сатысын және сипатын ажырату қажет.

Гинекологиялық қан кету

Қауіпті өздігінен түсік— етеккір тоқтауының негізінде іш асты аймағының тартып, сыздап ауырумен сипатталады. Осыған байланысты соңғы етеккір уақытын аныктаған жөн. Бұл сатыда қан кету болмауы немесе аздап жағынды бөліністер болуы мүмкін. Олар жүктіліктің мерзіміне және ұрықтың орналасуына байланысты.

Басталған түсік — іш асты, сегізкөз аймағында қатты толғақ тәрізді ауырсынумен, қанды, кейде аздап ұйыған бөліністермен сипатталады. Қауіпті және басталған түсіктің гинекологиялық зерттеусіз ажырату қиынға соғады.

Аяқталмаған түсік — нақ клиникалық көріністермен сипатталады: іш асты ауырсынуы күшейіп, толғақ тәрізді болады. Қан кету ұлғаяды және анемиямен ұштасады (әлсіздік, терінің бозаруы, тахикардия, артериалды гипотензия).

Жартылай түсік — жыныс жолдарынан ұрық жұмыртқасының бөліктері шығуымен (тууымен) және күрделі қан кетумен сипатталады.

Бүтін түсік— өте аз симптомдармен сипатталады. Науқас түсік тастағанын айтады. Ұрық жұмыртқасы толық шыққаннан кейін ауырсыну басылады, қанды бөліністер жағынды жүзінде, аз болады.

Қылмысты, ауруханадан тыс түсік — жүктілікті үзу мақсатымен іс-шара қолданғандығы негізінде анықталады. Бұл жағдайда клиникалық  көрініс қабыну белгілерімен қатар жүреді.

Асқынған артифициалды түсік — гинекологиялық ауруханада жүктілікті үзуден кейінгі асқынулар. Ауруханадан шыққаннан кейін қан кетудің себептері болып ұрық жұмыртқасының қалдығы, жатыр ішінде қан жиналуы, (гематометра) жатырдың тесілгенін байқамау, жатыр қабынуы (метроэндометрит, метротромбофлебит) табылады. Диагнозы түсік болғаны жөніндегі анамнездік мәліметтер, жыныс жолдарынан қан кету, әр түрлі сипатта және күштілікте іш асты ауырсынуы негізінде анықталады. Анықталмаған тесіліп кетуде, ішастар тітіркендіру белгілері перитониттің клиникалық көрінісіне дейін болады.

Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы:

Түсіктің барлық түрінде науқасты жедел перзентханаға жатқызу. Клиникалық көрінісінің айқындылығына байланысты науқасты көлікке дейін жаяу, егер қан қатты кетіп жатса, зеңбілмен тасымалдау қажет. Осындай науқасты әкеле жатқаны жөнінде перзентхана қызметкерлеріне, әсіресе кезекші дәрігерге хабар беру керек.

Ауруханаға дейінгі көмек. Қауіпті және басталған түсікте 25% -10-15 мл магний сульфаты ерітіндісін енгізуге болады (жатыр бұлшыкетінің жоғары тонусын басады). Жартылай түсік пен аяқталмаған түсікте қан тоқтату мақсатында көктамырға 10% — 10 мл кальций хлорид ерітіндісін енгізуге 5% аскорбин қышқылын ( 40% -2-3 мл глюкоза ерітіндісінде), 250-500 мл дицинон енгізуге болады. Жиырылу шақыратын дәрілер көрсетілмеген, себебі босатылмаған жатырдан қан кетуді күшейтуі мүмкін. Егер толық түсік болса, ауруханаға жеткізгенше б/е 1 мл (5 Б) окситоцин, 1 мл (3 Б) маммофизин енгізу қажет.

Тақырыпқа сайт ұқсас материалдар:

  1. Жасанды түсік (аборт)
  2. Әдеттегі өздігінен түсік
  3. Акушерлік қан кету

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...