Бассүйек ми жарақаты

Бассүйек ми жарақаты

Бассүйек ми жарақаты (БМЖ) — бұл құрамына бассүйек терісінің, бұлшық еттің, сүйектің, мидың, қантамырларының, ми қарыншықтары мен бассүйек —ми нервтерінің механикалық зақымданулары және сіңір тартылуы кіретін ұғым.

Бассүйек — ми жарақатының жабық және ашық түрлері болады. Жабық түріне бастың тері қабатының бұзылмаған зақымдануы жатады. Ашық түріне бассүйектің, оның негізінің зақымданып сынуы, қан және ми сұйықтығының ағуымен жүретін зақымданулар тән.

Оның биомеханикасында ми тініне деструктивті әсер ететін біріншілік факторлар комплексі қатысады. Олардың ішінде негізгілері:

  1. Соғылу және соғуға қарсы орындарда қысымның тез ауысуымен қарама — қарсы полюске ми арқылы басқа бассүйек деформациясының соққы әсері, сонымен қатар цереброспинальдық сұйықтықтың гидродинамикалық соққысы;
  2. Жылдамдату- баяулату ми бағанының салыстырмалы көбірек бекітілуіндегі массивті үлкен ми сыңарларының ығысуы мен ротациясы.

БМЖ кезінде жалпы милық, дислокациялық, қабықтық және басқа симптомдар мен синдромдар байқалуы мүмкін.

Жалпы милық симптомдар (ЖМС) БМЖ кезінде мидың органикалық зақымдалуының клиникалық белгілері болып саналады. Оларға естің сандық және сапалық өзгерістерін, бас ішілік гипертензия мен гипотензия симптомдарын, сондай — ақ, бас ауыруын, жүрек айнуын, бас айналуын, церебральдық астения (адинамия) мен көз түбіндегі өзгерістерді жатқызады. Бас ауыруы көпшілігінде байқалады. Сипаты бойынша әдетте жайылмалы болады, оның айқын болу дәрежесі мен ұзақтығы зақымдалу ауырлығына байланысты болып келеді. Субарахнондальды құйылулар мен гематомаларда бас ауыруы ошақталып, қарқыны үдей түседі. БМЖ — да жүрек айну тамақ қабылдаумен өзара байланысы жоқ құсу байқалады. Жарақаттан кейін алғашқы тәуліктерде бұлшықеттер тонусының өзгеруі, естің, ойлаудың бұзылысы жоғары дәрежеге жеткен кезде церебральді астения (адинамия) дамиды.

Мидың зақымдалуы ауыр болған сайын, жалпы милық симптомдар ұзақтау болады. Басішілік қысымның (БІҚ) жоғарылауы, әдетте мидың қысылуымен, сондай-ақ, жаншылу ошақтарымен бірге жүреді. БІҚ төмендеуі, әдетте, мұрын немесе құлақ ликворреясымен болатын бас негізінің сынығымен бірге жүреді. Жалпы милық симптомдардың пайда болу себептеріне біріккен БМЖ салдарынан болған шок, ми тамырларының эмболиясы, ішкі қан кету, миокард инфаркті, массивті екі жақты пневмония, бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі, сепсис, су —  электролит балансының ауыр бұзылыстары жатады. Жалпы милық симптоматиканы бас ішілік іріңді — қабынулық асқынулар (жарақаттан кейінгі энцефалиттер, жайылған субдуральды гематома және т.б.) шақыруы мүмкін.

Ескерту. 1. Жарақаттық ми ісінуі БМЖ — нан кейінгі ми тіндерінде судың көп мөлшерде болғандықтан дамиды. 2. Мидың ісінуі — БМЖ — ның жедел кезеңінде ми көлемінің қанға толуына байланысты үлкеюі 3. Ми коллапсы (МК), әсіресе, ликвореямен бірге жүретін бас негізінің сынықтарында (25-40%), операциядан кейін — бас ішілік гематомаларды, гигромаларды және басқа көлемді процесстерді алып тастағаннан кейін, жиі кайта болған БМЖ кейін дамиды. МК — ның негізгі синдромына басішілік қысым жатады.

Олардың пайда болуы мен құрылысы ми түзілістерінің зақымдалуына байланысты болып келеді (маңдай, самай, төбе, шүйде бөліктері, қыртыс асты түйіндер, мишық, баған және т.б.). БМЖ — ның жедел кезеңінде ошақтық симптомдар (қимылдық, сезімталдық, сөйлеу, көру, статокоординаторлық және т.б.), әдетте, оларды басып тастайтын жалпы милык симптомдармен үйлесіп келеді. Ошақтық симптомдар БМЖ — ның топикалық диагностикасы мен асқынулары негізінде жатыр.

Ошақтық симптомдарға парездер мен салдануларды, сөйлеу, сезу, көру, есту бұзылыстары, эпилепсиялық ұстамалар (басішілік қысым жоғарылауы, ми гипоксиясы және басқалардың салдары ретінде кездесуі мүмкін), сондай-ақ, психопатологиялық бұзылыстар жатады. Апатико — абулиялық синдром жиі маңдай бөліктерінің зақымдануында байқалады; құлақ қабылдауымен байланысты зақымданулар — самай бөлігі және т.б. зақымдалғанда байқалады. Ошақтық неврологиялық бұзылыстар — моторлы немесе сенсорлы афазия, гемипарез (гемиплегия), апраксия және т.б. зақымдалу аймағын көрсетеді.

Ескертулер: 1.Апатико-абулиялық синдромы айналадағыларға аспонтандық немқұрайлы қарау үйлесуімен сипатталады. 2. Аспонтандық дегеніміз — қимылдық, сөйлеу, психикалық және басқа функциялардың түрлеріне ынтаның болмауын не азаюын айтады. 3. Апраксия немесе әрекеттің бұзылысы – бағытталған қимылдардың реттілігімен дұрыстығының бұзылысы нәтижесінде бұлшықет күші мен координаторлық механизмдердің толық сақталуына қарамастан әдеттегі әрекеттерді атқару қабілетін жоғалту болып табылады

Қарашықтық реакциялардың бұзылысы — жеңіл БМЖ кезінде қарашық реакцияларының әлсіздігінен ауыр жарақат кезінде толық болмау диапазонында зақымдану ауырлығының дәрежесін сипаттайды. Тұрақты анизокория гематоманың белгісіне жатады. Ошақтық симптомокомплекстерге дислокациялық синдромдарды да жатқызады.

Бассүйек —ми жарақаттарында ауруханаға дейінгі кезеңде жедел жәрдем шараларының алгоритмі. Мидың шайқалуы

  • жедел жәрдемді қажет етпейді
  • науқаста қозу болса: — 2 мл 0,5% седуксен (реланиум, сибазон) ерітіндісі енгізіледі;
  • аурухананың неврологиялық бөліміне тасымалдау;

Мидың жаншылуы мен соғылуы

  • көктамырды табу;
  • терминалды күйлер дамығанда жүрек реанимациясын жүргізу;

қанайналым декомпенсациясында: реополиглюкин, кристалды ерітінділерді к/т тамшылату; қажет болғанда: — 5мл 0,5% допаминді изотоникалық ерітіндіге араластырып к/т тамшылату , АҚ 120-140 мм.с.б. ұстап тұру;

ГКС: дексаметазон 8-12 мг немесе преднизолон 90-150мг к/т;

ес-түссіз күйлерде:

  • ауыз қуысын қарап, тазалау керек; мойын омыртқасын қатты шалқайтпау! кеңірдек интубациясы;
  • психомоторлы қозуларда, тырысуларда- 0,5-1,0 1 % атропин тері астына, 2 -4 мл 0,5% седуксен немесе 15-20 мл натрий оксибутираты к/т;
  • тасымалдағанда тынысын бақылап отыру керек;

Бассүйек ішілік қысымның көтерілу синдромында:

  • 2-4мл 1% фуросемид (лазикс) к/т (көп қан жоғалтқанда енгізілмейді); ӨЖЖ
  • ауыру синдромында: 2-4мл 50% анальгин ерітінділері енгізіледі;
  • Опиаттарды енгізуге болмайды!

Бас жарақаттағанда және сыртқа қан аққанда:

жарақаттың шетін антисептиктермен жуып, өңдеу керек; ауруханаға тасымалдау -нейрохирургия бөліміне, ауыр жағдайларда — реанимация бөліміне.

Бассүйек — ми жарақаты кезіндегі дәрігердің әрекеті

Бастың соғылуы кезінде оқиға болған жерде қан тоқтатқыш ‘Гиппократ тақиясын” немесе “тұмақ” таңғышын салып науқасты травматологиялық бөлімшеге шұғыл түрде жеткізу қажет.

Жабық, ашық және қосарласқан бассүйек — ми жарақатында жедел жәрдемді оқиға болған жерден бастап көрсетеді. Ашық және енген жарақаттарды гемостатикалық гу бкамен жауып, асептикалық таңғыш саламыз. Науқасты травматологиялық бөлімшеге жеткізу қажет. Егер науқастың есі анық болса зембілмен жастықсыз арқасына жатқызып тасымалдау керек. Егер есі болмаса құсықпен аспирация болмас үшін науқастың басын бір бүйіріне қаратып тасымалдау қажет.

БМЖ кезіндегі реанимациялық шараларды ауруханаға дейін бастау керек. Ол жарақат әсерінен болған өмірге қажетті мүшелердің қызметінің бұзылыстарын қалпына келтіруге бағытталады. Онда тыныс жолдарының бітелуі, қан жоғалту және гемодинамикалық ауыр бұзылыстардың әсерінен болған ми ишемиясы мен гипоксиясының алдын алу қажет. Газ алмасуды қалпына келтіру үшін тыныс жолдарын тазалап, ауа өткізгіш түтікшелер қою немесе жасанды тыныс беру қажет.

Ұқсас материалдар тізімі:

  1. Бассүйек жарақаттары
  2. Краниометрия. Бассүйек индекстерін анықтау

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...