Дәрі дәрмектермен улану

Дәрі — дәрмектермен улану

Ацетил салицил қышқылымен улану

Ацетил салицил қышкылы — аскофен, асфен, цитрамон, натрий салицилаты сияқты дәрі — дәрмектердің құрамына кіреді.

Психотропты, гемотоксикалық (антикогулянтты) әсері бар;

Өлімге әкелетін мөлшері: 30 — 40 мг, балалар үшін: 10 мг;

Клиникалық көрінісі: қозу, эйфория. Бастың айналуы, кұлақта шудың естілуі, есту және көру қабілетінің нашарлауы. Тыныс жиілейді. Сандырақтап, есеңгіреп комалық күйге енеді. Кейде тері астында геморрагиялар пайда болып, мұрыннан, асқазан — ішек жолдарынан қан кетуі мүмкін. Ары қарай метгемоглобинемия, токсикалық нефропатия, метоболикалық ацидоз дамиды.

Жедел жәрдем шаралары:

  • Асказанды жуу, 50 мл вазелин майын ішке қабылдау;
  • Қан кеткенде- 2 мл дицинон ерітіндісімен, 10% 10 мл кальций хлориді ерітіндісін к/т енгізу
  • Қозуларда — 2.5 % 2 мл аминазин ерітіндісін б/е;
  • Аурухананың токсикология бөліміне жеткізіледі;

Антигистаминді дәрі -дәрмектермен улану

Антигистаминді дәрілердің (димедрол, супрастин, пипольфен т.б) нейротоксикалы, психотропты әсері бар. Өлімге әкелетін мөлшері — 40 мг/кг шамамен;

Клиникалық көріністері: Ауыздың, жұтқыншақтың құрғауы, ұйқышылдық, жүректің айнуы, бастың айналуы, көру қабілетінің бұзылуы, тахикардия. Тері жамылғылары құрғап, бозғылттанады. Қарашықтары кеңейеді. Ары қарай қимыл және психикалық қозулар, тырысулар байқалып, науқас есінен танып қалуы мүмкін. Қан қысымы төмендеп, тынысы әлсірейді.

Жедел жәрдем шаралары:

  • Егер дәрі ішке қабылданған болса, онда асқазанды зонд арқылы жуу қажет;
  • 0.1 % 1 мл физостигмин ерітіндісін тері астына, қайталанып салынып отырады. Егер қатты қозу күйі байқалмаса, 1 % 1 мл пилокарпин ерітіндісін қайта салуға болады.
  • Ал қозу күйінде болса -2.5 % 2 мл аминазин ерітіндісі енгізіледі;
  • Тырысулар байқалса -5 -10 мг седуксен к/т ;

Науқас аурухананың токсикология бөлімшесіне жеткізіледі;

Дәрі дәрімектермен улану

 Психотропты дәрі дәрмектермен уланулар

 Барбитураттармен улану дәрігерлер тәжірибесінде жиі кездесетін уланулардың бірі болып табылады. Барбитураттар көп жылдан бері суицидалдық әрекеттер үшін қолданылып келген дәрілердің қатарына жатады.

Токсикалық әсер ету  механизміне қарай оларды 3 топқа бөледі:

  • ұзақ әсерлі (8-12 сағат) — барбамил, этаминал натрий, фенобарбитал;
  • орташа әсерлі (4-6 сағат )- барбамил, этаминал, натрий;
  • қыска әсерлі (1-2 сағат)- гексенал, тиопентал натрий;

Өлімге әкелетін мөлшері шамамен 1 — 2 гр.

Клиникалық көріністері:

4 сатыдан тұрады:

  1. Ұйқыға бату сатысы. Ол ұйқышылдық, апатия, атаксиямен сипатталады.
  2. Беткейлік кома сатысы. Есінен танады. Қарашықтары тарылады. Қарашық рефлекстері сақталады. Ауыру тітіркендіргіштерге реакциясы болады. Бұлшық ет гппотониясы және де патологиялық рефлекстер пайда болады. Гиперсаливация, бронхоррея, құсық массасының аспирациясы салдарынан тыныс бұзылады.
  3. Терең комаға бату сатысы. Қарашықтары кеңейеді, тынысы — сирейді. Пульсі әлсізденіп, тері жамылғылары көгереді. Диурезі азаяды. Рефлекстері жоғалады.
  4. Комадан кейінгі күй. Тұрақсыз неврологиялық симптоматика (птоз, атаксия т.б). Депрессия, тромбоэмболиялық асқынулар дамуы мүмкін.

Жедел жәрдем шаралары:

  • Жуан зонд арқылы асқазанды жуу, 6 сағат сайын қайталап отыру
  • Сифондық клизма;
  • 40 % -500 мл глюкоза ерітіндісін, 5 мл аскорбин қышқылын,
  • 8 Б инсулинді қосып көк тамырға енгізу,
  • 4 % 500 мл натрий гидрокарбонатын к/т тамшылатып енгізу,
  • лазикс 4-6 мл көк тамырға енгізу,
  • тыныс аналептиктерін (20 % камфора, кофеин, бемегрид) тек беткейлік кома сатысында ғана енгізуге болады ;
  • Зеңбілге жатқызып, аурухананың токсикология бөліміне тасымалданады.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...