Алкогольмен улану. Жедел көмек

Алкогольді ішімдіктерден улану

Қазіргі уақытта медициналық жедел жәрдем қызметінің мәліметтері бойынша тұрмыстық уланулардың жиірек кездесетін түрі — алкоголь және оның суррогаттармен уланулар.

Алкогольмен улану

Алкогольмен улану этил спиртін немесе 12%- тен жоғары этил спирті бар сусындарды қабылдағанда дамиды.

Этанол — өзінің психотропты әсеріне байланысты, орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) тежелу процесстерін төмендетеді.

Ал ауыр түрдегі улануларда- ми клеткаларының метоболизмінің өзгеруіне қарай және оттегінің жетіспеуіне байланысты, қозу процесстері тежеледі.

Алкогольды кома қандағы этанолдың құрамы шамамен 3 гл-ге жеткенде дамиды, ал 5-6 гл-ге көтерілгенде өлімге душар етеді. Ал 96% 300 мл-дей этил спирті ашқарынға қабылданса, өлімге әкелуі мүмкін.

Клиникалық көріністері: Науқас есінен танады. Тері жамылғыларынан суық, жабысқақ тер шығып, беті қызарады, дене қызуы төмендей түседі, құсады. Зәрі мен нәжісі еріксіз бөлінеді. Ауыртқыш тітіркендіргіштерге реакциясы төмендейді. Патологиялық рефлекстер пайда болады. Қарашығы тарылады, ал тынысы бұзылған сайын, қарашығы кеңейе түседі. Тынысы сиреп, пульсі жиіленеді, әлсіз болады. Кейде тырысулар байқалып, құсығын жұтып қояды, ол ларингоспазмға әкеліп соғады.

Механикалық асфиксияның эсерінен тыныс тоқтап қалады. Ары қарай, жүрек — қантамыр жүйесінің қызметі әлсірей түседі.

Жедел жәрдем шаралары.

  • Асқазанды жуу;
  • Ауыз қуысын тазалау, жұтқыншақтағы кілегейді сорып, тазалап отыру, тілді бекіту;
  • Бронхорреяны азайту үшін — 0.1 % 1 мл атропин ерітіндісін тері астына енгізу;
  • Бұзылған тыныс жүйесін қалпына келтіру үшін — 2мл кордиамин, кофейн ерітіндісін т/а, к/ т;
  • 40% 40мл глюкоза ерітіндісін, 10-16 Б инсулин ерітітіндісімен қосып к/т;
  • Жұтыну рефлекстері сақталмаса — жасанды аппаратпен тыныс беру және интубация жасау:
  • Ацидозды төмендету үшін 4% 500-1000 мл натрий гидрокарбонатын к/т тамшылатып енгізу;
  • Вит В6 2мл, В1 5мл б/е енгізу;

Зеңбілге жаткызып, аурухананың токсикология бөліміне тасымалданады.

Алкогольмен улану

Алкоголь суррогаттарымен уланулар. (метил спирті, этиленгликоль, одеколон, лосьон) психотропты, нейротоксикалы, нефротоксикалық әсері бар) өлімге әкелетін мөлшері-100 мл.

Клиникалық көріністері:

жүректің айнуы, құсу, көз алдында «шіркейлердің» елестеуі, бастың, іштің ауруы. Тері жамылғылары мен кілегей қабаттары кұрғап, қарашықтары кеңейе бастайды. Сан еттері тартылып, ауырады. Тырысулар басталып, желке тұсының еттері керіледі, қан қысымы алғашында көтеріліп, сонан соң төмендейді. Жүректің соғуы жиілеп,тынысы бұзылады. Науқаста алдымен психомоторлы қозу басталып, содан соң есінен танады. 2-3 тәулік өткен соң көру қабілеті нашарлап, соқыр болып қалуы мүмкін.

Айқын метоболикалық ацидозға ұшырайды.

Жедел жәрдем шаралары:

  • асқазанды жуу;
  • 30% 50 мл этил спиртін, әр 3 сағат сайын ішкізу керек; ал егер коматозды күйде болса,
  • 5% этил спиртін көк тамырға тамшылатып немесе 33% этил спирті көк тамырға енгізіледі;
  • 25-30 мг преднизолонды к/т;
  • 5% 2 мл глюкоза еріт к/т;
  • 4% 50 мл натрий гидрокарбанаты;
  • форсирленген диурез; перитонеальды диализ; гемодиализ;
  • көру қабілеті бұзылса — атропин, гидрокортизон ерітінділері суборбиталды енгізіледі;
  • зеңбілге жатқызып, аурухананың токсикология бөліміне тасымалданады
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...