Балалар жарақатының ерекшеліктері

Балалар жарақатындағы жедел медициналық жәрдемнің ерекшеліктері

Жарақат – әр — түрлі жастағы балалар арасында кездесетін сыртқы жағдайлардың әсерінен; тұрмыстық жағдайларда, оқыту, тәрбиелеу немесе дем алу кезінде кенеттен пайда болатын зақымданулар.

Жарақаттанғандарды ауруханаға дейінгі сатыда біріншілік қараудың қарапайым әдістері:

Ауруханаға дейінгі сатыда диагностикалық және емдік шаралардың мүмкіндігі аз.

Алғашқы медициналық бағыт — келесі элементтерден тұрады:

  1. Жалпы жағдайын бағалау, бірінші кезекте — есі, сыртқы тыныс қызметі және қан айналымы.
  2. Анатомиялық зақымданулардың детальды емес локализациясын анықтау.
  3. Кейбір дөрекі анатомиялық зақымданулардың сипатын анықтау — жыртылу, мыжылу, сынықтар, жара және басқалар.

Бұл мәліметтер біріншілік жедел жәрдем көрсету мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Анатомиялық зақымданулардың  локализациясы мен сипаты біріншілік қараған кезде анықталуы керек.

Сыртқы тыныс қызметін бағалау үшін келесі градациялар қажет.

  1. Сыртқы тыныс бұзылмаған.
  2. Тыныстың жіті жетіспеушілігі.
  3. Тыныстың тоқтауы (апноэ).

Егер тыныс ырғақты болса, цианоз және сырылдар болмаса, тыныстық экскурссия минутына 35-40 болса онда тынысы бұзылмаған деп есептеуге болады.

Тыныстың жіті жетіспеушілігі — барлық жағдайларда шұғыл шаралар жасауды қажет ететін, бас — сүйек миының жарақаты, бас миының компрессиясы, кеуде зақымданулары, жарақаттық шок, механикалық асфиксия, электр жарақаттар, ауқымды термиялық жарақаттар кезінде болатын жағдай.

Балалар жарақатының ерекшелігі

ТЖЖ бар адамды біріншілік қараған кезде келесі клиникалық белгілерді анықтаймыз:

  • науқастар өте мазасыз;
  • тынысы беткейлі, ырғақсыз, жиі, тыныс алу актіне мұрын қанаттары қатысады,
  • тыныс алған кезде қабырғааралық бұлшық еттер тартылады;
  • тері беттері көкшіл, акроцианоз;
  • тері асты көктамырлары ісінген;
  • көп мөлшерде суық тер;

Өкпе ісінуі қосылған кезде сырылдаған, шулы тыныс пайда болады.

Орталық генезді ТЖЖ болған кезде науқастың санасы жоғалады, жұтыну және жөтелу рефлекстері басылыңқы. Регургитация және кұсық, кейін асқазан ішіндегі затпен тыныс жолдарының аспирациясы болуы мүмкін. Кеуде клеткасының көзге көрінетін экскурсиясын тіркеу арқылы тыныс алудың тоқтауын байқаймыз.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...