Жүрек және қан тамырлар жүйесі ауруы бар науқастарды сұрастыру

Жүрек және қан тамырлар жүйесі ауырған науқастарды сұрап,  қарап және пальпация арқылы тексеру

Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру

Шағымдары — жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүрек қағуы, ісінулер, ентігу, жөтел, қан қақыру, тұншығу, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауру, ұйқының бұзылысы, жұмысқа қабылетінің  төмендеуі, оң қабырға доғасы астындағы ауру сезім.

Аурудың даму тарихынан мәліметтер жинастыру:

  • аурудың басталуы (кенеттен, бірте-бірте, себебі мен пайда болу жағдайы; жасалған тексерістердің қорытындылары, жүргізілген емнің тиімділігі).
  • қайталау және нашарлау жиілігі, себептері.

Өмір тарихынан мына мәліметтерді анықтау:

  • бұрын болған дерттері (баспа, скарлатина, сап (ревматизм);
  • тұрмысы мен жұмысындағы жағдайы (қара күш  жүктемесі, психикалық жүктеме, күйзелістер);
  • үйреншікті уланулар (темекі шегу, арақ ішу және т.б.);
  • тұқым қуалаушылық (ата-анасында, туысқандарында жүрек — қан тамырлар аурулары);
  • эндокриндік бұзылыстар (климакс, тиреотоксикоз т.б.).

Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексерудегі іс-әрекеттерінің реттілігі

  1. Науқаспен танысу: сәлемдесу, өзін таныстыру және науқастың аты-жөнін, тегін анықтау

2.Науқастың шағымдарын сұрақ қойып анықтау: “Қандай шағымдарыңыз бар” немесе “Сізді не мазалайды”? деген сұрақтар беріп, науқастың шағымдарын анықтау Олар: жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүректің қағуы, ісіктер, ентігу, жөтел, қан қақыру, тұншығу, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауру, ұйқының бұзылысы, жұмысқа қабылетінің  төмендеуі, оң қабырға доғасы астындағы ауру сезім.

Негізгі шағымдарын айырып алу: Олар: кеудедегі ауру сезім, ентігу

Негізгі шағымдарды қосымша сұрақ арқылы талдау, сараптау.

Жүрек аймағындағы ауру сезім (dolor):

  • орналасу орны – қай жерде?
  • ауру сезім сипаты —  қалай білінеді?
  • күші, қарқыны –қандай?
  • таралуы — қайда?
  • ұзақтылығы –қанша уақытқа?
  • пайда болу себебі және жиілігі — қандай жағдайда пайда  болады?
  • ауру сезім тұрақтылығы?
  • қандай жағдайдан кейін  басылады?

Жүрек қағуы:

  • жиілігі және ұзақтығы?
  • пайда болу себебі?;
  • сипаты – қалай соғады (жиіленген, ретсіз соғуы, тоқтап қалғандай;
  • басылу себебі?

Ісіктер, ісінулер (oedema)

  • пайда болу мезгілі және тәулік бойындағы өзгеулері?
  • басталғандағы орналасу орны;
  • таралуы?

Ентігу (dyspnoe)

  • пайда болу жағдайы?
  • ұзақтығы және сипаты?

Қан тастау (haemoptoe)

  • қан мөлшері?
  • қанша рет — жиілігі;

Жөтел (tussis)

  • жөтел сипаты; жиілігі; күшею себебі?

Оң қабырға доғасы астындағы ауру сезімі

  • сипаты?
  • пайда болу жағдайы?

Құрсағының үлкеюі (аscytis)

  • қалай және қанша уақытта дамыды?

Қосымша шағымдарды анықтау:  

Қосымша шағымдар: әлсіздік, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, ұйқының нашарлауы, бас ауруы жұмысқа қабылетінің төмендеуі, шаршағыштық (қашаннан бері мазалайды, қандай жағдайда – тұрақты немесе жүктемелерде)

  1. Дерттің даму тарихы, дерттің анамнезы. Дерттің басталуын анықтау

Дерттің басталуын анықтау келесі сұрақтарды сұрау:

«Бірінші рет аурып тұрсыз ба әлде осы дерт біраздан бері мазалайды ма?», «қалай басталды?»  — дерттің басталуын анықтау. Осы шағымдар бірінші рет мазалап тұр немесе осы дерт бірнеше жылдардан бері бар.

Мысалдар: -кенеттен  немесе  бірте-бірте әртүрлі жүрек қантамыр жүйесі ауруларына тән шағымдарымен басталуы  (кеудедегі шаншу тәрізді ауру сезімімен; жүрек қағуымен, тұншығу ұстамасымен, құрғақ жөтелмен; ентігумен немесе ісінулердің пайда болуымен әлде  жүрек аймағындағы сыздаған ауыру сезімі, жүрек аймағында ыңғайсыз қолайсыздықты сезінумен, бас ауруымен, бас айналуымен, ентігуге байланысты жұмысқа қабілетінің төмендеуімен; дене қызуының  көтерілуі, т.б.);

бұрыннан  бар созылмалы дертінің өршуі (қандай шағымдармен басталды, жылына өршуі қанша рет болады, қандай жағдайлар әсер етеді, бәсеңсу кезеңінің ұзақтығы).

Жүрек аурулары

  1. Дерттің ағымын анықтау. Дерттің дамуын анықтау:

Қандай шағымдармен басталды, әрі қарай қандай шағымдар қосылды  немесе қандай шағым қалай өзгерді? мысалы: «кенеттен жүрек аймағында ауыру сезімі болды, оған  ентігу қосылды; немесе ентігу жиіленді, кейінірек  кешке жақын аяғының ісінуі пайда   болды  және т.б».

Дерттің басталуына әсер ететін жағдайларды анықтау (дерттің болжама немесе  нақты себебі).  Дерттің басталуына әсер ететін жағдайларды анықтау келесі сұрақтарды беріп:

  • Қалай ойлайсыз осы дертіңіздің басталуына қандай жағдайлар себеп болуы мүмкін?
  • Өзіңізше осы ауруыңыз қандай жағдайдан кейін пайда болды деп ойлайсыз?

 

  • психо-эмоциональнық тежеулер;
  • ауыр қара жұмыс;
  • салқынданулар;
  • жақын арада болған жіті қабыну дерттері (жоғарғы тыныс жолдарының жіті қабынулары);
  • уланулар, алергиялық әсерленулер (уытты әсері)
  • шамадан тыс ішімдік қабылдау,
  • кеуде жарақаты

Жасалған шараларды анықтау. Келесі сұрақтарды беріп  науқастан осы дерттіне байланысты жүргізілген шараларын анықтау:

  • дәрігерге қаралдыма?
  • қандай тексерістер жүргізілді (олардың қорытындысы);
  • емі (өздігінше -үйде, медициналық көмекке жүгінді — емханада);
  • қандай дәрілер немесе басқа түрі;
  • емнің тиімділігі  қандай болды? Болмады?
  • емделмеген;
  • ауруханаға түсу себебі?
  • жедел-жәрдем көмегімен келіп тұр;

-қаралды:

  • тексерістер жүргізілген жоқ;
  • тексерістер жүргізілді: жалпы қан анализі, қақырық анализі; рентген және т.б.
  • олардың қорытындысы бар, қолында;

-ем жүргізілді: а/б, қақырық шығаратын және т.б.

  • емнің тиімділігі: бар, жоқ; емделмеген.
  • ауруханаға түсу себебі: емделу, ауруы өршіді; тексерілу және т.б.
  1. Өмір тарихы — осы дерттің дамуына алып келетін қолайсыз жағдайлар. Өмірінің әр кезеңінде:
  • туылғанынан бүгінгі күнге дейін: болған қолайсыз жағдайларды немесе дерттерді сұрау-балалық шағы (нешінші бала, туылған жері)
  • жасөспірім (мектепке бару, үлгерімі, қалыс қалуы,
  • мамандық алу (кәсібіне байланысты қатерлі жайттар)
  • үйлену (жанұясындағы рухани, адами қасиеттік  жағдайы)
  • болған қолайсыз жағдайларды немесе дерттерді сұрақ қойып анықтау: әлеуметтік жағдайы; тұрмысы, жарақаттары; тұқымқуалаушылық дерттері; аллергиялық әсерленулер; мүгедектік анықтау.

әсер етуі мүмкін қолайсыз жайттар:

  1. Балалық және жасөспірім шағындағы дерттер (туа біткен жүрек ақауы, ревматизм, тонзиллит, тіс жегі).
  2. Жоғарғы тыныс жолдарының жіті қабынуы, аллергиялық және басқада дерттері;
  3. Әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы (тұрақтанған жері: дымқыл, ылғалды; майлы, тұзды тағамдарды жиі пайдалануға бейімділік; қимылсыздығы басым тіршілік салты; от басындағы көңіл-күй, моральдық жағдайы).
  4. Кәсіпшілік қолайсыз әсерлер: ойдың, орталық нерв жүйесінің жиі, шамадан тыс тежелуі; ауыр күштемелер (басқарушылық қызмет, жұмыс түрі; моральдық, психикалық хал-ахуал).
  5. Ер азаматтарда: әскерде болуы, атқарған міндетінің түрі; қолайсыз әсерлер; болған дерттері; несеп жолынан дертті бөлінділер немесе аталық мүшесінде ойылулар; атабезінде ауру сезімі немесе ісіктер; бұрын болған жұқпалы жыныс дерттері; жыныстық қатынасқа ықыласы; қанағаттанарлығы; жыныстық бұзылыстар.
  6. Әйел адамдарда – етек кірінің басталуы, оның сипаты (неше жасында, бірден тұрақталдыма, канша күннен, мөлшері; ауырсынулы немесе онсыз, айналымының ұзақтығы); жыныстық қатынастың басталуы; етек кірі айналымы арасында немесе жыныстық қатынастан кейін қан кетулер; соңғы етек кірінің уақыты тұрмыс құруы, жүктілік (қанша көтерді, қалай өтті —  ісінулер, қан қысымының жоғарлауы; босанулары — өздігінше, операциялар арқылы, асқынулар; түсікте- жасанды немесе медициналық аборттар); етек кірінің тоқтауы: неше жасында, қандай көріністер —  қан қысымының жоғарылауы, жүрек қағуы, т.б. Менопауза кезіндегі қан кетулер.
  7. Тұқым қуалаушылыққа бейімділік: жақын туысқандарында жүрек ауруларының, гипертонияның, туа біткен ақаулардың, семіздіктің болуы.
  8. Басқа ағзалардың дерттері (тыныс алу; орталық нерв жүйесі) немесе жарақаттар, сынықтар.
  9. Жұқпалы аурулар – туберкулез, мерез, сары ауру.

10.Үйреншікті уланулар: темекі шегу; ішімдікке салыну; нашақорлық, уланулар.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...