Бүйрек несеп жолдарын тексеру. Бүйрек пальпациясы

Бүйрек несеп жолдары ауырған науқастарды сұрап, қарап тексеру. Бүйректің пальпациясы.

Бүйрек және несеп бөлу жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру

Негізгі шағымдары:

ауру сезім:

  • орналасуы- бел аймағында, қасаға сүйегінен жоғары, несеп ағардың бойымен;
  • сипаты – 1) тұрақты, ұзақ, сыздап –бүйрек тінінің қабынуы немесе түбекшеде зәр жиналу әсерінен — бүйрек үлкейіп, қапшығы созылып, нерв талшықтары тітіркенеді; 2) кенеттен, оқтын-оқтын, қысқы, ұстама тәрізді, өте қатты, қарқынды-бүйректе немесе несеп жолдарына тасбайланғанда –жиырылу әсері;
  • таралуы- төмен қарай, несепағар бойына, жыныс ағзаларына, санның ішкі бетіне;

дизурия — зәр бөлінудің бұзылыстары. Келесідей түрлері болады:

  • олигурия –мөлшерінің өзгерісі 500мл аз ; полиурия-2л жоғары; анурия мүлдем болмауы; б) странгурия- ауырып шығуы;
  • ишурия –тоқтап шығуы;
  • изурия- зәрдің бір мөлшерде белгілі бір уақытта шығуы;
  • никтурия- түнгі дәрет;
  • поллакиурия — жиі, аздап шығуы;

 Бүйректік ісінулерінің ерекшеліктері

  • орналасу орны (бастапқы)- көз аймағында, бетінде;
  • пайда болу уақыты — таңертең;
  • түсі — боз;
  • біркелкілігі — жұмсақ;

 Қосымша шағымдары — әлсіздік, шаршағыштық, ұйқының бұзылуы, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, терінің қышуы, диспепсиялық бұзылыстар — жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі –бүйрек жетіспеушілігіндегі улану белгілері. Сонымен қатар –бас ауру, бас айналу, жүрек аймағындағы ауру сезім — бүйректік қан қысымының жоғарылауының белгілері.

Бүйрек және несеп бөлу жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексеру

Науқасты жалпы қарап тексеруді: науқастың жалпы хәлі (қанағаттарнарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі).

  • Ісіктер – бет аймағында, қабақтарда; көз саңылауы – кішірейген, жалпы таралған ісіктер –жіті қабынуда, ауыр жағдайда;
  • Терісі мен оның қосалқылары, кілегей қабаттары (түсі, құрғақтығы, түлеуі; қасыну іздері, шаш өзгерістері – түсуі, жұқалануы).
  • Аузынан иіс болуы мүмкін – ацетон иісі –улану белгілері – қалдық азоттың көбеюі – созылмалы бүйрек жетіспеушілігі;
  • Бел аймағын қарау – паранефритте қабыну белгілері
  • Құрсақты қарау – көлемі; бір бөлігінің томпаюы., пальпациясы.
  • Бүйрек пальпациясы — көлемі, тығыздығы.
  • Несеп ағар бойындағы ауырсыңғышты нүктелер

Науқасты тексеру нәтижесінде жиналған мәліметтерді қалыпты көрсеткіштерімен салыстыру, өзгерген көрсеткіштерді дұрыс түсініп бағалау.

Бүйрек және несеп бөлу жолдары ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексерудегі іс-әрекеттері

Науқасты жалпы қарау.Науқастың жағдайын, есін, төсектегі қалпын анықтау Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу, әрі қарай хәлін, есін, төсектегі қалпын бағалау.Терісі және кілегей қабаттарын қарау, ісіктерді анықтау.Қарау дененің ашық аймақтарына жүргізіледі (бет-әлпеті, тері түсі, ісінулердің бар-жоғы).

Жергілікті қарау. Бүйрек аймағын қарау. Қуық аймағын қарау. Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу (бел аймағына дейін шешінуін, науқастың жағдайына байланысты тік отыруын немесе түрегеліп тұруын сұрау) .

Науқастан рұқсат алып, оның жағдайына байланысты жатқызып немесе тұрғызып, ішті (қасаға үсті аймағын) қарау.

Бүйрек пальпациясы, перкуссиясы

Бүйрек пальпациясы

Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу (бел аймағына дейін шешінуін, науқастың жағдайына байланысты тік отыруын немесе түрегеліп тұруын сұрау)

  1. сол алақанды бел аймағына (оң немесе сол жағына) сұқ саусағын ХІІ қабырғадан сәл төмен қойып орналастыру. Оң қолының саусақтарын сәл бүгіп, қабырға астына, іштің тік бұлшықетінің сыртқы қырына, сол алақанға перпендикуляр орналастырады
  2. тыныс шығару кезінде оң қолды ішке терең енгізіп, сол қолымен бел аймағын оң қолға қарсы итеріп, бүйір аймағын алдыға қарай жақындатуға тырысады
  3. науқастан терең тыныс алуын сұрап (бұл кезде бүйрек төмен ығысады), оң қолды төмен қарай сырғытып екі қолының арасында қалған бүйректі ұстап көруге тырысады (бүйрек үлкейгенде немесе төмен ығысқанда іске асады)

Несепағар бойындағы ауырсыну нүктелерін анықтау:

  • жоғарғы несепағарлық нүкте іштің тік бұлшықетінің сыртқы қырымен вертикальды сызық және кіндіктен жүргізген горизонтальды сызықтың қиылысында орналасады.
  • ортаңғы несепағарлық нүкте ортаңғы сызық пен (l.mediana anterior) жамбас сүйегінің алдыңғы жоғарғы қырын (spina iliaca anterior superior) қосатын горизонтальды сызықтың 1/3 орналасады.
  • Қабырға — омыртқалық нүкте ХІІ қабырға мен омыртқаның арасындағы бұрышта орналасады.
  • Қабырға — бел нүктесі ХІІ қабырға мен бел бұлшықеті қиылысытын жерде орналасады

Бүйрек перкуссиясы

Бүйрек аймағына перкуссия жасау. Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу (бел аймағына дейін шешінуін, науқастың жағдайына байланысты түрегеліп тұруын әлде тік отыруын сұрау).

Сол қолдың алақанын кезекпен оң және сол жақ бел аймағына (ХІІ төс – ІІ бел омыртқалар деңгейіне) қойып, оң алақан қырымен жай ғана ұрғылайды.

Қуыққа перкуссия жасау

Перкуссия қуықты босатқаннан кейін жасалады. Ортаңғы сызық бойымен жоғардан (кіндік деңгейінен бастап) төменге қарай (қасағаға дейін) ұрғылайды Бел аймағында ауырсыну сезімі бар – ұрғылау симптомы оң (бүйрек ұлғайып, капсуласы созылғанда, түбекше қабынып, созылғанда, онда тастар болғанда), ауырсыну жоқ — ұрғылау симптомы теріс. Бос қуыққа перкуссия жасағанда — тимпаникалық перкуторлық дыбыс анықталады; қасағадан жоғары тұйық дыбыс қуықтың үлкейгенінде анықталады (экскреторлық анурия немесе қуық ісігі)

Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі (мысал):

  • науқасты тексерген кезінде дәрігер қан қысымының жоғарылауын, ұрғылау белгісінің екі жақтан да ептеп оң болуын, бетінің ісінгенін, көз астындағы ісіктерді анықтады.
  • науқаста айқын дамыған жалпы ісінулер, жай ғана басқанда терең ойық қалады. Ісіктер бір тәулік ішінде пайда болып дамыған.
  • 19 жастағы науқас бел тұсының сыздап ауырғанына, кенеттен бетінің ісінуіне, басының ауырғанына шағымданады. Қарап тексергенде бетінің ісінгені, көз астындағы ісінулер байқалады. Белді ұрғылағанда екі жақтан да ауырсыну.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...