Тірек қимыл жүйесін қарап тексеру

Қимыл-тірек, бұлшықет және тері мен оның қосалқыларын тексеру

Науқасты жалпы қарап тексеруді: науқастың жалпы хәлі (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім хәлінде); есі (сақталған, өзгерген); төсектегі кейпі (белсенді, сұлық түсіп жату, мәжбүрлі).

Терісі мен оның қосалқылары, кілегей қабаттары (түсі, бөртпелер, құрғақтығы, түлеуі;     шаш  өзгерістері –түсуі, жұқалануы).

Буындар мен сүйектерді қарау, сипап тексеру – көлемі, үйлесімі,  қозғалу деңгейі, ауырсынуы. Бұлшықеттерді қарау, сипап тексеру, күші, кернелуі

Қимыл-тірек, бұлшықет және тері мен оның қосалқылары жүйесі ауруларын қарап тексеру іс-әрекеттерінің реттілігі

  • Науқасты жалпы қарау. Науқасқа тексеру   мағынасын түсіндіріп  рұқсат алу әрі қарай хәлін,  есін, төсектегі қалпын бағалау.
  • жағдайы (қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр, өте ауыр, өлім халінде);
  • есі — сақталған (анық), өзгерген
  • төсектегі қалпы (белсенді, қимылсыз –сұлық түсіп жатыр, мәжбүрлі –қимылдары шектелген

Жалпы қарау:

  • дене бітімін, терісі мен оның қосалқыларын және кілегей қабаттарын қарау;
  • жалпы дене бітімін, тері асты шел майының дамуын бағалау;
  • науқастың жағдайына байланысты- тік тұрғызып
  • тері асты шел майының дамуын бағалау —  жауырын асты теріні бас бармақ пен сұқ саусақ арасына қысып тексеру – 2см аспау қажет

Дене бітімі қалыпты; өзгерген; тері асты шел майының дамуы сақталған; төмен (жүдеу, азған,); шамадан тыс    дамыған (толық).

 Жергілікті қарау:

  • Омыртқа бағанасын
  • тік тұрғызып омыртқа бағанасын қарап – түзулігі, жауырын бұрыштары мен иықтары және жамбас қырларының орналасу деңгейін қарау;
  • иықтары мен жамбас қырларының және бір деңгейде орналаспауы (сколиоз)
  • жаурын бұрыштарының бір деңгейде орналаспауы (сколиоз) «садақа сұраушы» келбеті — Бехтерев дерті;

Буындарды қарау:

Кейпі:

  • бүгілген (жіті артрит);
  • бұлшықет қимылының шектелуіне (контрактурасы) байланысты буынның мәжбүрлі кейпі (созылмалы артропатия);

Көлемі:

  • біркелкі домбығуы (домалақтануы, жіті артрит)
  • үйлесімінің бұзылысы (созылмалы артрит)
  • буынның анатомиялық орналасуына сәйкес емес шектелген ісіну (киста, гигрома, тендинит, тендовагинит, бурсит);

Пішіні — тегістелуі (жіті артрит)

Өзгеріс түрі — домалақтанған(жіті артрит)

үйлесімінің бұзылысы  – буын пішінінің айқын бұзылысы (остеартроздардағы остеофиттер, буынның толық және толық емес  шығып кетуі, анкилозы)

Үйлесімінің бұзылыс  түрлері:

  • Білезік буыны пішінінің найза тәріздес өзгерісі (РА алақан сүйектері қимылсыздығы мен білезік буынының шығып кетуі);
  • Қол ұшының жүзбеқанат тәріздес өзгерісі  — ульнарлық  девиация — (алақан-бунақтар буындарының жартылай шығып кетуі мен саусақтардың шынтақ жілігі жағына қисаюы;
  • «Қаз мойыны»- алақан — бунақтар буындарының жазылмауы, шеткі бунақтар аралық буындарының шамадан тыс жазылуы мен ішкі бунақтар аралық буындарының бүгілуі;
  • «Түймелік топса»- шеткі бунақтар аралық буындарының айқын  бүгілуі мен ішкі бунақтар аралық буындарының шамадан тыс жазылуы;

Буын аймағындағы тері  өзгеріс түрлері:

  • Кернелген, жылтырақ (жіті артрит);
  • Қызарған(жіті артрит);
  • Шектеліп домбыққан аймақтарының қызаруы (тендовагинит, бурсит);

Бұлшықеттерді қарау:

  • симметриялық бұлшықеттердің пішінің сақталуы (көлемі)

Тері, буындар, бұлшықет пальпациясы. Дәрігер оның оң жағында, қарсы бетпе-бет орналасады, қолдары жылы;

Тері пальпациясын жасау:

  • серпінділігін (құрсақ бетінің немесе қолдың ішкі бетінің терісін екі саусақпен жинап, қатпар жасайды, қатпарды босатады) тез жазылады; жәй жазылады
  • ылғалдылығын (саусақ ұшымен терінің әр аймағын сипау) ылғалды; құрғақ;
  • қызуын (қол сыртымен майын сипау) бар, жоқ;
  • ісінуі, қалыңдауы (саусақ ұшымен терінің әр аймағын сипау) ісінуі, қалыңдауы 

Буындар пальпациясы: алақан және саусақ ұштарымен  буындарды сипап келесі мәліметтерді анықтау:

  • қызуы
  • аурусыңғыштығы
  • өзгерген буынның тығыздығы
  • жұмсақтығы;

Өлшегіш лентамен симметриялық жағдайда буындар шеңберін анықтады. Қозғалыс көлемін тексеру:

  • науқасқа нақты бір буынын қозғалтуды сұрау — әкету, жазу, бүгу ( өзі қозғалту);
  • дәрігер науқастың буындарын өзі қозғатады — осы  буынға тән қимылдарын жасайды;
  • қозғалыстағы сықыр

Буындар пальпациясын жасау:

  1. буын аймағын сипап тексеру;
  2. буын шеңберін анықтау
  3. қозғалыс көлемін тексеру

Бұлшықет пальпациясы:

  1. симметриялық жағдайда буындар көлемін өлшегіш лента қолданып салыстыра отырып анықтады
  2. алақан және саусақ ұштарымен  бұлшықеттерді сипап   анықтау;
  3. шынтақ немесе тізе буындар бұлшықеттері бүгілген жағдайындағы   қарсыластығында   дәрігер жазуға тырысады

Келесідей көріністер қаралады:

  • бұлшықеттер  шеңберінің  айырмашылығы бар (өзгерген), жоқ
  • ауырсыңғыштығығы бар, жоқ;
  • бұлшықет тығыз, жұмсақ, бос;
  • қарсыластығы төмен, бұлшықет кернелмеген, жұмсақ, оңай тез жазылады, яғни күші төмен —
  • қарсыластығы жоғары, жазу қиын, бұлшық

Алынған мәліметтерді жазып алу. Жазу үлгісі:

«Науқастың шағымдары: біраздан бері  әлсіздік, бас айналу, көзі  алдының қарауытуы, құлақ шуылы, ентігу,жүрек қағуы, жүрек айнуы мазалайды. Анамнезінде – бірнеше жылдардан бері асқазан ойық жарасы бар. Соңғы уақытта бірнеше рет үлкен дәретінің қоңырланғанын байқады, бірақ оған мән бермеді. Қарап тексеруде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, есі сақталған, төсектегі кейпі белсенді. Терісі – бет әлпеті, еріндері мен қол ұштары бозарған. РS – минутына 104; АҚ – 90/60 мм.сын.бағ.  Жүрек шекаралары сәл солға ығысқан; аускультацияда –тондары бәсеңсіген, жүрек ұшында- систоликалық шуыл. Көк бауыр пальпацияда анықталмайды; өлшемдері -4×6см.

Науқастың шағымдары: Біраздан бері  әлсіздік, дімкәстік, дене қызуының жоғарлауы, терлегіштік мазалайды.  Анамнезі  – бұл шағымдар осыдан 3-4 ай бұрын пайда болды; бірақ оған мән бермеген. Соңғы уақытта көп және жиі мазалайды, қоса жұмысқа қабылеті  төмендеді, терлегіштігі көбейді, дене қызуы 39˚-қа дейін жоғарлайтын болды. Анамнезі: ғылыми зертеу институтында аға лаборант болып 15 жылдан бері жұмыс істейді – лабораториялық зерттеулерде химиялық реактивтерді  қолданады. Қарап тексеруде: жалпы дағдайы орташа ауырлықта, есі сақталған, төсектегі кейпі белсенді. Терісі – бет әлпеті, еріндері мен қол ұштары бозарған. Мойын аймақтары лимфа түйіндері ұлғайған, жұмсақ, қозғалғыш, терімен жанаспаған, аурусынусыз, көлемі бөдене жұмыртқалары тәріздес. Бауыр мен көкбауыр ұлғайған, пальпацияда –тығыз; өлшемдері: бауыр — 11 ×10×9см; көкбауыр – 8 ×12см.  РS – минутына 98; АҚ – 90/60 мм.сын.бағ

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Тірек қимыл жүйе ауруларын сұрастыру
  2. Науқастың белсенділік тәртібі, төсектегі қалпы. Дене биомеханикасы
  3. Науқасты тексеру жоспары
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...