Неврологиялық науқастарды тексеру әдістері

Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды тексеру әдістері

Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды сұрап тексеру

Шағымдарын анықтау: бас ауру, бас айналу, жүрек айну, құсумен бірге жүретін бас айналу, омыртқа бағанасы бойынша ауру сезімі, көрудің нашарлауы, көрудегі көріністің қосарлануы, жадының, қимыл-қозғалыс пен сезінудің, сөйлеу қабылетінің бұзылысы, кекештену, естен тану, талып қалу, көз алдының қарауытуы, әлсіздік, салданулар, ұюды немесе шаншуларды сезіну, қол қалтырауын және басқада еріксіз қимылдардың болуы, босаң жүріс, құрысу мен тырысулар, ұстамалы талмалар, бас сүйектерінің үлкеюі, ембей қалу, жылауықтық (жылаңқы), ұйқының бұзылысы, қызбалық, ашушаңдық, кейігіштік, себепсіз қорқыныш, қорқақтық, бетінің айқын бозаруы немесе қызаруы, тершеңдік, жүрек қағуы, тынысының жиілеуі, түнгі шыжыңдық

Осы дерттің даму тарихын ( дерттің анамнезі) анықтау — Дерттің басталу ерекшеліктері (себебі, қандай шағымнан), қалай (кенеттен, бірте-бірте), әрі қарай ағымы (шағымдар даму реттілігі, бәсеңсуі, өршуі) оның айқын көрінісіне дейін нақтыланады. Сонымен қатар жасалған емдік шаралар — өздігінше, дәрігер көмегі, оның тиімділігі.

Өмір тарихы –негізгі алынатын мәліметтер — өмірінің әр кезеңінде болған қолайсыз жайттар мен дерттері туралы мәлімет:

  • Бала кезіндегі дамуы мен өсуі (жасына сәйкес дамып өсті ме), оқуы (мектепте оқуы, қалыс қалған жоқ па?); еңбек жолын бастауы, әскер қатарында болуы, спортпен шұғылдануы.
  • Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы: тұрған жерінің жағдайы – бала кезінде, осы күндері; қаржылық жағдайы.
  • Тағамдану жағдайы: реттілігі мен тәртібі, құнарлығы, емдәм, ащыны, тәттіні, қышқылды, тұзды тағамдарды және т.б. жақсы көруі.
  • Жұмыс жағдайы: қызметінің түрі, жұмыс уақытының тәртібі, кәсіпшілік зиянды жайттар.
  • Зиянды әдеттері: темекі шегу — қанша жастан, қандай мөлшерде, арақ, анаша, қою шәйды пайдалану, кейбір дәрілік заттарға (кофеин, фенацетин, транквилизаторлар және т.б.) әуестенуі.
  • Болған деттер — балалық және ересек кезінде кезінде. Оталар, жарақаттар. Қан және оның қоспаларын құю.
  • Аллергиялық әсерленулертағамдық заттарға, әртүрлі дәрілерге, вакциналарға, қан сарысуына. Аллергиялық дерттердің болуы (ринит, есек жемі, Квинке ісігі, поллиноздар).
  • Жанұялық анамнезі –жанұясы мүшелерінің (ата-анасы, жұбайы, балалары, аға-іні, әпке — қарындастары, немерелері) жасы мен денсаулығы немесе жасы мен өлу себебін анықтау қажет. Әжелері мен аталары туралы да мәлімет алған дұрыс; жанұя мүшелері мен жақын туғандарының денсаулығы – оларда диабет, жүрек дерттері, гиперхолестеринемия, артериалдық гипертензия, инсульт, бүйрек аурулары, туберкулез, артрит, рак, анемия, аллергия, астма, бас ауруы, қояншық, психиқалық аурулар, алкоголизм, нашақорлық және осы жайттар белгісінің өзінде бар болуын анықтау.
  • Отбасындағы жағдайы. «Сізбен бірге кім тұрады?», «Ауырғаныңызда немесе қажеттік жағдайда Сізге кім көмек көрсетеді?».
  • Күнделікті тіршілігі. Оянғаннан ұйықтағанға дейін күні қалай өтетінін сұрау керек. («Күніңіз қалай өтеді?»). («Алдымен қандай тіршілік жасайсыз, сосын не істейсіз?»)
  • Жұмыс жасау мен демалысы.
  • Әлеуметтік — психологиялық анамнезі (мінез — құлқы, сана-сезімі, рухани жағдайы, ой-өрісі) – науқас туралы жеке тұлға ретінде маңызды және қажетті мәлімет анықталады.
  • Соңғы 6 айдағы еңбекке қабылеттілігі. Мүгедектік.

Жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан науқастарды қарап тексерудегі іс-әрекеттер реттілігі.

Науқасты жалпы қарау.

Есін анықтау — ең басты іс әрекеттері:

1- хабары бар мәліметтер туралы сұрау :

  • анамнез жинауда – жады жоғалуында мәлімет алудың нақты және шынайы қоры – белсенді науқастар сәл мүкістерін жасырады, ал керісінше уайымшылдар –көбейтіп жеткізеді;
  • отырған жерін, қай ай, күн, жыл –сұрақ қою: «Қай жерде отырсыз?», «Қазір нешінші жыл?»; «Қазір қай ай?», «Айдың нешінші жұлдызы?»;
  • жалпы мәлімет туралы сұрау – «Біздің елдің президенті кім?»; «Осы кезде қандай оқиға болып жатыр?»;
  • сөздерді әріптеп айту — науқасқа 5 әріптен тұратын сөзді әріптеп айтуын сұрау –«кітап» —дұрыс және кері, егерде айталмаса, қысқа 4 немесе 3 әріптен тұратын сөзді ұсыну;

сандарды айтқызу: а) 100-ден кейінгі бағытта; 7- цифрлі санды қайталау;

Бассүйек нервтер қызметін бағалау

БСН І жұбы — иіс сезу нерві:

  1. Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу; Науқастың жағдайына байланысты отырғызып немесе жатқызып тексеру;
  2. дәрігер науқастың оң жағына орналасады;
  3. науқасқа көзін жұмуды және бір саусағымен мұрынның бір жартысын қысуды өтінеді;
  4. ашық жартысына дәрігер хош иісті затты жақындатады;
  5. иісті сезуін сұрау және бұл қандай иіс екенін сұрау;
  6. екінші бөлігіне ауыстырып қайталайды;

БСН ІІ жұбы –көру (оптикалық) нерві қызметін тексеріп бағалау:

  1. көру қабылетін тексеру;
  2. көру аймағын тексеру

БСН ІІ жұбы –көру (оптикалық) нервін тексеру:

  1. Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай: а) көру қабылетін тексеруді жүргізу; көру қабылетін арнайы кесте арқылы – Сивцев кестесі; бөлме жарық;
  2. науқас кестеден 5 м қашықтықта отырады;
  3. науқас бір көзін жапқыш жабады;
  4. дәрігер әр қатарды көрсетіп науқасқа әріптерді атауды сұрайды;
  5. осы әдіспен екінші көзін тексереді;
  6. қорытындыны бағалау;

б) көру аймағын тексеру – болжама тексеріс (әсіресе жатып қалған науқастарға жасалады):

  1. науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу:
  2. дәрігер науқасқа қарсы отырады;
  3. науқас бір көзін жапқышпен жабады;
  4. дәрігер науқасқа өзінің (дәрігердің) мұрын қырына қарауды сұрайды;
  5. дәрігер саусағын шетінен ортасына қарай (жанынан, жоғарыдан, төменнен, іштен) науқас саусақты көргенге дейін жәй қозғап алып келеді;
  6. дәрігер науқас саусақты көрген деңгейі мен өзінің деңгейін салыстырып белгілейді;
  7. осы әдіспен екінші көзін тексереді;
  8. қорытындыны бағалау– егерде дәрігер саусақты науқастан бұрын көрсе – бұл науқастың көру аймағының шектелгенін сипаттайды;

 БСН ІІІ, ІУ, УІ жұптары – көз қимылдатушы, тежеуші және әкетуші нервтері қызметін тексеріп бағалау:

  1. дәрігер науқасқа қарсы отырады;
  2. науқастың бет-әлпетін жайбарақат отырғанда тексеру:
  3. көз саңылауын бірдейлігі мен ені – птоз-қабақтың түсіп тұруы;
  4. көзалмасының орналасуын экзофтальм-бадыраң көз- шарасының шығып тұруы; энофтальм – шүңірек көз –шарасының кіріңкі болуы;
  5. көз қарашығының пішіні (дұрыс – дөңгелек, дұрыс емес); көлемі (үлкейген, кішірейген, екі жақата бірдей, бірдей емес) қарау;

Көз алмасы қимылының көлемін тексеру:

  1. дәрігер науқасқа қарсы отырып, оның иегін саусақтарымен ұстайды;
  2. дәрігер балғашаны 20см қашықтықта ұстап, оны оңға, солға, жоғары, төмен және науқастың мұрын ұшына қозғап алып келеді;

Көз қарашығының жарыққа тітіркенуін тексеру:

  • науқас жарыққа қарсы отырады;
  • науқастың екі көзін дәрігер алақанмен жабады;
  • кезек-кезек көздерін ашып қарашықтың тітіркенуін бағалайды;
  • жарықта қалыптыда қарашық кішірейеді — қарашықтың жарыққа тікелей тітіркенуі сақталған;

Көз қарашығының жарыққа бірдей тітіркенуін тексеру:

  • науқас отырады немесе жатады;
  • дәрігер науқастың бір көзін алақанмен жабады;
  • екінші көздің қарашығына қарайды — ол сәл кеңееді; ал алақанды алғанда ол кішірееді;
  • жарыққа қарашықтардың бірдей тітіркенуін бағалау

БСН У жұбы — үшкіл нерв — қызметін тексеру

БСН У жұбы — үшкіл нерв талшықтарының бет аймағындағы орындарын сипап тексеру: 1- ауру сезімін анықтау науқас — отырады немесе жатады:

  1. дәрігер науқастың оң жағына орналасады – сипап тексеру екі саусақпен (2,3) симметриялық екі нүктені басып жасалады;
  2. үшкіл нервтің 1 талшығының орнын сипау – екі жақта бірдей — қас доғасының үсті (қастан жоғары);
  3. үшкіл нервтің 2 талшығының орнын сипау – мұрынның екі жағында –көз аймағынан төмен, бет сүйегінің үсті (бет ұштарында);
  4. үшкіл нервтің 3 талшығының орнын сипау – иекте — ауыз бұрыштарынан ортасында;
  5. бағалау — сипап тексеруді әр деңгейді білінетін ауру сезімі анықталады;

Бет аймағындағы сезіну қабылетін (сезімталдығын) тексеру:

аурусыңғыштығы (қадамдары):

  • Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу;
  • науқастың жағдайына байланысты отырғызып немесе жатқызып тексеру;
  • дәрігер науқастың оң жағына орналасады;
  • науқасқа көзін жұмуды өтіну;
  • симметриялық түрде бет аймағының (маңдай, бет, жақ сүйектерінің бойымен; мұрынның екі бөлігі аймағын инемен шаншып тексеру;
  • тексеріп отырып сұрау – сеземе жоқ па?, қалай сезеді –айқын шаншуды немесе жәй тұйық жанасуды?;
  • алған мәліметті бағалау – сезбейтін аймақтар; айқын сезіну, жәй сезіну.

ыстықты, салқынды сезіну (қадамдары):

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу; — науқастың жағдайына байланысты отырғызып немесе жатқызып тексеру;
  • дәрігер науқастың оң жағына орналасады;
  • науқасқа көзін жұмуды өтіну;
  • симметриялық түрде бет аймағының (маңдай,бет, жақ сүйектерінің бойымен; мұрынның екі бөлігі аймағына кезектеп ыстық су құйылған және сұйық су құйылған пробирканы жанастырып тексеру;
  • тексеріп отырып сұрау – сеземе жоқ па?;
  • алған мәліметті бағалау — сезбейтін аймақтар; айқын сезіну, жәй сезіну.

БСН — YІІ жұбы -бет нерві қызметін науқасты бет әлпетін жайбарақат жағдайда қарап тексеру;

ым (мимикалық) бұлшықет қызметін тексеру. Науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу; — науқастың жағдайына байланысты отырғызып немесе жатқызып тексеру;

  • дәрігер науқастың оң жағына орналасады;
  • науқастың бет әлпетін қарау-тиыштықта бет бұлшықетінің ассиметриясы: көз саңлауының бірдей еместігі; маңдай және мұрын –ерін қатпарларының әртүрлі жиналуын; ауыз бұрышының бір жағына қисаюы;

жарақат бөлігінде өзгерістер:

  • табиғи қатпарларының (маңдайда, мұрын-ерін) тегістелуі;
  • көз саңлауы кеңейген;
  • ауыз бұрышы төмен түскен;

 ым (мимикалық) бұлшықет қызметін

  • «қастарын жоғары көтеру» – қатпар жиналмайды -маңдай бұлшықеті;
  • «қасты түнеру» (ашулану кейпі) – қатпар жиналмайды — тәкәппарлық бұлшықеті;
  • «көзін жұму» -көздің дөңгелек бұлшықеті — көзі жабылмайды;
  • « аузын бұлтиту» — жарақат жағы айқын бұлтияды – бет ұшы бұлшықеті-ауаны шығара алмайды- ауыз бұрышы қозғалмайды;
  • «тісін көрсету –аузын ақситу» -жарақат жағында ауыз бұрышы қимылдамайды –күлкі бұлшықеті;
  • еріндерін алға қарай түтік тәріздес жинаужиналмайды — ауыздың дөңгелек бұлшықеті

БСН YІІІ жұбы-есіту нерві. БСН YІІІ жұбы-есіту нерві – есіту қабылетін тексеру қадамдары:

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу;
  • әр құлақтың есіту қабылеті бөлек тексеріледі;
  • науқас дәрігерге жанымен тұруы қажет (науқас сөйлеп тұрған кісінің бетін көрмеу қажет) әр түрлі қашықтықта тұрып дәрігер сыбырлап немесе дауыстап сөйлейді — қай қашықтықта науқас әңгімені немесе сыбырлауды еститінін бағалайды;

БСН ІХ–Х жұбы -тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтері

1 -дәм сезу қабылетін тексеру:

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу;
  • әр түрлі ерітінділерді –тәтті, қышқыл, ашшы; тұзды;
  • науқасқа тілін шығаруды сұрау;
  • ерітінділерді тілдің симметриялық аймақтарына (артқы 3/1 және алдыңғы 3/2 бөліктері) тамшылау;
  • сезіну деңгейін науқас жазба түрде көрсетеді немесе дайындалған трафареттерді белгілейді (дәмнің түрі мен кұштілігі).

дауысының өзгерісін тексеру – әңгімелесу кезінде дауыстың үнділігі (қарлығу, дауыстың шықпауы – сыбырлап сөйлеу – дауыс байламдары қызметінің бұзылысы) мен ашықтығын бағалау (маңқа дауыс тембрі – жұмсақ тіл мұрын-жұтқыншақты толық жаппайды)

БСН ХІ жұбы – қосымша нерв

БСН ХІ жұбы – қосымша нерв — қимылдатушы нерв — төс–бұғана-емізіктік және трапеция тәрізді бұлшықеттер қимылын реттейді. Бұл бұлшықеттер күшейтілген тынысқа қатысады.

1 төс – бұғана-емізіктік бұлшықет қимылын және күшін тексеру:

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіру — бұлшықет қимылын — науқас басын оңға және жоғары бұрып, осы кейпінде ұстайды; кейіннен осы қимылды сол жағында қайталайды;
  • қимыл деңгейі толықтығын және ұстап тұруын бағалау – толық және ұстап тұрады
  • күшін тексеру – дәрігер қолымен осы қимылдарға қарсылық көрсетеді;
  • бұлшықет қарсылық деңгейі оның күш деңгейі – жоғары, әлсіз;

 2 — төс – трапеция тәрізді бұлшықет қимылын және күшін тексеру – қадамдары:

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіру — бұлшықет қимылыннауқас екі иығын көтереді және осы кейпінде ұстайды;
  • қимыл деңгейі толықтығын және ұстап тұруын бағалау – толық және ұстап тұрады;
  • күшін тексеру –дәрігер қолымен осы қимылдарға қарсылық көрсетеді;
  • бұлшықет қарсылық деңгейі оның күш деңгейі – жоғары, әлсіз;

БСН ХІІ жұбы — тіл асты нерві – қызметін тексеру. 

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу;
  • тілді ауыз қуысы ішінде қарау;
  • науқасқа тілін шығаруды сұрау — тіл кілегей қабатының өзгерісі – жұқаруы мен қатпарлануы және тілдің бір жағына қисаюы- зақым нервтің бір жартысында;
  • тіл қимылсыз (глоссоплегия) — нервтің толық зақымы — сөйлеу мен тағамды итеру қабылеті қоса бұзылады

Қимыл-қозғалыс үйлесімі мен кеңістіктегі дене тепе-теңдігі тұрақтылығын зерттеу:

Мұрын – саусақ сынағы — қимыл –қозғалыс үйлесімі. Мұрын – саусақ сынағы – науқастың көзі ашық және жұмып тұрған жағдайда тексереді. Қадамдары:

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу;
  • аяқ ұштарын бір-біріне қосып тік тұруын сұрау;
  • қашықтықтан алып келген созылған оң қолының сұқ саусағымен мұрнының ұшына тигізу;
  • осы реттілікте сол қолымен қайталау.

Өкше — тізе сынағы:

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат;
  • науқас шалқасынан жатады;
  •  бір аяғының өкшесін екінші аяғының тізесіне қойып тілерсек үстімен төмен қарай жүргізу, сосын кері тізеге дейін қайту;
  • осы реттілікте екінші жағында тексеру.

Ромберг кейпі сынағы- көзі ашық және жұмып тұрған жағдайда тексеріледі. Қадамдары:

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу;
  • науқас аяқ ұштарын бір-біріне қосып, басын сәл көтеріп, қолдарын жанына алып сәл уақыт тік тұрады (кейбір жағдайда жүктемелеу үшін қолын алға созып тұрады);
  • осы реттілікте көзін жұмдырып қайталау

Терең (сіңір) рефлекстерді тексеру

иық рефлексі – бицепс бұлшықет рефлексін тексеру.Науқас жатқан немесе отырған кейпінде жасалады. Қадамдары:

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу;
  • дәрігер науқастың қолың сәл шынтағында бүгіп өзінің сол білегінің алдыңғы аймағына орналастырады;
  • осы жағдайда дәрігер сол қолының ұлкен саусағы ұшымен бицепстің сіңірін басып ұстайды;
  • дәрігер балғашамен үлкен саусақ ұшына ұрып тексереді;
  • науқастың қолы шынтақ буынында сәл бүгіледі

шынтақ рефлексі – трицепс бұлшықет рефлексін науқас отырған кейпінде жасалады.

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу;
  • дәрігер науқастың қолың сәл сыртқа, артқа және жоғары әкетіп шынтақ буынында бүгеді;
  • науқастың білегі тік төмен салбырап тұрады;
  • балғаша соққысын дәрігер шынтақ өсіндісінің үстіне түсіреді;
  • науқастың қолы шынтақ буынында сәл жазыла

білезік рефлексі – трицепс бұлшықет рефлексін тексеру науқас шалқасынан жатқанда жасалады.

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу;
  • дәрігер науқастың қолдарын шынтақ буынында сәл бүгіп қүрсақ үстіне орналастырады;
  • балғаша соққысын дәрігер кәрі жілік өсіндісінің үстіне түсіреді;
  • науқастың қолы шынтақ буынында сәл бүгіледі; сонымен қатар кейбір жағдайда саусақтары бірге бүгіледі және білектің ішке қарай аударылуы (пронация) болады

Тізе рефлексіквадрицепс бұлшықет рефлексін (сан бұлшықет) тексеру науқастың шалқасынан жатқандағы және отырғандағы қалпында тексеріледі. Қадамдары:

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу;
  • науқас шалқасынан жатқызу – аяқтары ұршық және тізе буындарында сәл бүгілген;
  • дәрігердің сол қолы науқас тізесінің астында (дәрігер аяқ салмағын сезіну керек);
  • балғаша соққысын дәрігер тізеден төмен бұлшықет сіңіріне түсіреді;
  • тізе буыны сәл жазылады;
Неврологиялық науқастарды тексеру

Тізе рефлексін тексеру кезіндегі көрініс

Ахил рефлексіквадрицепс бұлшықет рефлексін (сан бұлшықет) тексеру науқастың шалқасынан жатқандағы және отырғандағы қалпында тексеріледі. Қадамдары:

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу;
  • науқасты шалқасынан жатқызу – аяқтары ұршық және тізе буындарында сәл бүгілген;
  • дәрігердің сол қолы науқас тізесінің астында (дәрігер аяқ салмағын сезіну керек);
  •  балғаша соққысын дәрігер тізеден төмен бұлшықет сіңіріне түсіреді;
  • тізе буыны сәл жазылады;

Менингиальдық белгілерді анықтау.

  1. науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу әрі қарай тексеруді жүргізу;
  2. науқасты шалқасынан жатқызу ;
  3. дәрігердің алақанын науқастың шүйдесіне қояды;
  4. дәрігер науқастың басын еңкейтеді;
  5. екінші қолының саусақтарымен иекпен төс арасындағы алшақтықты өлшейді;
  6. алған мәліметіне қорытынды береді.

Керниг белгісін анықтау.

  1. науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу;
  2. науқасты шалқасынан жатқызу;
  3. дәрігердің науқастың аяғын ұршық пен тізе буындарында 90˚бүгеді;
  4. дәрігер науқастың бүгілген тізе буынын жазуға әрекет жасайды;
  5. алған мәліметіне қорытынды береді.

Брудзинский белгісін анықтау реттілігі. Қадамдары:

  1. науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу;
  2. науқасты шалқасынан жатқызу;
  3. дәрігердің алақанын науқастың шүйдесіне қояды;
  4. дәрігер науқастың басын еңкейтеді;
  5. алған мәліметіне қорытынды береді – науқастың аяқтары тізе мен ұршық буынында бүгіледі.

Брудзинский ортаңғы белгісін анықтау реттілігі.

  1. науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу;
  2. науқасты шалқасынан жатқызу;
  3. дәрігердің қолымен науқастың қасаға сүйегінің үстінен басады;
  4. алған мәліметіне қорытынды береді – науқастың аяқтары тізе мен ұршық буынында бүгіледі.

Брудзинский төменгі белгісін анықтау реттілігі.

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұхсат алу;
  • науқасты шалқасынан жатқызу;
  • дәрігердің науқастың аяғын ұршық пен тізе буындарында 90˚бүгеді;
  • алған мәліметіне қорытынды береді – екінші аяғының осы буындары бүгіледі.

Бабинский рефлексін тексеру реттілігі:

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу;
  • науқасты шалқасынан жатқызу;
  • дәрігер науқастың аяғын сирақ-асық буынында ұстап сәл көтереді;
  • табанның шеткі қырының бойын (өкшесінен бастап жоғары) балғашаның тұтқасы ұшымен сызып тітіркендіреді;
  • алған мәліметіне қорытынды береді – үлкен бақай керіліп жазылады, жиі жағдайда осымен бірге қалған башпайлар бірінен –бірі ажырап жазылады.

 Гордон рефлексін тексеру реттілігі:

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу;
  • науқасты шалқасынан жатқызу;
  • дәрігер науқастың балтырын қолымен қысады;
  • алған мәліметіне қорытынды береді – үлкен бақай немесе барлық башпайлар керіліп жазылады;

Оппенгейм рефлексін тексеру реттілігі:

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу;
  • науқасты шалқасынан жатқызу;
  • дәрігер науқастың қолының ұлкен саусағымен үлкен жіліншігінің қыры бойын жоғарыдан төмен қарай тобыққа дейін сызып өтеді;
  • алған мәліметіне қорытынды береді – үлкен бақай керіліп жазылады;

Шеффера рефлексін тексеру реттілігі:

  • науқасқа тексеру мағынасын түсіндіріп рұқсат алу;
  • науқасты шалқасынан жатқызу;
  • дәрігер науқастың Ахилл сіңірін қолымен қысады;
  • алған мәліметіне қорытынды береді – үлкен бақай немесе барлық башпайлар керіліп жазылады

Алынған мәліметтерді жазу үлгісі:

Науқас бас ауруына, бас айналуына, көзінің көруінің нашарлануы, аяқ-қолдарының әлсіздігіне шағымданады.

Анамнезі: өзін аурумын деп 2-3 айдан бері сезінеді. Жағдайының нашарлау себебін айта алмайды.

Қарап тексеру: жағдайы орташа ауырлықта, есі сақталған, төсектегі кейпі мәжбүрлі — әлсіздігіне байланысты жатқанды қалайды. Дене бітімі қалыпты, жүдеген, бет әлпетінде шаршағандықтың белгісі. Терісі боз, сәл құрғақ. Бет аймағында – сезімталдығы сақталған. Буындар қозғалысы сақталған, бұлшықет күштері төмендеген. Беткей рефлекстері — теріден сақталған. Терең рефлекстері — иық пен білезік және тізе аймақтарында төмендеген.

Науқас бас ауруына, айналуына, құсуға, жүрек айнуына шағымданады. Анамнезі: осыдан бір жеті бұрын қатты тоңып салқынданған, бірақ мән бермеген, емделмеген.

Қарауда – терісі боз, тершең, ыстық. Беті-үшкірленген. Төсектегі қалпы- мәжбүрлі — бір жанында жатыр, көзі жұмулы, басы шалқайған.

Менингиалдық белгілер – мойын бұлшықетінің сіресуі – 3-4 саусақ ені; Керниг, Брудзинский белгілері оң.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...