Пульсті дұрыс өлшеу әдістемесі

Артериялық пульсті анықтау

Пульсті зерттеудегі іс-әрекетерінің реттілігі

Пульсты шыбық артериясында анықтау

  • дәрігер науқастың білезік буындарын қапсырып алады: ІІ,ІІІ,ІУ саусақтарының ұшын шыбық сүйегінің біз тәрізді өсіндісінен төмен орналастырады, ал маңайынан қолымен ұстайды, үлкен бармақ қолдың сырт жағында;
  • артерияны шыбық сүйекке тақап басып тексереді;
  • екі қолда пульстің толықтығы бірдей болса әрі қарай қалған қасиеттерін бір қолда (оң қолда) анықтайды;

пульс жиілігін – 1 минутта соғуын санау (15 сек. санап ×4);

ырғақтығы – пульс толқындарының арасы бірдей;

кернелуі — пульсті басып мүлдем тоқтату — жұмсалатын күшке сәйкес келеді;

толықтығы – дәрігердің көмекшісі шыбық артериясын жоғарғы бөлігінен пульс тоқтағанша басады, сосын босатады – пульс толқындары бірден анықталса — толық пульс;

пульс көлемі- толықтығы мен кернеуіліне сәйкес (үлкен, кіші пульс);

пульс пішіні қан тамырдағы артериялық қысымның систола мен диастоладағы өзгерісіне байланысты – тез өзгерсе –қан тамыр қабырғасы тез кернеліп, тез босаңсиды;

  • жиілігі— қалыпты пульс-60-80′;
  • қалыптыда- ырғақты; өзгерісі – ырғақтығы бұзылған;
  • кернелуі қатты, жұмсақ пульс;
  • толықтығы – толық, бос пульс;
  • көлемі –үлкен, кіші пульс;
  • пішіні — жылдам биік; баяу, төмен пульс.

Артерия қабырғасына сипаттама беру

  • дәрігер сол қолының ІІ,ІІІ саусақтарымен пульсты анықтау орнынан жоғары қысады; 2- пульс жоғалғанда- артерия бойымен сипап қабырға қасиетін анықтайды — серпінділігі сақталған жіңішке түтік тәрізді сезіледі;
  • қан тамыр қабырғасы өзгермеген – жіңішке, біркелкі жұмсақ, серпінділігі сақталған түтік;
  • өзгерісі- қалыңдаған, ирелектелген, тығыздалған
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...