Егу жұмысын ұйымдастыру

Екпелік жұмысты ұйымдастыру

Екпелік жұмысты ұйымдастыру ДА (дәрігерлік амбулаториямен), отбасылық дәрігерлік амбулаториясымен (ОДА), біріншілік медико-әлеуметтік көмек орталықтарымен (БМӘК) балалар ауруханаларымен және аралас үлгідегі ауруханалармен жүргізіледі. Екпелер жоспарлы түрде жүргізіледі, екпе араларында үзіліс сақталуы керек. Сонымен қатар вакцинация эпидемиялық көрсеткіштері бойынша, белгілі аймақта аурушаңдылықтың жоғарылауында және едәуір қауіпті инфекциялар кіруі қаупі болғанда жасалынады.

Ескере кететін жайт, белгілі бір аурушаңдылықтың азаюы текиммунизация қабылдағыш адамдардың жалпы санының 95 % кем емес үлесін құрағанда ғана жүзеге асады.

Екпелермен максимальды қамту көп жағдайда жалпы тәжірибелік дәрігер және орта медициналық қызметкер жұмысына байланысты. Екпелерге жататын және ОБМӘК жұмыс аймақтарында тұратын ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған балалар мен ересек адамдарды жылына балалар мен ересек адамдарды жылына екі рет санақ жүргізу толық және уақытылы есеп үшін керек. Тұрғындар саны тізіміне жаңадан келген және жаңа туған нәрестелерді қосады. Содан кейін тізімді даму тарихы (№ 112/у формасы) және алдын алу екпелер карталарымен-№ 063/у формаларымен салыстырылады[13].

Форма 63/у «Алдын алу екпе картасы», ҚР ДМ 23.11.2010 жылы бекітілген бұйрығы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымының біріншілік медициналық құжаттарды бекіту туралы», картотека түрінде сақталады, ол келесі реттелу принциптері бойынша жүргізіледі:

  1. биылғы жылы екпеге жататын балаларға арналған, ол екпе тағайындалған айлар бойынша реттелінеді. Екпе алған және оны 63/у формасына енгізген соң ол келесі екпе тағайындалған ұяшыққа салынады;
  2. биылғы жылы екпеге жатпайтын балалар, туған жылдары бойынша;
  3. уақытша шығып кеткен балалар;
  4. медициналық әкетулері бар балалар.

Алдын алу екпелердің жеке есебі екпе құжатында жүргізіледі. Ай сайын балалар динамикасы өткізіліп, журналға тегі бойынша барлық туған, қайтыс болған, келген және кеткен адамдар тіркеліп жазылады.

Екпелер қызметін ұйымдастыру

Қызмет көрсетілген аймаққа келген балаларды белсенді анықтау медициналық қызметкердің ауру адамды үйде қарау, олардың медициналық көмек алуы үшін денсаулық сақтау ұйымдарына, кеңес-диагностикалық орталықтарына баруы кезінде, балалар есебінің дұрыстығын бақылау кезінде жүзеге асады.

Қызмет көрсететін аймақтағы тұрғындардың жастық топтар бойынша сандық көрсеткіші есеп аяқталған соң 14 күнтізбелік күн ішінде тұрғындардың санитарлы-эпидемиологиялық саулығы бойынша мемлекеттік ұйымның аймақтық бөліміне және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының облыстық, республикалық маңызы бар қала мен бас қалаларының жергілікті орындарына жібереді.

Ересек топтардың есебі медициналық қызметкерлермен жылына бір рет алдын алу егулер жоспарын құру алдында жүргізіледі (тамыз-қыркүйек). Мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріне баратын балалар есебі сол ұйымдардың өзінде жүргізіледі.Жазулар баланың медициналық картасында (форма № 026/у), алдын алу екпелер картасында (форма № 063/у) жүргізіледі. Ұйымдастырылған балалар картотекасы мектепке дейінгі мекемелер (МДМ) мен мектептерде сақталады.

Екпелерді жоспарлау, жүргізу, есеп беру үшін отбасылық дәрігер мен мейірбике жауап береді.

Келер жылға екпелерді жоспарлау кезінде жасы бойынша екпелерге жататын барлық балалар және әр түрлі себептерінен екпе алмаған балалар ескеріледі. Балалар қозғалысы келген және кеткен тұрғындар журналға тіркеледі, ол регистратура немесе үлеске бойынша сақталады.

Жұыс сапасын жақсарту және үлеске бойынша балалар екпелерін бақылау мақсатында ОБМӘК-те «белгілік картотека» бар.Белгілік картотека ашық пошталық жәшік түрінде жасалынған, жоғарғы жағында, көлденең жыл бойынша айлар, ал тігінен үлеске сандары көрсетілген. Әрбір ұяшыққа қарындашпен белгіленген жоспарланған екпе көрсетілген карточкалар салынады, екпе алған соң мейірбике карточкаға келесі жоспарланған екпені белгілеп, картаны қажет ұяшыққа салады.

Биылғы жылы екпеге жатпайтын балалар карточкалары жеке ұяшықта сақталады. Сонымен, белгілік картотека ұйымдастыру үлеске бойынша екпелер сапасын жоғарылатып, жалпы екпелік жұмысты бақылауды күшейтуге көмектеседі. Форма № 063/у әрбір жаңа туған нәрестеге және ОДА-ға жаңадан келген балаға толтырылады, ол туралы баланың даму тарихының бастапқы бетінде “ф. 63” белгісі қойылады. Даму тарихында белгінің болмауы бала алдын алу екпелер есебіне алынбағанын көрсетеді.

Жоспарлау аяқталған соң келер жылы екпеге жататын балалардың жалпы саны есептеліп, денсаулық сақтаудың аймақтық басқару орындарына жіберілетін үлеске бойынша жоспар құрастырылады.

Отбасылық дәрігерлер мен үлескелік мейірбикелермен бір айға екпе жоспары құрастырылады (сандық және тегі бойынша), осыған қарап мейірбике балаларды екпеге шақырады

Айдың соңында ОДА денсаулық сақтаудың аймақтық басқару орындары мен Мемлекеттік санэпид бақылауының аймақтық басқару орындарына айлық екпе жоспары бойынша жасалған жұмыстың есебін жібереді (форма № 5 – «Аймақтық денсаулық сақтау ұйымдары бойынша вакцина мен басқа да иммунды биологиялық препараттардың қозғалысы бойынша есеп» және форма № 6 – «Алдын алу екпелерімен қамтылу жөнінде есеп»).

Егілуден кейінгі кезеңде егілген адамның жағдайын бақылау

Вакцина – дәрігер қарауынан кейін жүргізіледі, егер дәрігер болмаса – фельдшермен, рұқсат қағазы тіркеуімен бірге арнайы жазбамен 112/у формасына «баланың даму тарихы», 25/у форма «Амбулаторлы науқастың медициналық картасы», вакцина атауын көрсетіп. Дәріге (фельдшер) тағайындауынан кейін егу жүргізіледі, ол егілу журналы – 64/у формасы «Профилактикалық егу картасы», 112/у «Баланың егу картасы», 25/у «Амбулаторлы науқастың медициналық картасы», «Егу төлқұжаты», «Денсаулық төлқұжаты».

Егілгендер 30 минут бойы медициналық мекемеде медицина қызметкер қарауында егілуден кейінгі реакция немесе асқыну пайда болған жағдайда қажетті іс-әрекет өткізу үшін. Ары қарай алғашқы 3 күнде инактивирленген вакцина енгізгенде және 5-6 және 10-11 күн тірі вакцина енгізгенен кейін үйінде СВА медициналық қызметкерімен, аумақтық поликлиника дәрігерінің қарауында болу керек. Қарау нәтижесін112/у «Баланың егу картасы», 25/у «Амбулаторлы науқастың медициналық картасына» бекітеді. Егілуден кейінгі асқыну (реакций) (ПВО немесе ПВР) пайда болған жағдайда шұғыл ем және дереу госпитализация жүргізіледі.

Медициналық қызметкер егілетін адамға және баланың ата-анасына вакцинаға ерекше реакция пайда болғанда дереу шұғыл медициналық көмекке жүгіну керектігін түсіндіру керек.

Медициналық қызметке, егілмеген адамға шақырту алған кезде, дереу медициналық көмек немесе госпитализациялау керек. Егілуден кейінгі ерекше реакцияға күдік болған кезде медициналық қызметкер дереу территориялды денсаулық сақтау ұйымына және территориялды УГСЭН шұғыл хабарлама беруі керек, олар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министірлік бақылауының санитарлы-эпидемиологиялықтың мемлекеттік комитетке мағлұматты алмастыру керек. (Комитет ГСЭН МЗ РК).

Ұқсас материалдарды қарй кетіңіз:

  1. Белсенді иммунизация
  2. ҚР қолданылатын вакциналық препараттар. Егу күнтізбесі
  3. Егуге қарсы көрсеткіштер, асқынулары
  4. Егу кабинеті. Жұмысын ұйымдастыру
  5. Вакцина және вакцинопрофилактика

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (әлі баға қойылмады)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...