Балалардағы жедел нефротикалық синдром

Балалардағы жедел нефротикалық синдром

Жедел нефротикалық синдром (ісіну, артериалды гипертензия, гематурия, протеинурия, азотемия) – көпшілік жағдайда жиі b-гемолитикалық стрептококкпен немесе басқа қоздырғыштармен шақырылатын жедел гломерулонефрит көрініс болып табылады.

Қауіп факторлары:

  • b-гемолитикалық стрептококкпен шақырылған (оның ішінде баспа, фарингит, пиодермия, жәншау) инфекция;
  • Басқа инфекциялармен шақырылған инфекциялар;
  • Арнайы емес факторлар (дәрілік заттар, жарақат, аллергиялық реакциялар, салқындау);
  • Тұқымқуалаушылық бейімділік;

Диагностика белгілері:

  • алғаш пайда болған жедел нефротикалық синдром (симптомдар триадасы)
  • кофе, шай түсті немесе «ет жуындысы» тәрізді зәр (гематурия)
  • бет, аяқтарда, тұлғада ісінулер
  • диурез төмендеуі
  • артериалды гипертензия
  • солқарыншалық жүрек жетіспеушілік (жиі гиперволемиялық):
  • тахикардия
  • ортопноэ-тахипноэ
  • гипертониялық энцефалопатия
  • жүрек айну
  • құсу
  • бас ауруы
  • іш ауырсынуы, белдегі ауырсыну (ЖБЖ)
  • қызба

Нефротикалық синдром балаларда қазақша

Лабораториялық зерттеулер:

Иммунологиялық процесс шамалы көріністері:

  • ЭТЖ жоғарылауы 20-30 мм/сағ
  • антистрептококкты антиденелер титрінің өсуі (антистрептолизин-О, антистрептокиназа, антигиалуронидаза)
  • гипокомплементемия СЗ-компонент және жалпы криоглобулин төмендеуі есебінен
  • ШФЖ төмендеуі, сарысулық креатинин деңгейі жоғарылауы

Жалпы зәр анализі:

  • салыстырмалы тығыздығының жоғарылауы
  • эритроциттер бірен сараң немесе көру алаңын тұтас жабуға дейін
  • цилиндрлер (жиі гиалинді)
  • протеинурия минимальды немесе шамалы (3 г/тәул дейін)

ЖБЖ дамыған кезде тәуліктік зәрдің азаюы:

  • олигурия (500 мл/тәул-тен аз)
  • анурия (100 мл/тәул-тен аз)
  • араңнан жағынды алу келесі бактериологиялық зерттеумен (баспа немесе фарингит болған кезде)

Клиникалық нұсқаулықтар

Төсектік режим, одан кейін жартылай төсектік (1-3 апта), ісіну қайтып, АҚ қалпына келгенде – режимді кеңейту

  • Ас тұзын қабылдауды 1-2г/тәул дейін шектеу
  • Сұйықтық ішуді шектеу (алдыңғы күн диурезіне +300мл есебінен)
  • Нәруызды 0,5-1г/кг/тәул шектеу

Постстрептококкты ЖГН кезінде антибактериалды терапия жүргізеді:

  • Бензилпенициллин
  • Цефалексин 25-50 мг/кг

Синуситтер мен пневмония кезінде антибактериалды терапия жүрігзеді:

  • Амоксициллин 20мг/кг
  • Цефаклор 20мг/кг

b-лактамды антибиотиктерге аллергия болған кезде антибактериалды терапияны макролидтер тобының препараттарымен жүргізеді:

  • эритромицин 20-40 мг/кг
  • азитромицин 5-10 мг/кг
  • спирамицин 1,5 млн ХБ /10 кг

Ісінулер мен солжаққарыншалық жетіспеушілік кезінде қолданады:

  • Тиазидті диуретиктер
  • «ілмекті» диуретиктер
  • Альдостерон антагонисттері

АГ кезінде:

  • АПФ ингибиторлары (фозиноприл, эналаприл)
  • Кальций каналдарының блокаторлары (верапамил). Дене салмағы 20-дан 50-ге дейінгі науқастарға алғашқы дозасы 2,5 мг және дене салмағы 50кг және одан жоғары науқастарға алғашқы дозасы 50мг-нан тағайындалады.
  • Диуретиктер1-2мг/кг.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...