Төменгі жақ сүйегінің сынығы

Төменгі жақ сүйектің сынығы

Зақымдаушы агенттің тікелей әсерінен пайда болады. Тіс қатарындағы төменгі жақ сүйектің барлық сынықтары ашық болып саналады.

Клиникасы: Бет әлпетінің пішінінің өзгеруі, тістестірудің өзгеруі, төменгі жақ сүйектің тістерінің жоғарғы жақ сүйектерінің тістеріне қатынасының бұзылуы. Ауру сезімі, ісінулер, жұмсақ тіндерге қан құюлар, қан кетулер, сынық аймағындағы қозғалмалылық, шайнау, жұту, сөйлеу қызметтерінің бұзылуы.

Жақ сүйегінің сынығы

Жедел жәрдем: аспирация мен асфиксияның алдын — алуға, сүйек жарықшақтарының дөрекі ығысуын болдырмауға негізделген. Сынық аймағынан қан кетуді тоқтату үшін ығысуды жойып сүйек жарықшақтарын бір — біріне құрастыру керек.

Егер науқастың есі болып, жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай болса, онда төменгі жақ сүйегін сақпан тәрізді таңғышпен фиксациялауға болады. Егер жағдайы ауыр болса, 3 -тәрізді ауа өткізгішін қолданады. Жақ — бет хирургиясына жатқызамыз.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...