Флюорографиялық тексеру

Флюорографиялық тексеру

Қазіргі кезде Қазақстанда флюорографиялық тексерулер дараланып туберкулезге қауіпті топ өкілдерінің арасында жүргізіледі. Флюорография (синонимдары: радиофотография, рентгенофотография, рентгено­флюоро­гра­фия) — флюоресцентті экранда көрінетін суретті фотоға түсіру арқылы орындалады, нәтижесінде рентген сәулесі адам денесі арқылы өтіп, мүшелер мен адам тіндерінің біркелкі емес жұтуы арқылы жүреді. Бұл әдіс негізін рентген сәулелері пайда болғанан соң А. Баттелли және А. Карбассо ойлап шығарды.

Флюорография дененің кішірейтілген суретін береді. Кіші кадрлы (мысалы, 24×24 мм немесе 35×35 мм) және ірі кадрлы (70×70 мм немесе 100×100 мм) түрлері бар. Ірі кадрлы түрі диагностикалық мәліметі бойынша рентгенографияға жақын. Флюорография негізінен кеуде қуысы мүшелерін, сүт безін және сүйек жүйесін зерттеуге қолданылады.

Казіргі кезде стационарлы және мобильды флюорография аппараттары жасалып шығарылған. Бүгінгі таңда пленкалы флюорография цифрлы түріне ауыстырылуда. Цифрлы флюорография әдісі жұмысты жеңілдетеді (сурет монитор экранына шығарылып және қағазға бастырылып шығарылуы мүмкін, сонымен қатар желі арқылы жіберіліп, медициналық базада сақталады) науқасқа сәулеленуді және ақшалай шығынды азайтады.

Флюрография қазақша

Жыл сайын туберкулезге мiндетті түрде флюорографиялық тексерiлетін «қауіп-қатер» тобындағы адамдар тiзiмі:

Тегін негiзде:

  1. перзентхана (босану бөлiмшелері), балалар ауруханасы (бөлiмшелері), жаңа туылған және шал туылған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің қызметкерлерi;
  2. туберкулезге қарсы күресетін ұйымдардың қызметкерлерi;
  3. әскери қызметке шақырылушылар;
  4. жоғарғы және арнайы орта бiлiм оқу орындарының студенттерi; училище оқушылары;
  5. 15-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдер;
  6. босанған әйелдер перзентханадан шыққаннан кейiн бiр ай көлемiнде;
  7. созылмалы бейспецификалық өкпе аурулары, қант диабетi, маскүнемдiк, нашақорлық, АИВ/ ЖИТС бар диспансерлiк есепте тұрған жандар;
  8. кортикостероидты гормондармен ем қабылдаушылар;
  9. өкпесiнде кез-келген этиологиялы қалдықты өзгерiстерi бар жандар;
  10. туберкулезбен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған жандар;
  11. мектепке дейiнгi мекемелердiң қызметкерлерi;
  12. емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметкерлерi;
  13. жалпы және арнайы бiлiм беру мектептерінің, лицей мен гимназиялардың қызметкерлерi;
  14. тергеуге алынғандар және сотталғандар (жылына екi рет);
  15. Қорғаныс, iшкi iстер министрлiгi мен ұлттық қауiпсiздiк мекемелерi жүйесiнiң қызметкерлерi мен әскери бөлімшелерінің әскери қызметкерлері;
  16. Қазақстан Республикасына түпкiлiктi көшiп келгендер.

Жұмыс берушi есебiнен ақылы негiзде:

  1. тамақ өнеркәсiбi, көпшілік тамақ жейтін және азық-түлік сататын орындардың қызметкерлері;
  2. тұрғындарға қызмет көрсету аясында жұмыс iстейтiндер;
  3. көлiктiң барлық түрiнде адамдарды тасымалдайтындар және қызмет көрсететiндер;
  4. орта және жоғарғы оқу орындарының қызметкерлерi;
  5. дәрiлердi дайындаушы, бөлшектеп өлшеуші және таратушы дәрiхана қызметкерлерi,
  6. Қазақстан Республикасына уақытша мерзімге тұруға келгендер, оның ішінде еңбек етуге келген мигранттар.

Ұқсас материалдарды қарап шығыңыз:

  1. Туберкулиндік диагностика
  2. Туберкулезді анықтау
  3. Туберкулезді алдын алу. БЦЖ вакцинациясы
  4. Туберкулезді бактериоскопиялық жолмен анықтау
  5. БЦЖ егуден соң болатын асқынулар
  6. Туберкулезге қарсы алғашқы эпидемиологиялық шаралар
  7. Туберкулезді химиялық алдын алу
  8. Туберкулез ауруын емдеу жолдары
  9. Туберкулез науқастарын диспансерлік бақылау

 

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (1 бағалар, орташа: 4,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...