Бүргелер және одан құтылу жолы

Бүргелер

Бүргелер (синонимдары  лат. Suctoria, лат. Aphaniptera, орысша блохи) — қан соратын толық өзгерген, адамдар мен жануарлар арасында ауру тарататын паразит насекомдардың бір түрі.  Бүргелер қанатсыз болып келеді және арнайы жіңішке шағуға, соруға икемделген тұмсықты болып келеді. Денесі бүйір жақтарынан тарылған, жылтыр және мұртшалары мен тікенектері бар. Басы мен денесінде тісті арқылығы бар. Дене ұзындығы  1 ден 5 мм дейін, кейде ұрғашыларында 10 мм дейін жетеді. Ауыз аппараты кесіп — тесіп — соруға бейімделген. Аяқтары әсіресе артқылары жақсы жетілген секіруге бейімделген. Толық өзгеріспен дамиды. Дернәсілдері құрт тәрізді шіріген жануар қалдықтарымен қоректенеді. Піллэ ішінде куыршактанады. 3 жылға дейін өмір сүреді. 1000 түр белгілі, кең таралған. Бүрге адам және жылы канды жануардың сыртқы тоғышарлары оның ішінде адам бүргесі (Pulex irritans) ит бүргелер (Ctenocephalides canis) егеукүйрык бүргелер (Ceratophyllus fasciatus) алакұрт түрлері бар. Бүргелер оба, егеуқұйрық, бөртпе, сүзек аурулар қоздырушыларын тасымалдап,  гельминттердін аралық иелері болып келеді. Жұмыртқа күйінде—12, дернәсіл түрінде — 8—100, ал қуыршақ қалыбында — 6—220 күндей болып, 965 күнге дейін тіршілік етеді. Көпшілік түрінде бір жұп қарапайым көздері бар (кейбіреулері көзсіз).

Адамның денесін шағуы – алдымен теріні теседі, кейін сілекейі бөлініп, арнайы ферменттер мен антикоагулянттар бөлінеді. Ол арқылы қан уюы тоқтайды, ал ферменттер адамда аллергиялық реакция шақырады. Жиі шағатын жерлері аяғы, балтыры, тобығы. Жәндіктің шаққан жері қатты қышиды, қасығаннан кейін ол жер іріңдейді. Олардың шаққаны масаның шаққанынан мүлдем бөлек, себебі жара оңай жазылмайды, шаққан жерінде ұзақ уақыт кішкентай тыртық қалады. Кейбір адамдарда қышыма дамиды, балалар шағуға өте сезімтал болып келеді.

Бүргелер

Бүргенің түрі

Жануарларда паразиттің болу белгісі – бүргенің шаққаны ауыртады, қатты қышиды және тері іседі. Жануарлар дуылдап қышыған жерін аяқтарымен қасиды, терісінен бүргені тісімен ұстап алады, сол кезде терісін тырнап жарақаттайды. Бүргесі бар иттер мен мысықтар қатты қиналады, әртүрлі ауыр өтетін ауруларды жұқтыру мүмкіншілігі арта түседі.

Жануарларды емдеу – Жануарларға арналған заттарды арнайы дәріханалардан сатып алған  дұрыс. Жануарлардың денесінен бүргені өлтіру үшін дус, ерітінділер, эмульсия, шампундар мен аэрозолдар түріндегі инсектицидтерді пайдаланады. Препараттарды таңдау кезінде оның қанша уақыт әсер ететіндігі, жануарларға зияны ескеріледі. Инсектицидтердің әсері тек түрі мен сапасына ғана емес жануардың терісіне мұқият жағуға да байланысты. Егер сізде мысық болса құрамында  перметрин жоқ заттарды алған дұрыс.

Қозғалысы – пәтерге бүргелер тасымалдаушыға жабысып (жануарларға, адамға), подъезден, жертөледен (саңылаулар арқылы) немесе көршілер (таракандар сияқты) арқылы кіруі мүмкін.Үй жануарлары паразитті көшеден басқа жануарлардан жұқтырып әкелуі мүмкін.

Бүргемен күресу жолдары. Жануарларда бүрге көбіне жүні қалың жерлерінде, олар құйрығында және аяғында (қолтық астында) болады. Бөлмеде бүрге 1 метр биіктікте тіршілік етуі мүмкін: әр түрлі заттарда, жұмсақ ойыншықтарда, саңылауларда, жиһаздарда, кілемдер мен паластарда, плинтус астында.

Іш киімді, жұмсақ ойыншықтарды, шәркейлерді және бүргелер қоныстанып алды деген заттарды ыстық сумен жуу керек, жастықты қағып екі-үш күнге күннің көзіне жайып қою қажет.

Инсектицидтерді таңдаған кезде құрамына қарау қажет. Хлорорганикалық қосынды жәндіктерден жақсы қорғайды, бірақ олар адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің тіндерінде жиналатын қасиеті бар, бұл ағзаның улануына әкелуі мүмкін.

Еденді, плинтустарды 4-5 күн жумаған абзал. Бүргелер бір тәулік ішінде өледі, бірақ бірден құрып кетпейді, бұл қалыпты жағдай: 1-2 апта ішінде салған жұмыртқалардан бүргелер шығады. Өңделген қабатқа шығып олар да 1-2 тәулік ішінде өледі. Фосфорорганикалық қосынды мен карбонат онша улы емес, тұрмыста қолдануға болады («Дихлофос» құрамында осы заттар бар). Пиретрум мен пиретроидтардың да улы заттары ең аз деп есептеледі, оның әсері 5 айға дейін созылуы мүмкін.

Алдын — алу үшін инсектицидтер сіңірілген әртүрлі қарғыбаулар қолданылады. Ең бастысы қолданар алдында – дәке таңғыш таңу керек немесе мұрынды және ауызды сүлгімен жабу қажет, себебі пайдаланған зат тыныс алу жолына түссе ауа жетпей тұншығып, бас айналып, жүрек айнып, естен тану мүмкін.

Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...