Кенелер. Кене шаққанда не істеу керек?

Кенелер

Кенелер –олар неліктен қазір көп және неге жиі шағады?

Жылы және көктемнің ылғалды ауа райы кенелердің көбеюіне ықпал етеді, олардың белсенді уақыты маусым және шілде айлары. Ерте уақытта өмір сүрген адамдар өз жас кездерінде күзгі уақытқа дейін орманға барып жалаң аяқ жүріп ешқандай кене шақпағанын айтады. Олардың көбі шаққан кенені денесінен пинцет арқылы немесе қолымен алып шығып жүре берген. Ал қазіргі уақытта денеде табылған кенені құр қолмен алуға болмайтыны айтылады, ол үшін жіп алып кене денесіне жақын алып, түйіншектеп байлап, жоғары тартып денеден алып шығу керек. Кене шаққан жерді 70% спиртпен және йодпен өңдеп, қолды сабындап жуу қажет. Алып шыққан кенені тастауға болмайды, оны алып шыны флаконға салып, 4 күн ішінде лабораторияға беру қажет. Лабораторияда анализ жасап, энцефалит вирусы антигеніне тексереді. Барлық анализдер ақылы жүргізіледі. Ал кенелер қазіргі уақытта тым көбейіп және шаққан 80% адамдар қайтыс болады деген өтірік тұжырым, оны бизнесы кенеге қарсы вакцина және дәрілер шығаратын адамдардың ісі. Олар үшін кене үлкен пайда көзі, сондықтан ормандарда кенеден тазарту жұмыстарын жүргізбейді. Кенес одағы кезінде ормандарда толықтай «дустпен » тазарту жүргізіледі, ал казіргі кезде адамға токсикалық әсері болғандықтан жүргізілмейді. Бірақ, қазір балабақша, балалар лагері, демалу зоналарының маңында арнайы химиялық препараттармен жүргізіледі. Нәтижесінде ормандарда кенелер көбеюі де содан. Кенелердің көбеюінің тағы бір себебі қылқан жапырақты ормандардың жойылуы, орнына қайың, липа және массивті басқа ормандардың пайда болуы. Ағаштардан түскен жапырақтар тығыз жастық қабатын құрап кенелердің қыстауына жағдай жасалады. Биогеоценология ғалымдарының айтуы бойынша энцефалиттік кенелердің кенес одағы кезінде 2%, қазіргі кезде 40% дейін жоғарылаған. Қазір денесінде кенеге ұқсас жәндікті көрсе адамдар паникаға беріледі. Кенелердің әр түрлі трансмиссивті табиғи –ошақты ауруларға әкеледі:

Жыл сайын адамдар медициналық мекемелерге кене шағуы бойынша 8-11 мың адамдай қаралады, олардың 3 мың адамында кенелік энцефалит анықталады және 16% адамда летальды анықталады. Халық арасында кенелер бала мен әйел адамдарды ғана шағып мас адамдарға тимейді деген тұжырым бар. Бұл тұжырымдаманы нақтылайтын зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан барлық адамдар да сақтану шараларын орындауы қажет. Орманға бармас бұрын кездеге ашық түсті жеңі ұзын киім киген дұрыс, шалбарды аяқ киім ішіне салып киіну қажет. Орманнан келген соң адам үстін қарап, денеде орналасқан кенені жедел алып тастау қажет. Кене қоршаған ортада иіс сезу және сезіну арқылы 20 метр қашықтықта өз құрбанын табады. Егер оларға бұл иіс ұнаса дереу түрде соған қарай жылжиды. Жиі кене шөпте және ағаштың астыңғы қабаттарында отырады және жылжыған заттарға адам немесе малға екі аяғымен жабысып алады. Сосын жәндік сезіну арқылы құрбанын бағалайды, шағатын жер іздейді, және шағатын жер тапқанша кене сағаттар бойы жыбырлап іздеуі мүмкін. Кене шаққан кезде ешқандай ауырсыну болмайды.Сондықтан кене шаққан кезде адам ұзақ уақыт сезінбейді. Алғашқы көрінісі 2-3 сағаттан соң пайда болуы мүмкін. Оларға аяқ – қолдағы ауырсыну, ұйқышылдық, буындардың ауырсынуы, жарықтан қорқу. Клиникалық көрінісі кене санына байланысты. Кене шағуын қарт адамдар және созылмады аурулары бар, иммунды жеткіліксіздік бар жедел аурулармен адамдар ұшырайды. Кенелік энцефалит ауруынан сақтану үшін екпе жасалу қажет. Көбіне екпені ауыл шаруашылығында жұмыс жасайтын адамдарға жасалады. Заманауи екпенің эффективтілігі 95-97% құрайды.

Кенелерді жою шаралары

Кенелермен күресу шаралары 4 бағытта жасалады:

  1. Көп жылдық егістік жерлерді дамыту.
  2. Кеміргіштерді жою-дератизация
  3. Жануарларды акрацидтік препараттармен өңдеу-дезинцекция
  4. Адам тұратын жерлерді өңдеу.

Адамдар арасында кене шағуымен байланысты аурулар тіркелсе,ол аймақтарды гексахлоран,карбофос,трихлофос дустымен немесе суспензия,эмульсиясымен немесе аэрозольдармен залалсыздайды.Өңдеу ерте кқктемде жүргізіледі.Өңдеуден соң 20-25 күнге дейін мал жаюға болмайды.Жергілікті жер қолайлы болса өртеуге де болады.Үлкен аймақтарды ұшақпен өңдейді.Жануарлардағы кенелерді жою үшін 6 % гексохлоран дусты,1% карбофос немесе хлорофос эмульсиясын қолданады.

Кенелерден сақтану жолдары:

  1. Арнайы сақтандыру киімін кию қажет.Киім кең болмауы,балағы байланатын болу керек. Қара түсті киім болмайды,себебі кенелер көрінбей қалуы мүмкін.
  2. Репеленттерді киімге,теріге жағу,акрацидтік препарпттар қолдану.
  3. Әр 10-15 мин. сайын кенеге өз-өзін тексеру.
  4. Жұмыстан соң киімдерді мұқият тексеру
  5. Дем алыс орындарын, лагерлерді кенеге тексеру және мал жайылымдарынан қашықта орналастыру.
  6. Жиналған кенелерді керосин құйылған банкаға салып,өртеу.Қатты жабысқан кенелерді май немесе вазелин жағып алу және орнын йод немесе спиртпен өңдеу.
Материалды достарыңмен бөлісіңіз
comments powered by HyperComments
НашарОнша емесОрташаЖақсыТамаша (2 бағалар, орташа: 5,00 тен 5)
Загрузка...

Ұқсас материалдар ...